Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 2382 1 пікір 9 Ақпан, 2024 сағат 17:15

Англияның тобына түспеген себебіміз...

Футболдан Қазақстан құрамасы кезекті Ұлттар лигасы жарысында «В» лигасының 3-тобына түсті. Қарсыластарымыз – Австрия, Норвегия және Словения.

Рас, жеребе барысында белгілі серб футболшысы А.Коларов төртінші қоржыннан (менен басқалардың айтуынша – «себеттен») «Қазақстан» деген жазуы бар қағазды екінші болып алып шықты. Яғни теледидар алдындағы жанкүйер қауым «біздің команда 2-топқа, яғни Англия, Финляндия, Ирландия құрамаларына түсті-ау» деп ойлады. Алайда...

Алайда комментаторымыздың өзі жеребе репортажы басында-ақ «Қазақстан Еуропадан сәл шалғайырақ жатқандықтан, 8 сағаттық айырмасы (ұшу қашықтығы жағынан-ау дедім) бар елдердің, яғни Англия, Уэльс, Ирландия, Исландия командаларының тек біреуімен ғана бір топқа түсе алады» деп түсіндірді. Ал В2 тобына Англия мен Ирландия қатар енді, яғни екеуімен бірдей түсе алмайтынымыз анық еді. Амал жоқ, бізді бір топ әрі жылжытты да, Қазақстан В3 тобында – Австрия, Норвегия, Словениямен ойнайтын болды. Өкініштісі, осының бәрін бізге репортаждың бас жағында түсіндіріп өткен комментатордың өзі соңында артық эмоцияға берілем деп, шатасып кетті)))

Жеребенің жалпы қорытындысы мынадай:

«А» ЛИГАСЫ

1-топ: Хорватия, Португалия, Польша, Шотландия

2-топ: Италия, Бельгия, Франция, Израиль

3-топ: Голландия, Венгрия, Германия, Босния

4-топ: Испания, Дания, Швейцария, Сербия

«В» ЛИГАСЫ

1-топ: Чехия, Украина, Албания, Грузия

2-топ: Англия, Финляндия, Ирландия, Грекия

3-топ: Австрия, Норвегия, Словения, Қазақстан

4-топ: Уэльс, Исландия, Черногория, Түркия

«С» ЛИГАСЫ:

1-топ: Швеция, Әзербайжан, Словакия, Эстония

2-топ: Румыния, Косово, Кипр, Литва/Гибралтар (қай жеңгені)

3-топ: Люксембург, Болгария, Солт.Ирландия, Беларусь

4-топ: Армения, Фарер аралдары, Солт.Македония, Латвия

«D» ЛИГАСЫ

1-топ: Литва/Гибралтар (жеңілгені), Сан-Марино, Лихтенштейн

2-топ: Молдова, Мальта, Андорра

Ойындар 2024 жылдың қыркүйек, қазан және қараша айларында өтеді.

Сәкен Сыбанбай

Abai.kz

1 пікір