Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Билік 1335 1 пікір 23 Желтоқсан, 2023 сағат 13:16

Балаева: Президенттің басшылығымен жүргізіліп жатқан барлық реформалардың түпкі мақсаты – рухани саясат

«Астана Опера» театрында «Umai – 2023» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті».

Кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнер қайраткерлерін елеулі шығармашылық жетістіктері үшін қолдауға бағытталған  байқау биыл  екінші рет ұйымдастырылды.  Конкурсты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, мәдениет майталмандары қатысты.

Аида Балаева өзінің құттықтау сөзінде «Umai –2023» ұлттық өнер сыйлығы еліміз үшін ерекше маңызға ие деп атап өтті.

«Өнер руханиятты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Атақты жазушы Мұхтар Әуезов бейнелеу өнерінсіз мағыналы болмыс жоқекенін айтқаны белгілі. Өнер шын мәніндеұлттың дамуына негіз болып саналады. Ал өнер адамы қоғамды тәрбиелеуде маңыздырөл атқарады.

Мемлекет басшысы ынта-жігері берік, еліміздіұлы дәрежеге көтере алатын ұрпаққалыптастыруға ұмтылады. Біздің өнеріміз бен мәдениетіміз қоғамдық тұлғаны тәрбиелейді. Президентіміз үнемі  осы қағиданы айтыпкеледі.  Бұл біздің болашағымызға қажетрухани саясат. Мемлекет басшысының жүргізіпотырған барлық бастамалары мен реформаларының түпкі мақсаты -  мемлекетіміз үшін ортақ іске елеулі үлесқосатындарға жан-жақты қолдау көрсету. Umaiсыйлығы да осындай қолдаудың жарқынкөрінісі», - деді министр.

Аида Балаева сыйлықтың негізінде үлкенеңбек, терең білім мен қайталанбас өнержатқанын атап өтті.

«Мойындауымыз керек Президентіміз айтқандай жоғары адамгершілік, мәдени жәнебілімді қоғам құру жөніндегі рухани миссия бәріне бірдей қол жетімді емес. Бірақ бұл құрметке ие болған әрбір адам мыңдаған және миллиондаған адамдарға үлгі бола алады, адамдардың жүрегіне жылу сыйлай алады. Бүгінгі байқаудың жеңімпаздары ғана емес, оның барша қатысушылары да осындай мәртебеге лайық екеніне сенімдімін. Бұл Мемлекет басшысы аянбай насихаттайтынқағида. Руханиятсыз елдің болашағын құруқиын», - деді министр.

«Umai» ұлттық сыйлығы отандық өнердіңдамуына жаңа серпін беріп, Қазақстанға жаңаесімдер сыйлайтынына сенім білдірген Аида Балаева 29 жеңімпазға «Umai»  мүсіншесі мен ақшалай сыйлықтың сертификатын табыс етті.

Ағымдағы жылы ұйымдастыру комитетінеқатысушылардан 322 өтінім келіп түссе,  финалға 114 адам өтті. Олардың 29-ы сыйлықтың иегері атанды.

Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі өнерқайраткерлері мен шығармашылық ұжымдарбелсене қатысты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2019
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2020
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587