Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3614 0 пікір 21 Қазан, 2013 сағат 04:44

Сириядағы "Қазбат"

Өткен аптаның соңында ғаламторда жарияланған «қазақ жихадшылары» туралы видео біраз жұрттың жағасын ұстатты. 150-дей қазақ бала-шағасымен Cирияда соғысып жүр екен. Мақсаттары біздегідей тірі адамның көзіне түсу емес, Алланың көзіне түсу. Жұмаққа сол үшін асығады-мыс.
Есеріңізде болса, Қазақстанда етек алған «жихдаизм» туралы мақалалар порталымызда жиі жарияланып тұрды. Соның бірі Мұхан Исаханның «Сириядағы соғысқа 40 бала жихад деп аттаныпты»( http://old.abai.kz/content/mykan-isakhan-siriyadagy-sogyska-40-bala-zhikhad-dep-attanypty) деген мақаласы оқырман қауымды қалың ойға қалдырып, әрқилы пікір тудырып еді. Кейбір оқырмандар мұндай ақпаратты таратудың қажеті жоқтығын, оны қоғам назарына ұсынудың қауіпті екендігін айтып қарсы пікір білдірген. Енді, міне, 40-тың соңынан 150 қазақтың қарасы көрінді...
Мұндай сұмдықты қарап отырып жаның түршігеді: мыналар дін жолындағы жандар емес, өлімді мақсат етіп, содан шарапат күткендер. Бірақ бұларды мұндай күйге түсірген жай ғана идеология емес сияқты. 20-40 жас арасындағы қылшылдаған қазақ азаматтары не үшін өз жерінен, өз елінен жеріп,  басын өлімге тігіп отыр? Әлде өз Отанынан күш-жігерін жұмсайтын тиісті орын таппады ма?  

  Қан майданның ішінде жүрген қазақ балаларын көргенде "оларды елден елеусіз етіп шығарып жіберген кім?",  "Төлқұжатын, визасын кімдер  дайындап берген?" деп келетін сұрақтар көлденеңдейді.

Abai.kz

0 пікір