Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2498 0 пікір 10 Қазан, 2013 сағат 07:27

Ел болам десең, "бес жылыңды" түзе!

 «Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандарды тиімді орналастыру өңірлерін айқындауды, оралмандардың көшіп келу квотасын, квотаға енгізілгендер үшін төленетін ақшалай төлемді белгілеуді алып тастауды, Қазақстан азаматтығын тек Қазақстан Республикасы аумағында кемінде бес жыл заңды негізде тұрақты тұрып жатқан этникалық қазақтарға беруді көздейтін этникалық көші-қон саласын реттейтін жаңа тәсілдерді әзірлеуде» .

Бұл – «Ақ жол» партиясы жетекшісінің  «Оралмандардың көшін дұрыс ұйымдастырып, отандастарымыздың елге оралуын, олардың жаңа өмірге тезірек бейімделуін реттейтін жүйелі шаралар қабылдау» туралы жіберген депутаттық сауалына орай Үкімет басшысы Серік Ахметовтың қолы қойылған жауаптың тоқ етері екен (http://old.abai.kz/node/40310) .

Негізі, бұл дыңғырдың шыққанына біраз уақыт болған.  «Заң жобасы» Парламентке осы жылдың басында келіп түскен болатын. Жұмыс тобының жетекшісі қазіргі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Желдібайұлы Мұқашев мырза. Үкіметтің тапсырмасына сай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, жаңа Жобаны ұсынған да осы кісі.

Қайталай қарауға тапсырыс берілген Заң жобасының мәтінін көріп, қазақ депуттардан бұрын өзге ұлт қалаулыларының өзі шу ете түсіпті: Халмурадов Розақұл Сатыбалдыұлы аға мұндай заң қабылдап қазақтың қарғысына қалғанша, парламенттен өз еркіммен кеткенім жақсы деп айғай салса, Киколенко Ольга Андрейқызы апай ШҚО оралмандар ең көп қоныстанған аймақ, мен ертең олардың жүзіне қалай қараймын деп бетін шымшыпты. Соған қарамастан бұл заң жобасы бүгін Сенаттан өтіп, Елбасының қол қоюына жіберіліпті.

Сонда Қазақстан Республикасы Тұңғыш  президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баяғы «Қымбатты отандастар! Ежелгі атамекенінен жырақтап қалған Сіздерді кешегі күнге дейін ата-баба жеріне қайтып келе аламыз ба деген сұрақтың алаңдатып келгенін мен жақсы білемін. Туған жердің түтіні де ыстық дейді халқымыз. Қандас бауырларымызды байырғы ата қонысына тарту мақсатында адам правосы туралы еларалық ережелерді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Үкіметі «Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақстанда қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» арнайы қаулы қабылдады. Сондықтан ата-мекенге келемін деуші ағайындарға жол ашық. Ата-баба әруағы алдарыңыздан жарылқасын!» («Егеменді Қазақстан» 1992 жыл 1 қаңтар) деген шақыруы қайда?! 

2011-жылы 22-шілдеде қолданысқа енген ҚР Азаматтық туралы заңының 16-1-бабында «Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен), тұратын мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын: тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген ұлты қазақ адамдар өтініш берген күннен бастап, үш ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданатыны» ашық жазылған болатын.

Тәуелсіз Қазақстан енді қандастарына енекөкірек етіп келе жатқан осы жалғыз бапты да көпсінген көрінеді. Ішінде «ҰЛТЫ ҚАЗАҚ» деген қасиетті сөзі бар қадірлі тармақ бір мейірімсіз, қатыгез, сатқын... қолмен сызылып тасталғалы тұр. Жалпы, Қазақстан қазір «Қазақ» атауы бар нәрсеге үрке қарайды. Әуелі «Қазақстан» дегендегі «Қазақты» да қырқып тастай ма деп қорқатын болдық. Сөйтіп, еліміз енді Үкіметі дайындаған «этникалық көші-қон саласын реттейтін жаңа тәсілдер» арқылы ҚАЗАҚ КӨШІ деген ұғымды жойып, шеттен келетіндердің барлығының, ұлтының кім екеніне қарамастан, «мәртебесін» теңестірмек. Сол арқылы сырттан оралатын қазақтарды барынша азайтып, елді тып-тыныш, жым-жырт ұстап отырмақ. Бара-бара бәледен аулақ деп  есікті тарс жаппақ.

Азат елі, ақсақал Президенті тұрып, алыстан келетін ағайындардың миграция тасқынымен келіп-кетіп жатқандармен  тең «мәртебелі» болуы асқан қорлық. Бұдан артық  қорлық жоқта шығар бұл дүниеде?!  Мәселенің көкесі, дау-дамайдың үлкені енді туындайды. Қазір Атажұртқа оралған қандастарымыздың саны бір миллионнан артылып жығылады. Бұл оңай күш емес! Оның үстіне бұл келгендердің Отанына деген махаббатында шек жоқ. Манағы Нұрекең айтқан «Түтіні де ыстық туған жердің» жолында өлетіндер – нағыз осылар. Шеттегі бес миллион қазақтың тағдырына балта шапқан, Қазақ көшінің тоқырауына әкеліп соқтырған  саясат нағыз голоще­киндік нәубет болды. Көші-қон квотасының тоқтатылуы, азаматтық алудағы жөнсіз кедергілер, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, жабылған жала мен жағылған күйелер аталмыш топты барынша ашындырып, саясиландырып жіберді. Жүз мыңдаған отбасы екіге жарылды. Бұлар енді басқаға көнсе де, тап осы қорлыққа төзбейді! 

Басқа – басқа, бұл қазақ билігі істейтін тірлік емес еді. Егер, мына «көші-қон саласын реттейтін жаңа тәсіл» шынымен заң күшіне енетін болса,   20 жылдан артық ел басқарған Н.Назарбаевтың да бар еңбегін жуып-шайып, масқара ететін болады бұл қадам. Ғұлама Әуезовтың қазаққа қаратып ескертіп айтқан бір сөзі есімізде шығар:  "Ел боламын десең, бесігіңді түзе". Енді бүгін біз "Ел боламын десең, "бес жылыңды" түзе" дегелі тұрмыз. Өйткені сырттан арып-ашып көшіп келген қазақтың бес жыл бойы азаматтық ала алмай, тұрақты тіркеуге ілінбей, ел санатына қосылмай Атақонысында жосылып жүргені жақсылыққа апармайды. Бұл - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзі жетегіне алған қазақтың ұлы көшін біржола тоқтатып тыну деген сөз.

Сондықтан Алаш жұрты бұндай келеңсіздікке жол бермеуі тиіс!

           10.10.2013

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2187
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2496
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679