Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3180 0 пікір 9 Қазан, 2013 сағат 06:19

Шериаздан Елеукенов. Ол күнәміз кешіріле ме, кешірілмей ме?..

«Фанатизм ауруы - жұқпалы. Бір партия жиналысында сөйлеген сөзімді Сейсекеңнің үлгісімен қайта ұшындырып өңдегеніме, жалпы дүрмекпен Кенесарыны қызылөңештеніп сынағаныма, кейін Мағжан ақынды сын ілмегіне іліп кеткеніме, әрине, қапамын. Ол күнәміз кешіріле ме, кешірілмей ме?»

«Бізбен бірге "Коммунизм туында" істеген бір адамды айтайын. Фамилиясын шартты түрде Кәмиев делік. Міне нағыз фанатың сол еді. 1937 жылы қазақтың алаш зиялылары тұрсын, Коммунистік партияның өзі баулып өсірген интеллигенциясының да басы түймедейін қырқылды ғой. Сол бейбақтардың орнын кімдер басқанын осы Кәимевтің мысалынан көруге болады... Еш тәжрибесі жоқ студент Тарбағатайда аутпаркомның бірінші хатшысы болып сайланған. Бұл жауапты қызметте қалай істегенін жарықтық бізден жасырмайтын. "Бірінші хатшымын, не істеп, не қою керектігінен түк хабарым жоқ. Қабылдауыма біреулер келсе, бірдеңені шұқшиып жазған болып, ақ қағазға иректетіп "Кәимев, Кәмиев" деп қолымды қоя беремін, қоя беремін...»

«Еңбек» колхозының "»Қазақстанның 15 жылдығы» значегімен наградталған сауыншысы 1 Май құрметіне жиналған митингте сөйлеген сөзінің аяғын «Сталин қайын ағам жасасын!» деген ұранмен бітірді»

Үзінділер Шерияздан Елеукеновтың көп томдық шығармалар жинағының 1 томынан алынды.

«Алтай-Ертіс» баспасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2042
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2475
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2057
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595