Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2725 0 пікір 5 Қараша, 2013 сағат 22:04

«ТРИУМФ» тұрғын үй кешені бес жылдың ішінде салынып бітеді

Ақтау қаласының 16 шағынауданындағы «Ақтау» сауда-көңіл көтеру кешенінің ауданында, бұрынғы ұлу тас карьерінің орнында «ТРИУМФ» тұрғын үй кешенін салу жобасы мен облыс орталығының 29 шағынауданында, «Нұр Плаза» қонақүйінің қарсы бетінде мейманханасы мен мейрамханасы бар бизнес орталығын салу жобасы қаралып, талқыланды

Ақтау қаласының 16 шағынауданындағы «Ақтау» сауда-көңіл көтеру кешенінің ауданында, бұрынғы ұлу тас карьерінің орнында «ТРИУМФ» тұрғын үй кешенін салу жобасы мен облыс орталығының 29 шағынауданында, «Нұр Плаза» қонақүйінің қарсы бетінде мейманханасы мен мейрамханасы бар бизнес орталығын салу жобасы қаралып, талқыланды

«ТРИУМФ» тұрғын үй кешенін салу жобасымен жобаның бас инженері Нұрболат Сейтен таныстырды. Жаңа кешенде 7 гектар ауданға эконом-кластағы 6 қабатты 17 тұрғын үй салынатын болады, мұнда барлығы 340 пәтер пайдаланылуға беріледі, тұрғын үйлердің әрбір қабатында Ақтау қаласы тұрғындары үшін 1,2,3 және 4 бөлмелі 4 пәтер салынады, пәтерлердің әрбір шаршы метрі тұрғындарға 1800 АҚШ долларынан астам нарықтық бағамен сатылады. Тұрғын үйлерде автокөліктер үшін жерастылық автотұрақтар мен үй жанындағы автотұрақтар болады.

Сонымен қатар жаңа ауданда бизнес орталығы, 500 орынға арналған мейрамхана және 100 балаға арналған балабақша салынады. Тұрғын үй кешенінде парк, гүл алаңдары мен скверлер жасалып, жаңа аудан қазіргі талаптарға сай көгалдандырылады.

Қазір «ТРИУМФ» тұрғын үй кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалу үстінде. Оның құрылыс жұмыстары алдағы жылдың көктемінде басталады. 2014 жылдың өзінде жоба бойынша екі тұрғын үй пайдаланылуға беріледі деп жоспарланып отыр.

 Жаңа кешен бес жылдың ішінде салынып бітеді.

Таныстыру барысында жобаның бас инженері Нұрболат Сейтен мен «ТРИУМФ» тұрғын үй кешенін салатын «HIGHWILL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Әлім Байқожаев кеңес мүшелерінің жобаға байланысты сауал-сұрақтарына жауап берді. 

 Облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесінің мүшелері жобаны жан-жақты талқылағаннан кейін тұрғын үй кешені жобасын іске асыруға қолдау білдірді.

 Сонымен қатар кеңесте құрылыс салушының өкілі Бақтияр Әлжанов Ақтау қаласының 29 шағынауданында мейманханасы мен мейрамханасы бар бизнес орталығын салу жобасымен таныстырды.

 Алайда жоба техникалық шарттар толық сақталмағандықтан кеңес мүшелерімен жетілдірілуге жіберілді

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар