Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2543 0 пікір 11 Қазан, 2013 сағат 05:45

Мәжіліс депутаты Өмірзақов халықтық ІРО бағдарламасына жоғары баға берді

«Самұрық-Қазына» - Қазақстанның негізгі ұлттық локомотиві. Мұндай пікірді қордың 5 жылдағы қызмет қорытындысына бағасын берген Мәжіліс депутаты Өмірзақов айтты.
Мәжілісменнің сөзіне қарағанда, мемлекеттік қор жұмысының тиімділігін айқындайтын дәлелдің бірі «Халықтық ІРО» бағдарламасы болып табылады.
«Аталған шараның маңыздылығы сонда, халықтың өз кәсіпорындарына сенімі күшейіп, тиісті отандық кәсіпорындарға тең құрылтайшы атануда. Менің ойымша, ұлттық экономикаға, ұлттық компанияларға құйылатын инвестиция, салымдардың ең бір сенімді түрі», - деп атап өтті Т.Өмірзақов.
Депутаттың айтуынша, мемқордың басшысы Өмірзақ Шөкеев жүргізген саясат заман талабына сай өзектілігін аңғартуда.
 «Қор басшылығы дамудың дұрыс бағытын таңдады. Дегенмен, меніңше, кадр іріктеуде неғұрлым таза құрылым енгізу қажет. «Самұрық-Қазынаға» тиесілі құрылымдарда бос жұмыс орындарына қолжетімділік ашық әрі еркін болғаны жөн», - дейді ол.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2190
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2499
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679