Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 1515 27 пікір 5 Ақпан, 2024 сағат 16:19

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті!

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайылов бастаған Үкіметті отставкаға жіберді. 

Ақорда Жарлығында:

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған.

Abai.kz

27 пікір