Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3187 0 пікір 28 Қазан, 2013 сағат 08:39

«Гүржі арманы» орындалды

Гүржі елінде болып өткен президент сайлауының қортындысы әлі нақтыланбасада коалициялық үкіметтің үміткері Георгий Маргвелашвилидің жеңісін жақтастары тойлауға кірісіп кетті. Маргвелашвили шынында жеңіске жеткен сияқты, өйткені ол электорат тарапынан 68% дауыс алған көрінеді. Сөйтіп «Гүржі арманы» партиясы билікке келуде.

Ал, «Гүржі арманына» жол берген Саакашвили мен  Саакашвилидің «Ұлттық бірлік қозғалысы» атты партиясы жеңілістерін мойындап, саясаттағы бәсекелестеріне сәттілік тіледі. «Гүржі жұрты өзінің президентін таңдады. Сол үшін сайлаушыларға алғыс айтамын», - деді Совет өкіметінің «шекпенінен шыққан» елге бостандық пен еркіндік алып келген мемлекетшіл тұлға Михаил Саакашвили. Елдің ендігі президенті болса,  алғысын алдымен «Гүржі арманы» партиясының жетекшісі, премьер-министр – Бидзин Иванишилиге жаудырды. «Мен үшін әрдайым құрметті әм беделді адам – Бидзин Иванишилиге рахмет. Ол былтырғы жеңісті де, биылғы жеңісті де қамтамасыз ете алды», - деді. Георгий Маргвелашвили өзінің партиядағы серіктестеріне де ризашылығын білдіріп: «Біздің бәрімізді отанға деген  сүйспеншілік біріктірді», - деп ағынан жарылды.

Отанды сүю – саясатта аса жаупкершілікті іс.  Георгий Маргвелашвили партияластарының ойындағы гүржі арманын ғана іске асыра ма, әлде жалпы гүржі халқының тілегі мен талабын асқақтатып, көптің үмітін ақтай ма, оны алдағы уақыт көрсетеді. Біз Маргвелашвили мырзаның да Саакашвили сияқты ТМД-ның түңілігін түріп тастап, кең-жарық дүниеге ұмтылғанын қалаймыз. Өйткені гүржі халқы Саакашвили билігіндегі аз жылдың ауанында шынайы тәуелсіздіктің ауасын жұтып үйренді. Мына жалпақ жалғанда орыс ойынан да озық ойлар барын, Ресейден де мықты мемлекеттердің барын, ол мемлекеттермен тең дәрежеде араласып-құраласуға болатындығын бек түсінді. Тіпті қажет болса, тобылғы бітпес тобықтай жер үшін тайсалмай табан тіреп, күш сынасудың да талабын рухымен ұқты. Вахтанг Кикабидзе сияқты ардақтыларының қадіріне жетті (естеріңізге сала кеткеніміз жөн, Вахтанг Кикабидзе Гүржі-Ресей қақтығысы кезінде Путин ұсынған сөлкебай-сыйлықтан бас тартып, 2008 жылдың көктемінде туған жұртына біржола қайтып оралған-ды. Ал біздің Ермек Серкебаев атамыз бен Бибигүл Төлгенова әжеміз,т.б. ел алдына шыға қалса,  әлі күнге СССР-дің әншісі болғандығын міндетті түрде атап өтуді бұйырады). Гүржі экономикасы да қарқын алды. ТМД көсемдерінің миы жетпей жүрген коррупция да аталған елде атымен жоғалды. Бюрократияның бүйірі тесілді. Енді осындай елдің арманына жетіп, мұрат-мақсатының қасыл болғанын тілеуден басқа біздің қолдан әзірге не келеді?.. Армандарың орындала берсін, гүржі елі!

Редакциядан: Георгий Маргвелашвили 1969 жылы 4 қыркүйекте бұрынғы партия қызметкерінің отбасында дүниеге келген. 1992 жылы Тблиси мемлекеттік университетінің философия-психология факультетін бітірген.   Философия ғылымдарының докторы. Елдегі саяси істерге араласқанға дейін ол туристік компанияларда қызмет атқарған. Ғылыммен шұғылданған. 
 2012 жылы Георгий Маргвелашвили Бидзин Иванишили үкіметінің құрамына еніп, Білім министрінің орынбасары болды.
2013 жылы  Георгий Маргвелашвили гүржі үкіметі басшысының орынбасары, яғни вице-премьер лауазымына тағайындалды. Георгий Маргвелашвили ана тілі - гүржі тілін сүйеді. Үлкен саясатта ол Саакашвилидің мұрагері іспетті:  АҚШ-қа, Батыс Еуропаға жақындай түсуді қалайды. «Гүржі мемлекеті алдағы жылдары Еуроодақтың құрамынан табылуы керек», - дейді ол.

Abai.kz   

0 пікір