Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Ғибырат 1796 6 пікір 26 Қаңтар, 2024 сағат 14:18

Қонаевпен кездескен үш сәт

Кеңес заманында кеуделерінен медаль мен орденге толтырған қарттар көп еді. Біз оларды заманның айтулы мерекелерінде жиі көруші едік. 

Олар көбі Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері болатын. Қан майданнан қайтқаннан кейінде майдангерлер бейбіт өмірге араласып, ауылдарын   өркендетуге, тұрмыстың жақсаруына үлестерін қосты. Еңбек ардагері де атанды. Солармен бірге тылда еңбек еткендерде кеңес үкіметі құлағанша  жылдың он екі айында еңбек етіп, қоғамға үлестерін қосты. Олардың еңбектері бағаланып, кеуделеріне медаль мен орденге толды. Бұл кез келген ұрпаққа еңбекті сүюді үйретті. Олар да осындай құрметке жетсек деп ойлайтын. Қазір сол бір ел құрметтеген соғыс ардагерлері берен-сараң болса, еңбек ардагерлері де аз. Олардың жастары сексеннен асып, тоқсанға таянған қарттар. Кеуделерін медаль мен ордендерге толтырып, еңбек арадагерлері деген атаққа ие.

Орден мен медаль ардагерлердің өткен өміріндегі еңбегінің өтеуіне берілген марапат екені рас. Оның қандай жолмен алғанын зерттей қалсаң, ерлікпен пара-пар еңбек жемісін көресін. Сондай жанның бірі - Алматы облысы Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданы Қайнар ауылының тұрғыны Болат Биманбетов қария. Ақсақал туралы ауылдастары «атақты комбайншы, техника тілін жетік білетін маман десе, ауданда ол кісіге жетер бірде-екілі комбайншы болған десе, Қонаевтың шапағаты тиген» деп әңгіме айтатындар бар. Шалғайдағы ауылдың комбайншысына Дінмұхамед Қонаев қандай көмек жасаған екен деген оймен қариямен жолығуды жөн көрдік. Жүзі жылы,  қызыл шырайлы, ақ сақалды, ірі денелі қария бізді көріп орнынан тұрып сәлемімізді алды. Әлі де қарттықты мойындай қоймаған қайраты бар сияқты.  Пейілінің кеңдімен біраз әңгімесінде айтты. Колхоз жұмысына 1956 жылы араласып, 1959 жылы Алматы облысы Түрген ауылындағы кәсіптік- техникалық училищенің тракторист, комбайнер мамандығын меңгеріпті. Жастығына қарамай колхоздың барлық жұмысынан қалмай араласқан. Ауылың өркендетуі мен гүлденуіне, тұрмыс тіршілікті жақсартуына үлесін қосқан. Әр іске жауапкершілікпен қарап, Кеңес өкіметі тарағанша дала кемесі атанған комбайнның тізінін ұстағанын мақтанышпен еске алады. 1996 жылы   зейнеткерлікке шыққан дейін комбайн жүргізіпті. «Еңбегімді ел құрметтейді. Қазір ауылдың бір үлкен қариясымын. Әр бесжылдықта оза шауып озат болдым. Адал еңбегімнің арқасында Қазақстанды басқарып тұрғанда Дінмұхамд Қонаевпен бір емес, үш рет кездескенмін. Ауданның алдыңғы қатарлы комбайншы болып, әр жыл сайын егін орағындағы көрсеткішім жоғары болды. Қазақстан Отанымызға миллиардтап астық құюды жоспарлағанда өз үлесімді қостым деп ойлаймын. Әр колхоз, совхоз егістік  көлемін ұлғайтып, егін шарауашылығымен айланысқанда, оны төкпей-шашпай жинаудың өзі абырой болғанына да тоқталды. Егін орағы басталғанда бар күш қайратын аямапты. Жастықтың жалындаған шағы, еңбекке деген ықыласым да жоғары болды дейді. Ораққа дайындық көктемде басталып, комбайнды дайындап қойып, егіс алқабында жайқалған егісті орудың өзі бір керемет. Жұмыс күні-түні тоқтамай ору, қамбаға астықтың тасымалдауы да ауыр жұмыс. Оның үстіне біздің жақ таулы болғандықтан ауа райы да құбылып тұратын тағы бар. Астық піскенше біздер облыстағы Іле, Қаскелең аудандарына комбайнмен екі күн жүріп,  орақтарына көмектесіп қайтқанбыз. Екі ауданның егіс алқабы жазық жерде. Тоқтаусыз жүреміз. Орақты бітіре салып, қайта қайтамыз. Міне, осындай күндерді бастан кешірдік. Еңбегім бағаланып, әртүрлі сыйлық та алып жүрдім. Озат болған соң, облыстық, республикалық үлкен жиындарға қатыстым. Алматыда өткен бір үлкен жиынында Қазақстанның басшысы Дінмұхамед Қонаев сөз сөйледі. Үзіліс кезінде елмен қол беріп амандасып, біз тұрған жерге аялдады. Бәрімізбен жете танысып, қайдан келгенімізді сұрады. Жүзінде жылық бар. Сөз арасында күліп, әрқайсымызбен өзінің тең тұсындай сөйлесті. Бір қызығы мен ол кісімен қатар тұрып қалыптым. Бойы мен дене пішімі мен қарайлас еңселі. Кеудесін тік ұстап сөйлеуі бәрімізге  ұнады. Әңгіме арасындағы әзілдеп сөзге тартады. Күлімдеген көздері мен жүзінде бір мейірімдіктің нұры төгілгендей болады. Бір сәтте маған бұрылып, «Бәрінің кеудесі жарқырап тұр. Сен әріптестерінен қалып қалған тәріздісің. «Бесжылдық жеңімпазы», «Социалистік жарыстың озаты», коммунистік еңбектің екпіндісі екенсің. Алайда үлкен марапат саған бұйырмаған ба, қалай?» деп бетіме күле қарағаны. Бұл сұраққа не дерімді білмей қалдым. Сұрағы қызық болғандай көрінді маған. «Марапат саған бұйырмаған ба қалай?» дегені әсер етті. «Сізге бір арызым бар еді» дедім. «Ол не арыз?» деген сұраулы кейпін білдіріп. «Әкем Кеңес өкіметін құруға қатысып, өзі туып өскен ауылда мойынсерікке төрағалық еткен. Мойынсерікті аудан бойынша  алға сүйреп, алғашқы бесжылдықта жақсы көрсеткішке жеткізіпті. Ауданда жиын болып, бес ауыз кеңес өкіметі жайлы сөз сөйлеген. Осы сөз әкеме  пәле болып, «өкіметті әжуа жасады, халық жауы» атанып сотталған. Сібірге айдалып, түрмеден қашқан. Ауылға қайтып келсе қайта сотталарын біліп, Қытайға кеткен. 1956 жылы өзінің туып өскен ауылына келді. Колхозда жұмыс жасады. Мен де жұмыс істеймін. Көрсеткішім жаман емес бірақ...» дегенімде, сөзімнің арғы жағын түсінген үлкен басшы «Аты жөнің қалай?» дегені. «Болат Биманбетов» деп едім, «Жақсы» деді. Осыдан кейін басқалармен де әңгімелесіп кетті. Қасымда тұрғандар ештеңе демеді. Мен болсам, «қап, бекер айттым» деп өкінгендей болдым. Ондағы ойым егін орағында алдыма жан салмайтын еңбегім бар, көрсеткіш жоғары, алайда  маған және өзім сияқтыларға коммунистік партияның ескі көзқарасымен  қырын қарайтыны кездерін кейде көріп қалатынмын. Қаншама еңбек етіп,    тер төксеңде бағаланбайтын. Әйтеуір бесжылдық озаты деген төсбелгісінен әр аспадым. Артымнан кейде «сотталған, Қытайға қашқан адамның, халық жауының баласы» деген сөз еретін. Сондықтан болар мемлекеттік   марапатқа лайық болмай жүргенбіз. Мен үлкен басшыға осыны айтайын деген ниет болған. Мұны республика басшысы түсінгендей болды. Алайда айтарымды айтып алған соң, басыма пәле тілеп алдым ба» деп ауылға келдім. Келе салып колхоздың жұмысына араласып кеттім. Араға бір ай салып, колхоздың төрағасы шақырып жатыр дегені. Бардым. «Сізді  ауданның бірінші хатшысы шақырып жатыр» дегені. «Неге шақырды екен? Өткендегі сөз жоғары жаққа ұнамаған шығар» деп ауданның бірінші хатшысының есігін имене аштым. Хатшы жылы шыраймен қарсы алды.  «Құттықтаймын! Құрметті Биманбетов сіз «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапаталдыңыз!» деп, қолымды алды да кеудеме орден тақты.  Қуанышым қойныма сыймады. Орден алғаныма ауылдағыларда «лайық» деп  қуанышыма қуаныш қосты. Орденді комбайнер атандым. Біраз уақыт өткеннен кейін бұл орденді Қонаев бергенін білдім. Менің барлық жылдардағы еңбек көрсеткішім мен жетістіктерімді тексертіпті. Осыдан кейін еңбегім бағаланып, медаль, орденге ие болдым. Бірде колхоздың төрағасы Рауан Әріпов шақырып: «Мәскеудегі  съезге барасыз» деп, Алматының әуежайынан ұшаққа отырғызды. Өмірімде бұрын соңды ұшаққа отырып көрмеген еді. Жайғасып отырғаным сол еді, қасыма ұзын бойлы, жүзі таныс жанның келіп отырғанына қайран қалдым. Амандасып жатырмын. Ол кісіде күле қарап: «Қалайсың, арызқойым?» демесі бар ма. Не дерімді білмедім де, «Жақсы» дедім. Бұл  сөз бұдан бірнеше жыл бұрын Қонаевпен кездескенде «арызым бар» еді деп, сөз бастағанда айтқаным. Соны ұмытпай есіме түсіріп күлгені. Мен ыңғайсызданып қалдым. Бір көрген адамын бірден танығанына қайран қалып, қатар отырдық. Ол кісі қал жағдайымды, жұмысымды сұрады.  Біз мінген ұшақ аспанға көтерілді. Аз уақыттан соң тамақ әкелді. Бұл да мен үшін таңсық. Көршім менің  жағдайымды бірден түсініп, ілтипаты көрсеті.  «Мәскеу біраз жер, тамақ ал» деп жатыр.  Бір кезде,  «Жол алыс, мынадан қалайсың?» деді де екі стақанға коньяк құйғызды. «Ұялма алып қой» дегені. Алып қоюға батылым жетпеді. Әдептілік сақтадым. Арақ-шарапты ішіп жүрген кезім болса да, үлкен кісіні сыйлап, алып қоюуға батылым жетпеді.  Үнсіз отыр едім «Алып қой, ұшақтағы тәртіп сондай» демесі бар ма. Неде болса да алдым. Бұдан кейін де бір-екі рет қайталап, Мәскеуге жеттік.  Әуежайдан бірге түстік. Ол кісі «Сен тұра тұр» деді де бізді қарсы алғандармен амандасып, қайтып келді. «Біз басқа жаққа барады екенбіз,  сендер бөлек барасыңдар» деп қоштасты. Съезд бітіп, Алматыға бірге  қайттық. Бұл жолы екеуміз бөлек отырыптық. Мен сол орнымда, ол кісі өзі отырған орынан басқа орынға жайғасты. Бірақ арамыз жақын. Бұл жолы да көңілді қайттық. Бір айта кетерім, ол кісінің мен сияқты қарапайым адаммен қарапайым тілмен сөйлеуі, әрі құрметтеуі бөлек екеніне риза болдым. Оның үстіне «арыз қой» деп әзілдеп, менімен әңгімелесуі өзімсінуі ғой деп ой түйдім. Үлкен басшының бойындағы ізетілік, қарапайымдылық жарасып тұр. Үлкен басшысы болса да қалың халықтың арасында солардың бірі болып жүру ол кісінің ұлылығы деп ойладым. Осы екі кездесуден кейін жұмысымды еселемесем, кері кетпедім. Еңбегім бағаланып, жоғары жақ құрметтегеннен кейін, жақсы табыстарға ұмтылдым. Соның бір сексенші жылдардың орта кезінде Шалкөде жайлауында ауданның ауылшаруашылығына байланысты үлкен жиын өтті. Мерекеге ауданың еңбек озаттары түгел қатысып,   Дінмұхамед Қонаев келді. Ол кісі мінген тікұшақ қонғанда біздер екі қатар тұрып қарсы алдық. Мен тікұшаққа жақын тұрдым. Есік ашылып сыртқа шыққан Қонаев бәрімен амандасты да, менің  бетіме тура қарап, қолымды алды. Танып тұр. Ауылшаруашылық мереке болған соң Қонаев сөз сөйлеп, ауданның алдыңғы қатарлы озаттарына өз қолымен сый-сияпат жасады.  Осы жолы ол кісі ауданда маған ғана су жаңа көк түсті «Москвич» көлігінің  кілтін сыйлады. «Құтты болсын, еңбектің зейнетін көр, лайықсың» дегендей ниетін білдірді. Бұл менің ұлы адаммен үшінші кездесуі еді. Сол көк «Москвичті» мен ширек ғасырдай міндім. Міне, дәуірдің ұлы адамы атанған Дінмұхамед Қонаевпен үш рет кездескенде ол кісінің әділдігі мен парасаттылығына риза болғанмын. Ол кісі маған қашанда қалың халықтың ішінде жарық жұлдыздай жарқырап көрінеді де тұрады.

Біз әңгіме еткен еңбек ардагері Болат Биманбетов қария екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Лениннің 100 жылдық мерейтойы, «Еңбектегі ерлі» және «Еңбек ардагері» деген медальдарымен марапаталыпты. Сондай-ақ 60- жылдардан кейінгі әр бесжылдық жеңмпазы, социалистік жарыстарың жеңімпазы деген төсбелгілерді де иленген екен.

Жексен Алпартегі,

Алматы облысы, Райымбек ауданы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар