Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2426 0 пікір 18 Қараша, 2013 сағат 06:48

«Жолшыбай такси» қызметіне жүгіне береміз бе?

«Елімізде такси қызметін пайдаланушылар легі жылдан-жылға артып келе жатқандықтан, қазақстандық таксилер жұмысын халықаралық талапқа сай еткен жөн». Осылай деп мәлімдеме жасап отырған әлеуметтанушы мамандардың есебінше, қазірде Алматы, Астана тәрізді ірі қалаларда халықтың үштен екісі осы қызмет түріне жүгінетін болған. Бұл саладағы қызмет түрін жандандыру қажеттігін көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мырза да бірнеше мәрте айтып қалған-ды. Бұған қатысты кезінде Жұмағалиев мырза елдегі такси қызметіне қатысты «өркениетті елдердің денінде бұл қызмет түрі халықаралық талапқа сай, қауіпсіздік ережелерін сауатты қалыптастыра алған. Сондықтан бізге де осы межеден шығатын деңгейге жету керек» деген болатын.

Жалпы, халықаралық талапқа сай так­си қызметіне қойылатын міндеттемелер: қыра­ғылық және сыпайылық; көліктің қа­уіп­сіз болуы; тазалығы; техникалық бай­қаудан өтуі; сондай-ақ таксишінің кем деген­де 5 жыл көлік жүргізген тәжіри­бе­сінің болуы; тұрғындардың такси қызметі­не тапсырыстарын қабылдайтын диспетчер қызметінің болуы; көлікте таксометрдің орнатылуы және көліктердің түсі бірдей болуы қажет. Міне, халықаралық талап такси қызметіне осындай міндеттемелер жүктейді. Ал біздегі такси қызметі бұл үдеден шыға алып жүр ме? Қызмет құны мен сапасы бір-бірімен үйлесімділік тауып жатыр ма? Үйлесім таппаса, біз қашанғы «жолшыбай такси» қызметін місе тұтамыз?

«Тачанка», «пулемет» таксилер көбейген

Жалпы, мамандардың есебіне жүгін­сек, бүгінде бір ғана Алматы қаласы бо­йын­ша сөз етер болсақ, мұндағы арнайы ша­қыртумен қызмет атқаратын такси қыз­ме­тінің орташа құны 1000-1500 теңгенің ара­лығында. Қызмет күндізгі және түнгі болып бөлінеді. Мұндай таксилердің кептеліс саналатын уақыты күндізгі сағат 12 мен 14 сағат арасы болса, кешкі 17 са­ғат пен 19-ға дейін. Бір ескеретіні, бұл так­силерді шақыру үшін телефон шалсаңыз, қай­сыбірінің жарнамасы да «ұрып» тұр. Мы­салы, «тачка», «зеленый огонек», «та­чан­ка», «пролетка», «пулемет» тәрізді атау­лар­ды олардың жарнамасын тыңдап тұ­рып аракідік естіп қаласыз. «Қала тұр­ғын­дары да біздегі такси қызметінің са­п­а­сын осылай аңғаратын болған» деседі мамандар.

Меруерт МОЛДАБАЕВА әлеуметтанушы, «Нұр» тұтынушылардың құқын қорғау бір­лестігінің басшысы:

– Такси көліктерінің ішкі және сыртқы лас­тығынан, баратын жерге жол ақысын тым қымбаттатып айтатынынан, жолаушы­ны алып бара жатып, жолда тұрған адамды алып кететінінен әбден шаршаған тұрғын­дар бізге шағымданып жатады. Тіпті таксилер­ді телефон соғып шақырғанда уа­қытын­да келмейтіні, тым асығыс жүр­­­­ген­­­дік­­тен, жолаушының мазасы ке­тетін­дігі, жолаушы ірі ақша беріп тұрса, өзін­де ұсақ ақша жоқ екендігін айтып жо­лау­шының өзін ақшаны ұсатып келуге жұм­сауы тым әбестік екендігі халықаралық та­лап­та «тайға таңба басқандай» етіп көр­­сетілген. Жалпы, біздегі осы қызмет түрін­де жұмыс істейтін таксишілер мұның жауап­кершілігін сезіне бермейді. Біздің қала­мызда жүрген жүрістері тым асығыс «пу­лемет» таксилер көбейіп кетті. Ал мұ­ның арты жол-көлігі оқиғаларының орын алуына және басқа да жағдайларға әкеліп соқтырып жатады. Сондықтан біздегі таксишілердің қызмет көрсету деңгейіне бақылау қажет. Бұл қызмет түріне барғысы келетін мамандар арнайы қатаң сынақтардан өткені жөн.

Абзалында, мамандардың пайым­дауын­ша, таксилердің қызмет сапасын өсіру үшін оларға берілетін лицензия талаптарын қатайтқан жөн. Сонда бұл қызмет түрінің сапасы сәл де болса артпақ.

Жарнамаларының өзі күмәнді

Негізінде, байыптап көрсек, бұл қызмет түрінің құны бізде жыл сайын өсіп отырады. Бұған дейін таксишілердің қызметіне жү­гінгеніміз үшін 800-1000 теңге төлеп кел­сек, бүгінде телефон шалып арнайы ша­қыр­ту үшін 1000-1500-2000 теңгеге дейін ақы төлеуге тура келеді. «Бұдан соң өздері­не тұтынушы жинап алу үшін бұл кәсіп түрі­мен шұғылданып жүрген филиалдардың түрлі жарнамаларына құлақ салсаңыз, сол жарнамаларының өзі күмәнді» дейді ма­мандар. Мысалы, 158, 555, 999 тағы бас­қа нөмірлерді терсеңіз, әдеттегідей авто­мат­ты жарнамалар тиегі ағытылады. Сол жарнамалардың бір парасы былай тізбектеледі: бізге қоңырау шалу тегін; такси бағасы арзан; жолаушының жайсыз сезінбеуіне кепілдік береміз; әр шақыры­мына 70 теңге (есептеп көріңіз, шақыры­мы­на 70 теңге болғанда қандай ақы төлеу­ге тура келеді?); жас аналар үшін «авто-няня», яғни авто-бала күтушіміз бар; ішімдік ішпеген жүргізушіміз бар (!), ең күлкілісі де осы емес пе? (нақ осы жарнама рульге ішімдік ішіп алып жолаушы таситын таксишілердің барын нақтылай түсетіндей). Қысқасы, тізе берсек, мұндай жарнамалардан көз тұнады. Ал айналып келгенде, құнының қымбаттығын сөз етсек, олар техникалық қызмет көрсету, сақтан­ды­ру, жөндеу, жанар-жағармай қымбат бол­ған­дықтан, такси бизнесімен ай­на­лысып отырғандарға ауырлық түсіп отыр­ға­нын айтып ақталады. Такси бизнесімен ай­на­лысатын филиалдар осылай деп сыл­тау тізбелеп жатқанда, таксишілердің де айтар базынасы жетіп-артылады. Айталық, таксиші бір ауданда жүріп күніне 10 мың теңге тапса, оның 12 пайызын диспетчер қызметіне береді, тағы басқа қосалқы шығындарын есептегенде таксишілердің қолында сол тапқан 10 мыңның 25 пайызы қалады. Сондықтан да таксишілер «барын­ша асығыс, үлгерімді жылдамдатуға тыры­са­мыз» деседі...

Сапалы әрі арзан қызметтің ауылы алыс

Сөйтіп, бұл салада арзан, сапалы қыз­мет түріне жүгінудің ауылы әлі де алыстау екені бізге мәлім болған тәрізді. Демек, біз үшін тиімдісі – сол, жол жиегіне тұра қа­лып, «жолшыбай такси» тоқтатудан артығы болмай тұр. Ал, бұл ретте, мамандар сол «жолшыбай таксилердің» өзіне салық салу қажеттігін алға тартуда.

Тоғжан ШАЯХМЕТОВА, экономист-ғалым:

– Нақ қазір «жолшыбай таксилердің» тап­қан табысы да, істеген ісі де қомақты. Бір айта кетерлігі, бұл таксишілер арнайы салық төлемейді. Қала ішінде олардың өзіндік орнатып алған кезегі бар. Сол кезек арқылы жолаушыларын толтырып алады да, діттеген жеріне жеткізіп салады. Ал олар­ды арнайы бақылап отыратын диспет­чер­лер мүлде жоқ. Түсімдері айтарлықтай. Сондықтан, менің ойымша, осы «жолшыбай такси» қызметіне арнайы салық төлеуді енгізу қажет. Олар да арнайы тіркеуден өтіп, лицензия алып, түскен табысының 5 пайызын немесе 7 пайызын салық ретінде төлеп отырса, бір реттілік орнайтын еді. Сондай-ақ әлеуметтік такси желісін дамыта алсақ, осы арқылы халыққа дүкеннен азық-түлігін уақытында әкеліп беретін жү­йені жетілдіре алсақ, сондай-ақ мүгедек­тер­ге қызмет көрсететін таксилердің жұ­мысы алға басса оң болар еді. Жалпы, так­си қызметіне жүгіну кезінде баршылық­тың белгісі болса, қазір бұл –заман қа­жеттілігі. Алматы тұрғындарының үштен екісі қазірде осы қызмет түріне жүгінеді. Бұл саладағы арнайы салық түрі; қызмет көр­сету сапасы; қызмет құны белгілі бір өл­шем­мен үйлесімділік табуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, біздегі такси бизнесіне де мем­лекеттік бақылау керек.

Автор: Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ
"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2086
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2505
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2154
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1613