Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2677 0 пікір 16 Қазан, 2013 сағат 10:59

Азамат Ақылбеков. Педофильдерді қайтеміз?

...Түс кезі. Автобус аялдамасында қараң-құраң молдау екенін көргендіктен, барынша ақырындатып, жүріп келем.

Жол жиегінде кішкене қыз барынша жүгіріп барады. Басында аппақ бантик, аяғында тізесіне жететін ақ шұлық. Үстіндегі ақ кеудешесі мен қара юбкасы қандай жарасымды!

Осыдан 40 жыл бұрынғы мектептегі кездерім, құрбы-құрдастарды еске түсіріп, көкірегім шым еткендей болды. Күн де жарқыраған ашық, ақындар жырлағандай нағыз мамыражай - Алтын Күз! Қайран, көк дөненнен жүйрік көңіл-ай десеңші!

...Әттеген-ай, қыз бір 25-30 метрдей қалғанында автобуста ырғалып қозғалып кеткені. Бәрін көріп келем, қыздың жете алмай қалғанын да көріп келемін.

Тереземді ашып: -Қызым, автобусқа жете алмай қалдың ба? Сабаққа бара жатырсың ғой, кел отыра ғой, қазір қуып жетіп, келесі аялдамадан салып жіберейін...- деймін.

Еліктің лағындай үрке қарады. Жүгіргеннен болар, танауы делдиіп кетіпті, мұрнының аздаған секпілдері шым-шым терлеңкіреген. Шынашақтай ғана қара-сұр, қарақат көздері жәудіреген, кетік тістерінің орыны көрініп тұрған, бір керемет сәби!

Есікке жақындай бере, кілт тоқтап: - Жо-оқ, бөтен адамдардың машинасына отыруға болмайды, қазір зорлықшылар көп...- дегені.

Аузыма құм құйылғандай болып, әрең-әрең: - М, м-м. Иә, иә дұрыс айтасың қызым...- дегенді зорға айтқандай болып жүре бердім.

...Аяқ-қолдарым дірілдеп қоя берді, біраз жерге барып тоқтауға мәжбүр болдым....

Құдайым-ау, бұл не сұмдық болғаны! Қандай хайуандар десеңші осындай бейкүнә, бүлдіршіндерге қол көтеретіндей! Бұл не масқара, естімегенді еститіндей соншалықты не жаздық десеңші! Хайуаным не айтып отырған, хайуан екеш хайуандар да баласын қорғап өледі емес пе! Ендеше осындай нәрестелерді қорлайтындардың хайуаннан да төмен сатыда тұрған, азғын болғаны ғой! Ондайларды адам деуге ауыз барады ма!

...Бала адамның бауыр еті деген елдің ұрпағы емес пе едік! Баласы жат жұрттық болып кетпесін деп, әмеңгерлік заңын ойлап тапқан, дүниені дүр сілкіндірген түркілердің ұрпағы емес пе едік! Сонау ашаршылық-жаугершілік замандарда артымнан бір ұрпақ қалсыншы деп, өздерін құрбан етіп, баласын қара қазанның астына тығып кеткен қазақтың ұрпағы емес пе едік! Енді кім болғанымыз ба, әлде не болғанымыз ба? Не істеу керек...

Қай-қайдағы, әлдебір сұмырайлардың кесірінен өз болашағымызға балта шауып, сондай сұрқиялар үшін келер ұрпағымыздың алдында адамзатқа ғана тән, ең үлкен ғаламат ұғым - Сенімнен айрылғанымыз ба сонда...

...Әлдеқайдан күздің бір құйыны үйіріліп кеп соғып кеткені. Алтын жапырақтарды ұшырып алып кетіп, машинамның ішіне шіріген шөп-шаламды толырып-ақ тастады. Ашық аспан бір сәтте түнеріп ала жөнелді...  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1862
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1900
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1600
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1465