Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Аласапыран 1413 22 пікір 26 Ақпан, 2024 сағат 14:40

Украина бас тартпайды, Ресей шегінбейді...

Коллаж: dzen.ru

Ресей мен Украина арасындағы кең ауқымды соғыстың жүріп жатқанына үшінші жылға аяқ басты. Мәскеудің Қырымды аннексиялап алып, Украинаның шығыс аймақтарында қақтығыс тудырғанына он бірінші жыл болды.

Соғыстың үшінші жылы...

The Guardian газеті 2024 жылдың қаңтарында YouGov және Datapraxis әлеуметтану институттары Еуроодақтың 12 елінде жүргізген сауалнамаға сілтеме жасай отырып: «Батыста үмітсіздік күшейіп келеді – қазір әрбір бесінші еуропалық Ресейдің Украинаға қарсы соғыстағы жеңісін ықтимал деп санайды»,- деп жазды.

Киев НАТО-дан келген әскери көмек, егер кеми түсіп, Ресей әскерлерінің Авдиевканы басып алғаннан кейінгі алға ілгерілеуіне тойтарыс беруге мәжбүр болған Украина Қарулы Күштерінің соғыс қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтынына наразы болуда. Украина қорғанысындағы әлсіз нүктелерді бірден үш бағытта іздеуде орыс барлау: Запорожье облысындағы Роботино, Харьковтағы Купянск және Донецк облысындағы Часов Яр тұсындағы кем-кетікті таба алды.

Мәскеу кез келген оппозицияда тазарып қана қоймай, оларды астыртын бір-біріне айдап салуға көшті. Бюджеттің 40 % «арнайы операцияларға» жұмсалып, РФ әскери өндірісті ұлғайта алды. Өз әскерлерін оқ өтіне айдап, шығындарды есепке алмай, бір украиндық әскери қызметшіге бестен жетіге дейін құрбан етуге дейін барды.

Барлығы орыстардың өлген тірілгеніне қарамай соғысуынан шындап қорқады, Ресейліктер дәстүрлі түрде «әйелдер әлі босанып жатыр» дегенге имандай сенеді. Бірақ бұл шынымен де оңды ма?

Соғыс өту барысы өте нақты нәтижелермен бағаланатын қиында да, әдістемелік жұмыс. Атап айтсақ: он жыл бойы тікелей ресейлік-украиндық қақтығыс кезінде Мәскеу Украина аумағының тек 18 пайызын, соның ішінде Қырымды басып алып, жеке құрамнан, техникадан, авиациядан және Қара теңіз флотының төрттен бір бөлігін жоғалтты. Бұл Ресей-Украина соғысын бағалағанда естен шығармауға тиіс ақиқат.

Мұның ең дәл анықтамасын өткен жылы генерал-лейтенант дәрежесімен Бельгияның қорғаныс істері жөніндегі орынбасары ретінде отставкаға кеткен Марк Тис: «Соңғы дүниежүзілік соғыстарда 1916 және 1941-1942 жылдардағыдай екі жақтан да қайта құру және дайындық» деп берген болатын.

Яғни, Украина мен Батыстың өздерінің әскери әлеуетін арттырудағы бірлескен кешенді жұмысы және Ресейдің соғыста түбегейлі бетбұрыс жасау әрекеті, Украина Қарулы Күштері үшін өзіндік «Сталинград» саналатын 2024 жылға арналған бұл стратегия Украина үшін аса тиімді.

Әуе қорғанысы/зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін одан әрі жаңғырту, ұшқышсыз ұшақтарды өндіруді ұлғайту, F-16 жойғыштарының ұрыс алаңына келуі, артиллериялық снарядтарды біртіндеп толыққанды пайдалану, американдық ATACMS баллистикалық зымырандары және әртүрлі модификациядағы неміс «Таурус» қанатты зымырандары украиндықтарға белсенді қорғаныста ресейлік әскерлердің шабуыл қарқынын кеңінен өрістетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Кремльдің қанды елесі майдан даласын кезіп, егер олар шайқасқа тағы да жаяу әскерлер мен танктерді төксе, бәрі жақсы болады, табысқа жетеміз деп емексітті. Соғыстағы кез келген ресурс Мәскеу үшін шектеулі екенін түсінікті бола түсті, Киев 2025 жылға қарай әскери басымдыққа жететін болады. Негізінде, 2024 жыл экономика мен қаржы соғысы болады. Бір жағынан – ұжымдық Батыс, екінші жағынан – Ресей.
Бұл шарпысудың жеңімпазы алдын ала белгілі – ол бірақ Кремль емес. Әскери шығындардың бұрын-соңды болмаған ұлғаюы - әскери жалақы, оқ-дәрілер, танктер, ұшақтар және қаза тапқан және жараланған сарбаздарға өтемақы - Кремль мақтанғанды жақсы көретін санкциялар жағдайында ЖІӨ өсуінің негізгі қозғаушы күші болса керек.

Бірақ бұл ұзаққа созыла алмайды, ерте ме, кеш пе, «майдың орнына мылтық» саясаты түптеп келгенде жүйелі қаржылық-экономикалық дағдарысқа әкеп соқтырады. Қазір шамадан тыс оптимизмнің уақыты емес. Бірақ бұл пессимизм заманы да емес. Бұл 2024 жыл, соғыстың үшінші жылы, Киев пен ұжымдық Батыс көп жұмыс істеуге тура келеді. Сонда ғана Жеңіс болады.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 403
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 220
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 241
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 232