Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2839 0 пікір 9 Қазан, 2013 сағат 08:38

Есенгүл Кәпқызы. Байқоңырдан ұшпаған қос ұлан Қытайдан ғарышқа самғауы мүмкін

«Қазғарыш» агенттігінің баспасөз қызметі аталған агенттік төрағасы Талғат Мұсабаевтың Қытайда болған ресми сапарында, Қытай ұлттық ғарыш әкімшілігінің басшысы Ми Синжуймен кездесуі барысында қазақ ғарышкерлерінің 2014 жылы Қытайдан ұшырылатындығы туралы арнайы келісілгендігін хабарлаған. 

«Қазғарыш» агенттігінің баспасөз қызметі аталған агенттік төрағасы Талғат Мұсабаевтың Қытайда болған ресми сапарында, Қытай ұлттық ғарыш әкімшілігінің басшысы Ми Синжуймен кездесуі барысында қазақ ғарышкерлерінің 2014 жылы Қытайдан ұшырылатындығы туралы арнайы келісілгендігін хабарлаған. 

Қазақстан «Байқоңыр» ғарыш айлағымен бүкіл әлемге танымал. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев ғарышты бағындырып үлгерген еді. Одан кейінгі 20 жылда тағы да екі ғарышкер «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын болып, 9 жыл бойы дайындалған. 2000 жылы Қазақстан мен Ресей Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин арасында Қазақстан ғарышкерлерін дайындау туралы келісімге қол қойды. Осы келісім аясында таңдау Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетовке түскен болатын. Бірнеше жыл «Жұлдызды қалашықта» дайындалғаннан кейін Қазақстанның үшінші ғарышкері ретінде Айдын Айымбетовтің аты аталып, 2009 жылы қыркүйектің 30-ында ресейлік экипажбен бірге ұшырылуы тиіс еді. Ғарышкерлерді дайындауға Қазақстан қазынасынан 16 миллион теңге жұмсалды. Ал экипаждың ұшуына 900 миллион рубль, Қазақстан тарапынан 26 миллион доллар төленуі қажет-тұғын. Бұл келісім негізінде Халықаралық ғарыш станциясына осы 17 мемлекеттің азаматтары ғана қол жеткізе алады делінген. Ал Қазақстан бұл тізімде жоқ. 2011 жылы қаңтардың 11-інде сол кездегі Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ұлттық ғарыш агенттігінің коллегия жиналысында Қазақстан мен Ресей президенттері арасында қазақстандық ғарышкерлерді ХҒС-ының (халықаралық ғарыш станциясы) ғарышқа ұшу бағдарламаларына енгізу жайында ауызша келісімнің болғанын жеткізген. Алайда «Қазғарыш» агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков Қазақстан ғарышкерлерінің 2013 жылдан бұрын ғарышқа самғауы мүмкін емес екендігін айтқан болатын. 2011 жылы болашақ ғарышкерлердің бірі Мұхтар Аймаханов ғарышты бағындыру мақсатында қазақ азаматтығын Ресей азаматтығына алмастыратындығы жайында мәлімдеме жасаған. Одан да түк шыққан жоқ. Бұдан кейін оның тағдыры қалай болғаны жа-йында ақпарат мүлдем жоғалды. Бір сөзбен айтсақ, Мұхтар Аймаханов хабарсыз кетті. Ең бастысы, оның әлі күнге дейін ғарышқа ұшпағандығы айқын. Ресей бұл мәселені көпке созды. Талай сылтау айтылды. Әсілі өзін әлемдегі ең басты ғарыштық держава санайтын Ресей тәкаппарлық, өктемдік танытып, қазақтардың сөзін құлағына біржола ілмеуге көшті. Екі ел президенттерінің уағдаластықтары да адыра қалды. 

Сөйтіп, Қазақстанның өз ұлан­дарын ғарышқа ұшыру жайлы үміті өше бастаған еді. Қытай ұлт­тық ғарыш әкімшілігінің басшысы Ми Синжуй «Қазғарыш» басшысының қазақ ғарышкерін қытайлық экипаж құрамында ұшыру жайлы ұсынысын қуана құптаған. Баспасөздегі мәліметтерге сүйенсек, қазақ ғарышкерлері 2014 жылдың сәуір, мамыр айларында ұшырылуы әбден мүмкін. Алайда бұның мемлекеттік қазынаға қанша салмақ салатыны әзірге беймәлім. Бұл келіссөздердің басы ғана делінген таратылған мәлімдемеде. Дегенмен екі ел басшыларының алдағы ресми кездесуінде қанша қаржы жұмсалатындығы толық айқындалуы да мүмкін. «Қазғарыш» агенттігінің қызметкерлері үшінші ғарышкердің атын атап та үлгерді. Ол Айдын Айымбетов мырза көрінеді. Тағы ескерте кететіні, ғарышқа ұшуға дайындалғандардың жасы бүгінде 40-тан асқан. Яғни олар жақын арада өз армандарын жүзеге асырмаса, бұдан кейін кеш болып кетуі де мүмкін. Айдын Айымбетов 2012 жылдан бері «Қазақстан Республикасының ғарышкері» атағына ие. 

"Түркістан" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1911
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2008
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1682
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1514