Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2415 0 пікір 12 Қазан, 2013 сағат 05:05

Сенімді энергияның серігі жаңаланған жабдықтар

«Маңғыстау электр энергиясын бөлу компаниясы» акционерлік қоғамында халық арасына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында инвестициялық жобаларды іске асыру мен негізгі құрал-жабдықтарды жаңғырту мәселелері туралы баспасөз мәжілісі өтті. Ұйымдастырушылар журналистер алдында «Маңғыстау электр энергиясын бөлу компаниясы» АҚ-тың инвестициялық бағдарламаларын іске асыруы, негізгі құрал-жабдықтарын жаңғырту жөніндегі жұмыстарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудан алынған тиімділіктерді кеңінен көрсетуді, тұрғындарды тарифтердің өсімінен алынатын қаражаттың мақсатты пайдаланылып отырғандығы туралы хабардар ету және табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық шығындарды азайтуға бағытталған шараларымен таныстыруды мақсат етті.
«Маңғыстау электр энергиясын бөлу компаниясы» АҚ  электр энергиясын «МАЭК-Қазатомөнеркəсіп» ЖШС-нан тұтынушыларға тасымалдаумен айналысатын отандық компания. Оның қызметі «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Бұл акционерлік қоғам табиғи монополиялар субъектілерінің арасында Қазақстанның қор нарығында облигациялық займдарды тарту жолымен инвестициялық бағдарламаларын іске асыруды қаржыландырудың баламалы əдістерін қабылдаған бірден-бір ашық компания болып табылады.

 Электр энергетикасы кешені ел эко¬номикасының басым секторларының бірі. Маңғыстау облысы  Қазақстандағы қар¬қынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Облыстағы көптеген мұнай жəне газ өндіру компанияларының дамуы облыс инфрақұрылымының өркендеуіне, соның ішінде электр энергетикасының дамуына тікелей байланысты,  деген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті директорының міндетін атқарушы А.Оңаев тарифтік саясат жөніндегі салалық бағдарламаға сəйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігімен 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңа ынталандырмалы реттеу əдісі-тарифтер бел¬гілеу үшін салыстырмалы талдау əдісі тə¬жірибеге енгізілгендігін, аталмыш ба¬ғ¬¬¬дарлама шеңберінде энергетикалық сектордың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететін «инвестицияға тариф» саясаты қарастырылғандығына тоқталды.
Кəсіпорынның 2016 жылға арналған энергия желілерінің жеткілікті өткізгіштігі мен тұтынушыларды сенімді электрлік жаб¬дықтаумен қамтамасыз ету, нормативтік шығындар деңгейін төмендету, электрлік қуат резерві есебінен энергия тапшылығын толық көлемде жою мақсатындағы инвестициялық бағдарламасы аясындағы жұмыстары ортаға салынды. Бағдарламаның негізгі жобалары ретінде Қаражанбас кен орнында тораптық электр энергиясын бөлу қосалқы стансасында 1х125 МВА автотрансформаторлы Ақтау-Қаражанбас 220 кВ электр беру желісі мен Өзен мұнай кəсіпшілігі кен орындарында 1х250 МВА автотрансформаторлы Ақтау-Өзен 220 кВ электр беру желісін салу, трансформаторлары мен АС, А теміралюмийнді желілерін СИП энергия тасымалдайтын оқшауланған желілерімен ауыстыра отырып, 6-10 жəне 0,4 желілерін қайта құрылымдау, телемеханика мен телеөлшеулерді енгізе отырып, «Маңғыстау электр энергиясын бөлу компаниясы» акционерлік қоғамының 6-10/0,4 кВ желілерінде энергия ресурстарын бақылау мен есептеудің автоматтандырылған жүйесі жөніндегі жобаны іске асыру, аймақтық диспетчерлік орталық салу, техникалық қайта жарақтану жəне негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер сатып алу, ОД/КЗ-110 кВ бөлгіш-қысқа тұйықтағыштарын қосалқы стансаларға ауыстыру жұмыстары жоспарланған.
Қазіргі таңда жобалар бойынша бірқатар нүктелерде сыртқа орнатылатын кешенді электр бөлу қондырғыларын блокті кусталық сораптық стансаларына жаңғырту жұмыстары іске асырылды, құжаттары реттеліп жатқан шаруалар да жоқ емес. Баспасөз мәжілісін өткізген АҚ өкілдерінің айтуынша, келешекте «Маңғыстау электр энергиясын бөлу компания¬сы» АҚ облысымыздың ішкі қажеттіліктерін электр энергиясымен сенімді және тұрақты қамтамасыз ету, энергетикалық қауіпсіздігін сақтау, эко¬номикалық өсімге қол жеткізу үшін энергетикалық база жасау мақсатында инвес¬тициялық тартымдылығын арттырып, заманауи жоғары тиімді технологиялық шешімдерді батыл енгізбек. Жылдан-жылға төсінде өндірісі түлеп, тұрғындар саны артқан, электр энергиясын тұтыну көлемі ұлғайған өңір үшін бұл, әрине, басты қажеттіліктердің бірі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2187
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2496
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679