Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 2343 5 пікір 9 Ақпан, 2024 сағат 17:12

Тілдік орта - диірмен

Өмір сүру аумағында қай тілдің "тасы ауыр" болса, сол тіл ондағы өзге тілдің бәрін ұнтайды.

Бізде Алматы, Павлодар, Қостанай, Өскемен, Петропавлда, одан кейін Астана мен Қарағанды қалаларында "орыс тілінің диірмен тасы" үлкендеу.

Сондықтан, бұл қалалар Қазақ тілі үшін "қауіпті орта" болып отыр...

Елімізде "тілдік бәсекелестік" те тең жағдайда емес.

Өндіріс пен бизнес орталықтарына айналған ірі "орыстілді" қалалар, экономикалық аутсайдерлік ортада орныққан қазақ тілі тасмалдаушыларын өздеріне шаңсорғыштай жұтып алып кетуде...

Бұған қарсы тұра алатын жалғыз күш бар, ол - ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ және ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ күшейту.

Тәңір жарылқасын, оның материалдық базасы барлық жерде бар және жеткілікті.

Алматыда да, Өскеменде де, Қостанайда да.

Жетіспейтіні - ҰЛТТЫҚ ЖІГЕР.

Оны қайрайтын "шарықтың" Мемлекеттің қолында тұрғаны - бір жағынан қуанышты, бір жағынан өкінішті...

Әбдірашит Бәкірұлының жазбасы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1188
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1080
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 816
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 946