Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3312 0 пікір 21 Қазан, 2013 сағат 04:54

Баспасөз мәслихаты: «Көш керуені кері бұрылмасын»

Ертең Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында сағат 14:30-да «Көш керуені кері бұрылмасын» деген атпен баспасөз мәслихаты өтеді. «Көші-қон заңына» енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты өткізіліп жатқан бұл жиынға Мұхтар Шаханов, Қабдеш Жұмаділов, Зардыхан Қинаят, Асылы Осман, Смағұл Елубай, Рақым Айып бастаған қоғам қайраткерлері қатыспақ. 

Естеріңізде болса, аталған заңды халық қалаулылары топтасқан Мәжіліс пен Сенат бір ауыздан мақұлдап, Елбасының қол қоюына жіберген. Егер Елбасы бұл өзгерістер мен толықтыруларға бас изесе, "Қазақ көші" мүлдем тоқыруға бет алады. Өйткені шетелден келетін этникалық қазақтардың мәртбесі жат жұрттықтармен теңестіріліп, Қазақстан азаматтығы Атажұртқа оралған соң тек 5 жылдан кейін ғана берілетін болады. Ешқандай құжатсыз 5 жыл өмір сүру кез келген адамның қолынан келмейді. Яғни Елбасы өзі мұрындық болған "Қазақ көшіне" осылайша нүкте қойылады. 

Бұл Заң Елбасы қарауына жіберілгеннен бастап Қазақ зиялылары айтуындай айтып, жазуындай жазып келеді. Ендігі жалғыз үміт - "Ұлт көшбасшысында". 

Abai.kz

0 пікір