Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2795 0 пікір 8 Қазан, 2013 сағат 05:13

«Қазақ тілін білмейсің бе? Былш еткізіп бетке ұрады!»

Ресейлік интернет-газеттердің бірінде осындай тақырыппен салақұлаш бір мақала жарық көрді. Орысшасы: «Не знаешь казахский? В Морду!» деп аталады.

Мақала авторының жазуына қарағанда, Қазақстанда қазақша білмейтін өзге ұлт өкілдері, әсіресе, славян тектестер зәбір-запа шегіп жүрген көрінеді. Қазақ тілін білмейтіндерді қазақтар бас салып сабайды екен. Былш еткізіп бетке ұрады екен. Соның бір айғағы ретінде автор жер-көкті шулатып бастаған  Scat әуекомпаниясында ешкім естімеген бір жайтты мысал етеді. Былай «болыпты».

Scat әуекомпаниясына қарайтын ұшаққа аяқ артқан Атырау облысының бір ауданының (?) бұрынғы әкімі қазақша тіл білмегені үшін борттағы серік-бикешті (стюардессаны) шапалақпен жанып жіберіпті. Әлгі «ноқалайдың» әрекетін көріп отырған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғайбаев «тентекті» тезге салудың орнына әуекомпания әкімшілігіне серік-бикештің үстінен шағым түсіріпті-міс.

Осылай деп «сыныққа сылтау», «бүлікке ілік» тауып алған автор орыстың орманына қарап қасынатын қазақстандық заңгерсымақтардың бірі Юрий Юрин дегенге сөз беріпті. Біздің ЮЮ ресейлік сайттың тілшісіне ию-қию пікір айтып, тасыныпты.

«Мемлекеттік тілді тықпалау – бұл көп әлаулайдың бірі ғана. Оның нәзік әрі қарама-қарсы тұстарын талдау мүмкін емес. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған бетте жұрттың бәріне шұғыл түрде азаматтық берілді. Ол кезде азаматтық туралы заң бойынша елдің толық қанды мүшесі атанғысы келетіндер қазақ тілінен сынақ тапсыруы керек-тұғын. Осыдан келіп шығатын қортынды сол, егер сен азаматтық алдың ба, онда қазақ тілін білуге тиіссің. Алайда қазақстандық орыстар қазақ тілін білмейді. Қазақ тілін білудің шарты мен талабы да толық емес. Қазақстандағы тілі мәселесі – концепциялардың, жоспарлар мен бағадарламалардың ғана жиынтығы».

ЮЮ-дің бас жағындағы сөзі шылғи өтірік, соңғысында шындық бар. Оны өзіңіз біліп отырсыз. Әріқарай кеттік.

«Қазақстанда қазақ тіліне ғана ерекше мәртебе берілген. Ондай мәртебе орыс тілінде жоқ. ҚР Конституциясында орыс тілі – «ресми қолданыстағы тіл» деп қана жазылған. Бірақ орыс тілінің осындай мәртебесімен бірде-бір заңды мекеме санасып жатқан жоқ», - деп таңқалады «Лад» Славян қозғалысының Қазақстандағы жеткешісі  Максим Крамаренко.

Крамаренконың сандырағына «комментарий» керек емес шығар. «Бетке былш еткізетін» мақалаға үңіле түсейік.

Орта Азия бойынша маман, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Абашин деген кісі ресми Астананы орыстардың мемлекеттік тілді білмейтіндігі емес, қазақтардың басым көпшілігі де бұл тілден мақұрұм қалғаны толғандырады деп ой толғайды. «Орыс тілінің мәселесі аталған республикада өте ауыр қабылданады. Бірақ қалалық қазақтардың қазақ тілін білмеуі басты мәселе», - дейді Абашин.

Мақаланың бас-аяғына Абашин, Крамаренко сияқтылардың пікірін араластырып қояды да авторымыз өзінше «аңқып», өзінің көрген-білгенін айтып есе жөнеледі. Автордың пікіріне сүйенсек, көрші қырғыз елінде де орыс тілінің мәселесі ұрып тұр екен. Қырғыздар да ана тілін білмейтін көрінеді. Өзбек пен тәжік секілді емес, көшпенді қазақ пен қырғыз орыс мәдениетін тез мойындап, тез жұтылыпты. Совет өкіметінің заманында қазақ, қырғыздан шыққан зиялы қауым ата-бабалары сөйлеген тілден ұялып орысшаға біржола көшіп алыпты. Қазірде солай екен. Өзінше қазақша не қырғызша сөйлесіп отырып бұл екі ұлттың өкілі әлдебір нақты іс мәселесін сөз қылғанда орысшаға ауысады екен. Себебі қазақ пен қырғыздың тілінде ғылымның, істің тілі жоқ екен. Оны айтасыз, жыныстық қатынас тілінен де қазақ пен қырғыз жұрдай екен. Әншейінде орысша жарытып сөйлей алмайтын қазақтың не қырғыздың қызы интимді мәселеге таяғанда, орысша аға жөнеледі екен.     

Сондықтан, деп түйін жасайды мақала авторы, ресйлік ғалымның айтып отырғаны дұрыс (?) – мемлекеттік тілді қолданысқа енгізудің қазақстандық қарқынды түрі бұл тілдің позициясының нашарлығын білдіреді. Сол себепті  әсіреұлтшыл күштер орыстілділерді ұрып-соғу арқылы мәселені шешкісі келеді.

«Қазақстанды этнократиялық мемлекет жасаудың жедел түрі қолға алынған. Мемлекеттің ұлттық құрамын өзгертудің бұл елдегі айла-шарғысы екі нәрседен байқалады: біріншісі, қазақ еместерге қысым жасау, екіншісі, оралмандарды көшіріп әкеліп қазақтардың санын арттыру», - деп көсіліпті ресейлік сайттың тілшісі һәм «бетке ұратын» мақаланың авторына Абашин дейтін «білгіш».   

 Қазақстандағы орыстардың мүмкіндігі және  халықаралық «Ұлтшылдарсыз әлем»  құқық қорғау ұйымының ("Мир без нацизма" штаб-пәтері  Страсбург қаласында) басқарма мүшесі Андрей Щербаков: «Мемлекеттік бағадарлама бойынша Қазақстаннан Ресейге көшкен жұрттың қарасы биылғы жылы екі есе ұлғайды. Олардың жаппай көшуіне басты себеп әлеуметтік жағдай емес, ұлтшыл патриоттардың әсіре белсенділігі мен ғаламтордағы және  дәстүрлі БАҚ-тағы орыстарға қарсы пиғылдардың бас көтеруі. Ал, ресми Астана болса, бұның бірін елең қылар емес», - деп мұң шағыпты мақала авторына.

«Тоқсаныншы жылдардың толқуларына ілеспей іргесін мықты ұстаған мемлекет – Қазақстан еді, - дейді Щербаков шіркін таусыла сөйлеп. – Азамат соғысына ұрынған жоқ. Себебі көшпенді әлемнің бүгінгі ұрпағы бәріне кең қарады. Кеңдіктің астарында осындай мәдени мәйек бар еді. Енді өзгерді. Өзгеретіп жатқан биліктің өзі. Орыстарға қысым жасаудың аржағында біреулердің қолымен басқарылатын саяси технологияның жобасы жатыр».

Редакциядан: Ол қандай жоба? Оның тетігін кім ұстап отыр? Бұл сұрақтың жауабын мақала авторы Игорь Ротарь білмесе, біз білмедік. Бірақ біз ротарьлар баяғы «байғыз дауысқа» салып сұңқылдаса, біздің биліктегі шенеуніктердің бұтын қысып жорғалай жөнелетінін, содан соң мемлекеттік мәселеге сергек қарайтын азаматтардың аузына қақпақ, жолына қақпан болатындығын білеміз. Мынау да сол тоқсанышы жылдардан бері қарай жалғасып келе жатқан, үзілмей келе жатқан көп сұңқылдың бірі болса  керек. Ел естіп, біле жүрсін деп қана шолып жасап аудардық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1946
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2189
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1809
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1539