Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Арылу 1802 18 пікір 19 Ақпан, 2024 сағат 13:44

Қазақ жазуына жасалған Кеңестік қастандық

КСРО билігі Орталық Азия ұлттарын ұлттық әліпби қалыптасыруына алыстан ойластырған тосқауыл қоя білді.

Біріншісі – екі рет әліпби ауыстыртты. Екіншісі – түркі тіліне мүлдем қабыспайтын славяндық-латындық жазу және сөйлеу үрдісін күшпен орнықтырып, жалған бағытта ғылыми-лингвистикалық зерттеулер жасауға мәжбүрледі.

Соның нәтижесінде өзбек пен қазақ тілі түркі сингормонизмінен ажырады. Ң дыбысын айта алмайтын қара көздер қатары көбейіп, АТАҢ – АТАН, АПАҢ – АПАН болған күйге ұшырадық. Мысалы ана тілімізде орұн деудің орнына орын деп жазатын болдық.

Сонымен қазақ тілінде еріндік түркі сингормонизмі жазуда ескерілмейтіндіктен еріндік жұрнақтар мен жалғаулар көзден бұлбұл ұшты.

Және қазақ тіліне зорлықпен сөз басы мен соңында екі-үш дауыссыз қатар жазылып әм оқылатын дәстүр орнықты. Оған арналған ереже шығарылып, дауыссыз и мен у бірде дауысты, бірде дауыссыз дейтін орыс тілінің сөйлеу ерекшілігі берік енгізілді. Тіркеспейтін дауысты мен дауыссыз тіркесіп қолданылатын болды. Мысалы: гараж, грим, газет, донор т.б.

Латын жазуының үш нұсқасы бірінен кейін бірі ұсынылған сәтте былайғы жұрттың бәрі енді ю мен я-ны енді қалай жазамыз деген аңыста сөз қозғай бастады.

Біздің айтпағымыз бұрыннан бар донор мен жаңадан енген донер, дрон сөздері енген шақта терміншілер арасында дау-дамай туындады. Тілімізде негізінен ДОН деген тіркесім жоқ, тек ДӨҢ түріндегі дыбыстық қолданылыс бар. Донның жоқтығын ешкім елеп ескермей, ДӨҢӨР және ДҮРӨН деудің орысша жазылуының жалына жабысып келеміз.

Осы тірліктен арылу үшін тілшілердің тарапынан 28 төл дыбыстарымызға негізделген кірме сөз қабылдауда түркі ерін үндестігін қалыпына келтіретін кезі келген сияқты. Қазақ жазуына жасалған Кеңестік қастандықтан құтылудың жолын кірме сөздерді қабылдауда ел-жұрт болып іздестірейік.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

18 пікір