Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Билік 2302 2 пікір 27 Желтоқсан, 2023 сағат 14:37

Қошанов: Қазақстанда бүгінде қос билік жоқ!

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік істерге араласпайтынын мәлімдеді. 

Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан Ерлан Қошановқа Halyq Uni тілшісі «Қоғамда «Жаңа Қазақстан» мен «Ескі Қазақстан» арасында текетірес жүріп жатыр» деген пікір бар. Себебі, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев жуырда Астана клубы жиынын өткізді және Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Халықтың алаңдауына негіз бар ма?» деп сұрақ қойды.

Мәжіліс төрағасының жауабынша, билік қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында, сондықтан халықтың алаңдауына еш себеп жоқ.

«Халықтың және сіздің (журналистке) алаңдауызға негіз жоқ. Бүгінде қос билік жоқ. Олай болуы мүмкін де емес. Бүгінде барлық шешімді халық өзі сайлаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап отыр.

Біріншіден, бүгінде экс-президент (Нұрсұлтан Назарбаев) мемлекеттік істерге араласпайды. Екіншіден, кездесулері мен іс-шараларын, жол сапарларын өзінің жеке азамат ретіндегі құқығын пайдаланып өткізіп жатыр», - деді Мәжіліс төрағасы.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2165
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2567
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1669