Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3611 0 пікір 29 Қазан, 2013 сағат 07:59

Қазақстанда дәрігерлер мен емделушілерге арналған алғашқы тегін мобильді қосымша пайда болды

Beeline  Қазақстандағы дәрігерлер мен емделушілерге арналған алғашқы тегін қосымша – мобильді «Dariger» қосымшасының жасалуы мен іске қосылуына қолдау көрсетті.

 «Dariger» негізі – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен барлық негізгі ауруларды анықтау және емдеу протоколдары. Осы қосымша негізге ала отырып жасалған аналар сайттарының пайдаланушыларының 90%-ы оның қазақтілді нұсқасына кіреді. «Dariger» қазақ және орыс тілдерінде жасалған және қажетті ақпаратты тілге және үлкен қалалардан қашықтығына қарамастан қолдануға мүмкіндік береді.                          

Beeline  Қазақстандағы дәрігерлер мен емделушілерге арналған алғашқы тегін қосымша – мобильді «Dariger» қосымшасының жасалуы мен іске қосылуына қолдау көрсетті.

 «Dariger» негізі – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен барлық негізгі ауруларды анықтау және емдеу протоколдары. Осы қосымша негізге ала отырып жасалған аналар сайттарының пайдаланушыларының 90%-ы оның қазақтілді нұсқасына кіреді. «Dariger» қазақ және орыс тілдерінде жасалған және қажетті ақпаратты тілге және үлкен қалалардан қашықтығына қарамастан қолдануға мүмкіндік береді.                          

««Dariger» қосымшасының арқасында дәрігерлердің күнделікті емдеу тәжірибелеріне емдеудің заңнамалық стандарттары кеңінен енгізілетін болады. Дәрігерлерде міндетті ақпаратқа тегін кіретін мүмкіндік болады, емдеу мекемелірінің әкімшілігінде - диагноз қою мен емдеудің нормативтік құжаттарына сәйкестігін бақылау мүмкіндігі болады, емделушілер медициналық қызметтер туралы хабардар болу деңгейін көтере алады. Мұндай жобалардың үлкен территориясы бар, халқы әртүрлі тығыздықта орналасқан, шалғай жатқан елді мекендері бар еліміз үшін маңызы зор.», - дейді Бейбіт Есенбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Электронды денсаулық сақтау жолдарын дамыту департаментінің директорының м.а.

«Dariger»– дәрігерлер мен болашақ дәрігерлер – студенттерге арналған. Кәсіби деңгейін көтеру мен дәрігерлік әрекеттерді өзбетінше атқаруға дайындығын арттырып жүрген жас мамандар мен студенттер үшін таптырмас көмекші болады. Beeline-ның арқасында тек қана медицина саласының мамандары ғана емес, сонымен қатар арнайы білім алғысы келген барлыққазақстандықтар да осы маңызды әрі қажетті ақпаратқа үнемі тегін қол жеткізе алады.», - дейді әлеуметтік қосымшаның жасаушысы болып табылатын «MedElement» компаниясынығ Бас директоры Виталий Ермоленко.

 «Компаниямыздың алдағы жоспарында «Beeline Telemedicine» деген үлкен әлеуметтік бағдарламаны іске қосу тұр. Телемедицина саласындағы жобалар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырады. Алдағы 2-3 жылда медициналық қосымшаны 30%-ға дейінгі смартфон иелері пайдаланатын болады, ал әртүрлі тетіктер (дене қызуын, қан қысымын өлшеу, қандағы қанттың деңгейі мен т.б.) кәдімгі қалыпты жағдай болады. Жаңа «Dariger» қосымшасын іске қосуға қолдау көрсету – бұл осы саладағы біздің алғашқы қадамымыз және біз Қазақстандағы осы бағытты дамыту жолындағы басқа да бастамаларға ықыласпен қолдау көрсететін боламыз.», - деп Beeline  Қазақстанның Корпоративті коммуникация директоры Алексей Бендзь өз ойын қосты.                                                                

 «Dariger» қосымшасы Android (2.1-ден жоғары) операциондық жүйесі бар смартфондар мен планшеттерге келеді және Google Play-дан жүктеп алуға болады.

***

Beeline Қазақстан телекоммуникациялық операторы  — мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  жалпытолқынды қол жеткізу технологиясының базасында интернетке қол жеткізу,  Wi-Fi және үшінші сатыдағы 3G  желісіне қосылу қызметтерін көрсететін еліміздегі бірден-бір әмбебап оператор.

2013 жылғы I жарты жылдың қорытындысы бойынша елімізде 8,8 миллионнан астам  абонент Beeline қызметін пайдаланады. Beeline Қазақстан компаниялар тобының құрамына - «КаР-Тел» ЖШС (Қазақстандағы Beeline және Beeline Business бренді), «2DayTelecom» ЖШС және «TNS Plus»ЖШС кіреді.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «VimpelCom Ltd»» халықаралық  телекоммуникациялық холдингі – абоненттер саны бойынша алтыншы орынды иеленетін компанияның құрамына кіреді.  2013 жылғы 30 маусымдағы көрсеткіш бойынша компания  215 млн. абонентке  қызмет көрсетеді.

***

Қосымша ақпараттар үшін Beeline Қазақстан компаниясының Қоғаммен байланыс қызметіне хабарласуға болады:

8 (727) 350-05-75 ішкі. 116-44, PR@beeline.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 537
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 279
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 307