Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2702 0 пікір 13 Қазан, 2013 сағат 05:05

ШҚО: Қазақстандағы тұңғыш аймақтық коммуникация қызметі құрылды

Облыстық ақпараттық орталықта   БАҚ өкілдерімен кездесуді ашқан Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары Жақсылық Омар аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімдері ішінде алғашқы болып брифинг өткізгенін атап айтты. Республикалық қызмет үлгісінде Өскеменде аймақтық коммуникация қызметі құрылды. Енді облыс Әкімінің тапсырмасы бойынша елімізде тұңғыш рет қалалар мен аудандар әкімдерімен тұрақты ашық сұхбат алаңы өз ісіне кірісіп отыр.

Жақсылық Омар сонымен қатар, жиналғандарды Алматыдағы Шығыс Қазақстан күндері, ауыл жастарының тұңғыш халықаралық конгресі сияқты алда болатын іргелі іс-шаралар жайында да хабардар етті. Мұнымен қоса, брифинг модераторы аталмыш орталықта облыстық басқармалар жетекшілерінің қатысуымен 20-дан астам баспасөз конференциясы өткенін атап көрсетті. Брифинг қаланың тыныс-тіршілігін паш еткен көрмеден басталып, сұрақ-жауап түріндегі бетпе-бет сұхбат түрінде өрбіді.

Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов алғысөзінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қысқаша тоқталып, облыс орталығындағы оң өзгерістерді де санамалап шықты.

 Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1949
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2212
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1821
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1543