Жексенбі, 28 Сәуір 2024
46 - сөз 2337 2 пікір 3 Қаңтар, 2024 сағат 15:03

Ұлу - бөрі басты, жылан денелі қасиетті аң

Түркілердің жыл есебі бойынша енді келетін жыл Ұлу жылы болмақ. Он Екі Мүшелдік жыл санау Орхон ескерткіштерінде кеңінен кезігеді, ата-бабаларымыз мүшел жыл санауы бойынша тарихи уақиғаларды хатқа түсірген:

күсгі (тышқан), ұд (сйыр), барс, табысхан (қоян), үлүй немесе ұлу, жылан, юнт (ат), қон (қой), бічін (маймыл), тақіғұ (тауық), ит, лағзын (доңыз).

Ұлу десе көз алдымызға өрмелеп жүрген құрт тәріздес жануар келеді. Олай емес.

Ежелгі түркілерде Ұлу бөрі басты, жылан денелі қасиетті аңды меңзейді. Оның нақышы Түркі ескерткіштерінің үстіңгі жағына қашалған

(төмендегі сурет: үстіңгісі Сұябтан табылған түркі ескерткішінің сынығы; астыңғысы Қарабалғасұн ескерткішінің сынығы).

Ол көк бөрінің символы, Көк Тәңірге қатысты аң. Осыдан “ұлу” деген етістік жасалды: "қасқыр ұлыды"; "ішінде ит ұлып (өліп емес) жатыр", т.б.

Қазақ тілінде қасқырдың неше түрлі жанама аты бар: итқұс, көкжал, бөрі, көксерек, т.б. Ата-бабаларымыздың қасқырды кие тұтқаны тегін емес. Осы аңның қытайша баламасы "лун", айдаһар деген мағынада. Ал қытай айдаһарының шығу тегі қазірге дейін шешімін таппаған мәселе: оны әртүрлі аңға жориды.

Адамзат тарихындағы хатқа түскен, кемелденген Он Екі Мүшелдік жыл санау Көк Түріктерден бастау алады, ол қытайлық жыл санаудан өзгеше, тіпті кей аңдар қытайлық жыл санаумен сәйкеспейді.

фото: ашық дереккөзден

Нұрлан Кенжеахмет,
тарихшы, профессор

Abai.kz 

2 пікір