Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3311 0 пікір 21 Қазан, 2013 сағат 09:44

Интернет-конференция: Рақым Айыпұлы

«Атажұртты бетке алып көш келеді». Жақында ғана баспадан шыққан бұл кітаптың авторы -  Рақым Айыпұлы. Тәуелсіздік жылдарынан бері елге оралған қандастардың саны 1 миллионнан асты. Содан бері де «Көш мәселесі» қазақ баспасөзінің бас тақырыбынан түскен жоқ. Тіпті, соңғы жылдары «Қазақ көші» тоқырап бара жатыр деуге де болады. Егер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Көші-қон» туралы Заңға соңғы енгізілген түзетулер мен өзгерістерге қол қойып жіберсе, қандастарымыздың мәртебесі миграция толқынымен келіп-кетіп жатқан көшпен  теңесіп, Қазақстан азаматтығын алу үшін 5 жыл уақыт шегінде күтуіне тура келетін болады. Сонда дейміз-ау, Қазақстан азаматтығын алу дүниені аласапыранға түсірген қиын-қыстау заманда алыс-жақын жұртты мекендеп қалған ағайын үшін  5 жылға кейінге шегерілсе, қалай болады? Қазақ диаспорасы жайлаған елдің заң-зәкүні қандай?  Біз осы және өзгеде сұрақтар төңірегінде  тәуелсіздіктің алғашы жылдарынан бері көш мәселесіне қалам тербеп келе жатқан Рақым Айыпұлын "Қамшы" ( qamshy.kz ) порталымен бірлесе отырып, интернет-конференцияға шақырып отырмыз. Қояр сұрақтарыңыз, бөлісер ойларыңыз болса, мархабат!

Abai.kz

0 пікір