Жұма, 10 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2815 0 пікір 9 Қазан, 2013 сағат 08:24

Ақниет ОСПАНБАЙ. Алданған халық екен... Банк қызметкерлері туыстарына «Әйгерім» ауданынан үй әперіпті

Таяуда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің екі топ менеджері қызметінен босатылды. Бұдан бұрын Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков аталмыш банктің қызметінде бірқатар заңбұзушылықтардың орын алғанын айтып, тергеу жүргізуді талап еткен еді.

Бірақ алдын ала қамданған банк басшылығы маусымда «ешбір қате жіберілген» жоқ деуден танбаған болатын. Алайда...

2013 жылдың маусым айында «Ақ жол» партиясының депутаты Нұрлан Жазылбеков «Мемлекеттен бөлінген жеңілдіктерді халыққа құлаққағыс етпеді, ал өз қызметкерлері элиталы ықшам аудандардан жеңілдікпен пәтер алды» деп жар салған еді. Әуелде банк бұл нақақтан нақақ айыптау деп түсіндірді. Тіпті, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің төрайымы Нұрбибі Наурызбаева депутаттың берген мәлімдемесін теріске шығарып, шындыққа жанаспайтынын баспасөзге жариялаған еді. Бұл туралы газетімізде «Алданған халық па, депутат па?» деген мақала басылды. Алайда Нұрбибі ханым онда былай деді: «Халыққа арналған жеңілдіктерді мәлімдейтін хат 4 наурызда түсіпті-мыс. Бірақ бұл күн жексенбімен дәлме-дәл. Банктің қызметкерлері қызметін асыра пайдаланған жоқ және бір отбасы біреуден артық үй алған жоқ». 

Таяуда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің екі топ менеджері қызметінен босатылды. Бұдан бұрын Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков аталмыш банктің қызметінде бірқатар заңбұзушылықтардың орын алғанын айтып, тергеу жүргізуді талап еткен еді.

Бірақ алдын ала қамданған банк басшылығы маусымда «ешбір қате жіберілген» жоқ деуден танбаған болатын. Алайда...

2013 жылдың маусым айында «Ақ жол» партиясының депутаты Нұрлан Жазылбеков «Мемлекеттен бөлінген жеңілдіктерді халыққа құлаққағыс етпеді, ал өз қызметкерлері элиталы ықшам аудандардан жеңілдікпен пәтер алды» деп жар салған еді. Әуелде банк бұл нақақтан нақақ айыптау деп түсіндірді. Тіпті, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің төрайымы Нұрбибі Наурызбаева депутаттың берген мәлімдемесін теріске шығарып, шындыққа жанаспайтынын баспасөзге жариялаған еді. Бұл туралы газетімізде «Алданған халық па, депутат па?» деген мақала басылды. Алайда Нұрбибі ханым онда былай деді: «Халыққа арналған жеңілдіктерді мәлімдейтін хат 4 наурызда түсіпті-мыс. Бірақ бұл күн жексенбімен дәлме-дәл. Банктің қызметкерлері қызметін асыра пайдаланған жоқ және бір отбасы біреуден артық үй алған жоқ». 

Осыған қарамастан депутат көрсеткен заң­бұ­зушылықтардың тең жартысы дәлелденді, ал жартысы негізсіз болып шықты. Соның бі­рі қызметкерлердің өз туыстары мен жақындарына кезектен тыс, элиталы ауданнан жеңілдікпен баспана алып бергені. Мау­сымда депутат мырза нақ осы мәліметті нақтылап айтқан. 

– Алматыда Әл-Фараби мен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы «Әйгерім» тұрғын үй кешенін банк қызметкерлері өзара бөлісіп алған. Тізімде көш бастап Нұрбибі Наурызбаева мен оның екі орынбасары тұр. Олардың біреуі де кезекке тұру сынды ресми талаптарға пысқырмаған. Сондықтан Үкімет пен Бас прокуртура «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басшыларына қатысты тергеу жүргізсін, – деген болатын. Тергеу нәтижесінде мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылған «Әйгерім» шағын ауданынан қызметкерлердің жақындарына үй алып бергені белгілі болды. Олардың қатарында қарапайым қызметкерлер де, сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшылары да бар екен. Басшылар алыс-жақын туыстарын тегіс баспанамен қамтамасыз етсе керек. Алайда мұның еш әбестігі жоқ, тіпті қылмыс болып саналмайды екен. Бұл мәліметті банк басшылығы растай келе, банктің сайтында жариялаған мәлімдемесінде мынадай түсінік береді. «Ақ жол» партиясының депутаттары тұрғын үй сатып алу бойынша банк қызметтерін банк басшылығының мүшелері мен туыстары пайдаланды деп көрсеткен деректерге бағдарлама талаптарымен жол берілген, бұл депутаттар мен қатардағы азаматтардың кері пікірін тудырған. Осыған орай Банктің Директорлар кеңесі қорытынды шығарып, аталған сұраныс бо-йынша ұйымдастыру шараларын қабылдады. Оның үстіне банк бағдарламаларына қатысу бойынша ҚТҚЖБ-ның басшы қызметкерлері үшін белгілі бір шектеулер енгізілетін болады, пулдарды құру мен филиалдар жұмысының айқындығын көтеру бойынша қадамдар белгіленетін болады» делінген. Осылайша басшыларға қызметін асыра пайдалануға шектеу қойылды. Байқап отырсақ, мемлекеттік бағдарламаға кезекке тұрғанша, басшылықтың алыс туысы болған тиімді сияқты. Өйткені бұл заңға қайшы әрекет емес. 

Қызметтен босатылған менеджерлердің бірі – несие беру мен филиалдарға жетекшілік етсе, бірі Алматы филиалының төрағасы. Сондай-ақ аудит және қауіпсіздік қызметінің басшыларын жұмысынан алу қарастырылуда. Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің қызметін бақылайтын директорлар кеңесі де ауыстырылды, оған банктік жүйенің қыр-сырына мәлім мамандар келді. Ал банк төрайымы Нұрбибі Наурызбаева өз орнында қалды. Кейбір ақпарат көзіне сенсек, төрайымды қызметінен алу күн тәртібіне қойылған. Десе де ол – кәсіби маман, осы істің басын­да отырғанына 10 жыл болды. Бірақ төра­ға­ның ауысатыны анық делінген. Аталмыш ақпарат көзінің тағы бір мәліметінше, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – даму институттарының бірі ғана және елеусіз жұмыс істей береді. Осы институт пен бас­қаларының жұмыс нәтижелеріне күмән бар. Ал «Бәйтерек» холдингінің мақсаты тап осы жерде тәртіп орнату дейді. Бұл ретте депутат Нұрлан Жазылбеков: 

«Біздің, яғни ақжолдықтардың мәлім­демесінің басты мақсаты – біреуді түрмеге отырғызу емес, халыққа қолжетімді баспана беру жүйесін реттеу», – деді. 

Расталмаған мәліметтер де баршылық. Мәселен, мемлекет қаражатын өз пайдасына жұмсау туралы ақпарат негізсіз деп табылды. 

Нұрлан Жазылбеков партия сұранысы бойын­ша тергеу жүргізіліп, кейбір мәлі­мет­тердің расталғаны халықтың еңсесін кө­теріп тастады дейді. «Ақ жол» ҚДП депу­тат­тық фракциясы және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депутаттық сұра­ныстарда көтерілген мәселелерді талқылау қо­рытындысы бойынша баспана алудың мемлекеттік бағдарламасын жетілдіру және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс банкі операторының қызметін жақсарту бойынша Үкіметке бірлескен ұсыныс жасайды. Олар өз қателерін мойындады, этикалық нормалар бұзылғанын растады. Бүгінде бізге алғысын жаудырған хаттар ағылуда, банк қызметінің ашық бола бастағанын айтуда», – деді депутат мырза. 

Аталған мәселе банк сайтында берілген мә­лімдемеде көрсетілген. «Ақ жол» депу­тат­тық фракциясы және «Қазақстанның тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басшы­лығы 2013 жылғы 14 ақпандағы және 2013 жылғы 21 маусымдағы депутаттық сұ­ра­ныстарда көтерілген мәселелерді талқылау қо­рытындысы бойынша үш мәселе анық бол­ды. Бірінші, «Ақ жол» депутаттары және банк басшылығы жалпы тұрғын үй мәселесінің де, банк іске асырып отырған «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының да әлеуметтік мәнінің зор әрі аса өзекті екенін атап көрсетеді. Екінші, пікірталас халықтың аз қамтылған бөлігі үшін тұрғын үй мәселесінің маңызды екенін ескере отырып, аталған бағдарламаны іске асыруда жұртқа мән-жайды толығырақ түсіндіру мен оны жетілдірудің қажет екенін көрсетті. Үшінші, пікірталас Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ бағдарламаларындағы табысы көп емес және жеке меншік баспанасы жоқ азаматтар үшін қатысу мүмкіндігін кеңейту қажеттілігін көрсетті.

Бастапқыда Жазылбеков мырзаның сұра­нысына көпшілік күле қарады. Әсіресе қос палата депутаттарының қолдауы бол­ған жоқ. Қарапайым халықтың орташа күнкөріспен бас­пана алуына негізделген банктің саясатының ашықтығына көпшілік кәміл сенді. Заңды кезегін күтіп, қаржысын ауыздан жырып сақтағандар банкке бар үмітін артты. Тіпті редакцияға хабарласып, сенгеніміз банк болатын, ендігі күніміз не болмақ деп егілген аналарымыз болды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшылығы өз туыстарына анау-мынау емес, қымбат үйлерден жеңілдікпен баспана алып бергенін естігенде, қара халық «біздің кезегімізді бұзғандар осылар» деп түсінді. Бірақ банктегілер қызметін пайдаланып, жақындарына үй алып беру – заңға қайшы емес дейді. Бұл әділдікке жата ма? Банк бір серпіліп қалды, кемшілікті сілкіп тастады. Олай болса, зарыққандардың баспаналы болатын күні алыс емес деп сенеміз.

"Түркістан" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1897
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1962
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1651
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1501