Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3916 0 пікір 19 Қазан, 2013 сағат 14:42

Астық жинау аяқталды. Енді күнбағыс жинау басталды

Шемонайха ауданындағы Ново-Ильинка жұртының тірлігі осындағы «Ново-Ильинка» серіктестігімен тығыз байланысты. Биыл ауыл тұрғындарының көңілі тоқ. Олардың тұрақты жұмыс орнына айналған бұл шаруашылық егін орағы науқанын телегей табыспен аяқтап отыр.

Шекара шебіне таяу орналасқан Шемонайха ауданының жері құнарлы, алқабы шұрайлы екені рас. Өрісінде төрт түліктің барлығы бар. Ірі қара, жылқы, түйе ұстап, тауық фермасын құрып жатқан шаруашылықтар қатары жыл сайын көбейіп келеді.

Аудан аймақта егін шаруашылығы бойынша да көш басында келеді. Астық ору науқанын алдыңғылардың бірі болып аяқтаған бұл өңір қазір бидайдың түсімі жағынан Бородулиха, Глубокое, Зырян аудандарынан кейінгі орында тұр. Астық шығымы гектарынан орта есеппен 20-25 центнерден айналған.

– Біздің аудан бұдан да мол өнімді межелеген болатын. Аудан шаруашылықтары былтыр 1,5 млрд. теңгенің техникасын, оның ішінде 12 кешенді техника сатып алды. Егілген тұқымның 90 пайызы 1-2 сұрыпты құрады, өкінішке қарай жаңбырлы, салқын жаз астықтың бітік шығуына кедергісін келтірмей қойған жоқ. Бүгінгі күні ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары Новосібір ауыл шаруашылығы институтымен биотехнология бағытында бірлесе жұмыс істеп жатыр, – дейді аудан әкімі Амангелді Тоқтаров.

Маңдай терінің өтеуін көріп, Жер-Ананың ырыздығын төкпей-шашпай теріп алып, мерейлері үстем болып отырған аудандағы шаруашылықтардың бірі – «Ново- Ильинка» ЖШС.

Біз барған сәтте новоильинкалықтар жиналған дәнді қамбаға құйып алып, күнбағыс оруға қамданып жатыр екен. Қаздай тізілген серіктестіктің техникасы гүрілдеп, диқаншылар тағы бір қауырт шаруаға кірісуге даярлық жасауда. Түтіні түзу ұшып отырған шаруашылықта алдағы күні атқарылар бұдан басқа да шаруалар жетерлік.

Ең біріншісі әрі бастысы – жаздың жаңбырлы, салқын болғанына қарамастан, қалпағы дәнге толып, бітік шыққан күнба-ғысты қар түспей жинап алу. Күнбағыс 1050 гектар алқапқа егілген. Енді бірер күнде шалғы түседі.
Серіктестік бидаймен қоса арпадан да мол өнім алыпты. Бидайдың әр тоннасы қазір орта есеппен 28 мың теңге деп бағаланып жатса, шаруашылық 1200 гектардан түскен арпаның тоннасын 37 мың теңгеден сатып та үлгеріпті. Алматы облысының Текелі қаласындағы сыра зауыты ерекше сұрыпты арпаның мұндай түрін сыра өндірісі үшін айрықша қажет шикізаттың бірі ретінде қолданып келе жатқан көрінеді.

Серіктестіктің атқарушы директоры Әділхан Баяндинов шаруашылық жұмысы алған астықты тиімді бағамен өткізу, өнімді өңдеу, көктемгі егіске тұқым әзірлеу сияқты жыл он екі ай бойы жалғасып кете беретінін, өздерінің егістікті әртараптандыруға мән беріп отырғандығын, техникаларын жаңалап, егіс алқабын да ұлғайтып жатқандығын айтып, «Ново-Ильинка» ЖШС-нің болашақтағы жоспарларымен таныстырды.
Шаруашылықтың диқаншылары болса, биылғы күздің берекелі болғанын айтысты. Маусымдық жұмыстар кезінде жүзден астам адам жұмысқа алынады. Бәріне де еңбегіне қарай еңбекақы төленеді. Еңбеккерлерге жалақы төлеу көлемі жағынан аталған шаруашылық аудандағы өзге шаруашылықтардан көш ілгері болып, алғашқы бестікте тұр.

– Біз ұжым мүшелеріне еңбекақыны көңілдегідей етіп төлеуге басты мән береміз. Онсыз шаруашылықта жақсы маман да, тәжірибелі жұмысшы да тұрақтап тұра алмайды. Техниканы сатып алуға болады, ал жақсы кадрды сатып ала алмайсың. Табыстың 25-30 пайызы еңбекақыға бөлінеді. Енді міне, жыл сайынғы дәстүрге айналғандай озат механизаторлар мен жұмысшы, диқаншыларға сыйақы бермекпіз. Одан басқа да көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек, қолдаулар бар, – дейді Әділхан Баяндинов7.

Бүгінде ауыл шаруашылығы құрылым-дарына мемлекет тарапынан бөлініп отырған көмек, қолдаулар да аз емес. «Ново-Ильинка» ЖШС тек егін шаруашылығы саласы бойынша ғана биыл мемлекеттен жеті млн. теңге субсидия алыпты. Техниканы жаңалап, егістікке жаңа технологияны енгізгені үшін де қаржылай жәрдемдер алып келеді.
Шаруашылықтың биыл «Қазагроқаржы» АҚ арқылы лизингке сатып алған комбайнның жылдық пайыздық үстемесінің, яғни, 12 пайызының жеті пайызы субсидия есебінен жабылып отыр. Қостанайда құрастырылып шығарылған отандық комбайнның жалпы құны 25 млн. теңге тұрады. Шаруашылық айтарлықтай ірі болмаса да осындай қаржылай қолдаудың арқасында аса қажетті бесаспап техникаға қол жеткізген.

Биыл ново-ильинкалық диқаншылар көктемгі егіс жұмыстарын итальяндық соқалар, тұқым сепкіш техникалармен атқарып шықты. Өнімділігі қолданылып келе жатқан ескілерінен үш есеге артық мұндай техниканың саны қазір жетіге жетіп отыр.
«Ново-Ильинка» ЖШС 1996 жылы құрылыпты. Содан бері ауылдың тірегі болып келеді. Ауыл тұрғындарының барлығы дерлік осы жерде жұмыс істейді. Тұрғындарға отын-су жеткізіп беру, көмек көрсету, жол тазалау тәрізді ауылдың тірлігіне қатысты жұмыстардың бәрі осы шаруашылықтың мойнында. Сондықтан ауыл жұрты шаруашылықтың ертеңі жарқын, болашағы баянды болуын тілейді, соған сенеді. Саратов ауыл шаруашылығы техникумында техник – машина жөндеуші мамандығы бойынша білім алып, жастайынан еңбекке араласып, туған ауылын түлетіп келе жатқан Әділхан Оразалыұлы жерлестерімен бірлесе еңбек етіп, сол сенімді ақтап келеді.

Abai.kz

0 пікір