Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2989 0 пікір 8 Қазан, 2013 сағат 05:05

Алыптар шықты айқасқа

Маңғыстау облысының орталығы  Ақтау қаласында Қазақстандағы ең күшті адамдарды анықтауға арналған айрықша турнир болып өтті. Бұл туралы «Тумба.кз» порталы хабарлады.
Спорт тілінде «стронгэн» деп аталатын бұл жарысқа Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Алматы және Астана қалаларынан келген алыптар қатысты. Қара күштің қарымын танытатын сайыста олар бірнеше кезеңнен тұратын сынақтардан өтті.Ең үздік стромэн атағын жеңіп алуға үміткерлерге алты кезеңнен тұратын сайыс ұсынылды.
Күштілердің бәсекесіне Маңғыстау облысы бодибилдинг және фитнес федерациясының президенті Анатолий Жданов, украиналық Владимир Рекша, атыраулық Сергей Передистый қазылық жасады.
Спортшылар негізгі бәсекеге дейін армрестлинг, яғни қол күресі бойынша бір-бірлерін сынап көрді. Содан соң салмағы 320 кг болатын үлкен шинаны алты мәрте аударып тастау бойынша күш сынасты. Келесі кезекте әрбірінің салмағы 820 кг болатын екі қапты 20 метр қашыққа тоқтамастан алып бару бәсін бастан кешірді. Мұның бәрінде уақыт та есептелді. Олардың қорытындысында жас пері Дмитрий Наранов   бәрінен артық көрінді.

Сайысшылар бұдан соң бөрене көтеруден және «фермердің шабаданын» алып жүруден шамаларын байқатты. Бұлардың алдыңғысы түсінікті, ал екіншісі әрбірі 120 кило келетін темір жәшікті 40 метрге тездетіп апаруды мегзейді. Осылардың соңынан «иінағашты» алмастыру жаттығуы орындалды. Бұларда да ещкім Д.Нарановтың алдына түсе алған жоқ. Ал иінағаш деп отырғаны - салмағы 320 кг болатын белтемір. Оны иықта ойнатып, 20 метр жерге жүгіріп бару керек. Мұнда да Д.Наранов алда болды. Оған әлгіндегі қашықтықты алу үшін 10 секунд жетіп жатты. Ал ең соңынан 250 килолық әткеншекті айналдыру сайысы күтіп тұрды. Оны Дмитрий Еськов  үш, Роман Кушьянов  бес, ал Дмитрий Наранов сегіз рет айналдырды.
Сонымен, қорытындыда Дмитрий Нарановтың жеңімпаз атанғаны ешкімнің күмәнін тудырмады. Екінші орынға Роман Кушьянов шықса, үшінші бекетке Андрей Пивовар орналасты.
Мұның арғы жағындағы орындар былай бөліске түсті:
4 - Алексей Писаревский, 5- Мақсат Ақшуақов, 6  Дмитрий Еськов, 7  Арыслан Сүйіншәлиев, 8  Марат Досанов, 9  Артур Сапарниязов.
Енді бас жүлдегер Д.Наранов туралы бірер сөз. Оның бұл салаға келгеніне 9 жыл болыпты. Мақсаты арықтау болған. Сәл кейін күш экстриміне ауысқан. Былтыр осындай сайысқа бірінші рет келіп, үшінші болған екен. Сондай-ақ өткен жылы стронгмэн бойынша әлемдік жарысқа қатысып, планетаның 12-ші күшті адамы атаныпты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы және ақшалай сыйлықтар берілді.
Міне, Қазақстанның Маңғыстауда анықталған қазіргі заманғы алыптары осылар.
Сұлтан Бозайғыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1968
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2316
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1897
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1560