Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4700 0 пікір 8 Қазан, 2013 сағат 04:10

Лұқпан Оразбеков: «Көздің әңгімесі...»

Балалар арасында көз ауруына шалдығушы жиілеп келеді. Дүние есігін аша салып суқараңғылыққа ұшырау да  көп. Шексіз дамып жатқан  нанотехнологияны шектеусіз пайдалану, құнарсыз тамақтану сынды салғырттықтар жастай көз жанарының семуіне соқтырады. Осы мәселе төңірегінде Көз аурулары Ғылыми Зерттеу Институтының жоғары дәрежелі дәрігері, медицина ғылымының кандидаты, балалар бөлімнің меңгерушісі Лұқпан Нұрланұлы Оразбековпен сөз қозғалды.

- Лұқпан Нұрланұлы, қазір балалар арасында қандай көз аурулары жиі кездеседі? Бұған себеп не?

- Қазіргі кезде балалар арасында ең жиі кездесетін көз ауруларының түрі – конъюктивиттер. Конъюктивиттердің бактериалды, вирусты және аллергиялық түрлері болады. Бактериалды, вирусты түрлерінің себептеріне келер болсақ, ол қоздырғыштың жеке бас гигиенасын сақтамауынан пайда болып, балабақшада, ойын алаңдарында, көп адам шоғырланатын жерлерде бір-біріне берілуі мүмкін. Ал аллергиялық конъюктевиттердің себебі: қалада әр түрлі аллергендердің, зиянды тітіркендіргіштердің көп болуы. Сондай-ақ, тамақтану ерекшеліктеріне байланысты аллергиялық коньюктевиттер жиі кездесуде.

   Ауруды болдырмас үшін ең алдымен жеке бастың гигиенасын сақтау керек. Бұл жерде ата-аналарына көп жауапкершілік артылады.

- Көз ауруларының ішінде миопияның бірден-бір қоздырғышы – компьютер, телефон. Осылардан сақтанудың, көз ауруларының алдын алудың жолдарын айта кетсеңіз.

- Жақыннан көргіштік, яғни миопия қазіргі кезде дүниежүзінде үдеп жатқан аурулардың бірі. Оған себеп: көзге жүктеменің көбеюі. Компьютер, теледидар, телефон – барлығы көзге жүктеліп, көру қабілетін нашарлатады. Мұның алдын алуда маңызды рөлді ата-аналар атқарады. Балалардың оқу гигиенасын сақтау керек. Сабақ оқитын, жұмыс жасайтын арнайы орын дайындалуы қажет. Компьютерде отырғанда үзіліс жасап, арнайы жаттығулар жасауын қадағалануы тиіс. Тіпті, компьютермен, телефонмен ойнау уақытын қатаң түрде шектеу қажет. Бэйтс жүйесі бойынша арнайы жаттығулар бар. Бұл жаттығулар көз бұлшық етінің жұмысын жақсартуға арналған. Үнемі жаттығу жасау арқылы жақыннан көргіштіктің алдын алуға және оның өсуін тежеуге болады.

       Балалардың бөлмесі жақсы жарықтанып, ашық түстер болуы тиіс.Бала сурет салғанда, кітап оқығанда ыңғайлы жағдай жасалуы керек. Ақау байқалса және жылына бір рет көз дәрігеріне қаралып тұрған жөн. Осындай алдын алулар арқылы баланың көз жанарын сақтап қалуға болады. 

      Сондай-ақ, тек қана балалар емес, ересек адамдар да А, Е дәрумендері бар тағамдарды қолдануға кеңес береміз. Яғни, балықтар, сондай-ақ, қызыл, сары түсті көкөністер мен жеміс-жидектер. Атап айтсақ, томаттар, бұрыш.Тамақтану комплектсі болуы керек. Белоктар,көмірсулар, майлар барлығы белгілі бір мөлшерде рационға кіруі қажет.

- Сіз қызмет атқарып отырған Ғылыми Зерттеу Институтының балаларға қандай ерекше көмегі бар? Атап айтқанда,  мүгедек, әлеуметтік жағдайы төмен және жетім балаларға?

- Мұндай балаларға хирургиялық ем жағынан бірінші кезекте көмек көрсетуге тырысамыз. Одан басқа, жылына бір неше рет балалар үйіне, балалар интернаттарына барып, балалардың көздерін тексереміз. Аурулары болса, анықтап, қажет болған жағдайда өз орталығымызда емдейміз. Қолдан келгенше балаларға көмектесуге тырысамыз.

- Ғылыми зерттеу институты 80 жылдың ішінде көптеген балалардың көзіне қуаныш сыйлаған болар...

- Иә, бізде жақында үлкен мерейтой. Биыл  25 қазанда мекемемізге 80 жыл толмақ. Институмыздың жеке офтальмологиялық мектебі бар. Жеке емдеу тәсілдері бар. Балалардың көз қылилығын, миопияны емдеу барысында институттың өзі шығарған арнайы компьтерлік бағдарламаларды қолданамыз. Қазіргі кезде ең асқынған қиын ауру түрі – шала туылған нәрестелердің  ретинопатиясы. Бұл балаларға 1-2 аптаның ішінде көмек көрсетілмесе, олар мәңгілік соқырлыққа душар болады. Оларға лазерлік операция жасап, олардың көз жанарын сақтап қалуға мүмкіндігіміз бар. Екіншіден, көз ісігі бар науқастар, яғни ретинобластома балалардың көз ішінде пайда болады. Қазіргі кезде біз осы балалардың өмірін ғана сақтап қалмай, көз алмасын орган ретінде сақтауға да мүмкіндік беретін жаңа ем түрінен ғылыми жұмыс жасап жатырмыз. Осындай басқа да салаларда ғылыми ізденулер жалғасуда.

     Сондай-ақ, институтымыз барлық қажет аппараттармен жабдықталған. Хирургиялық ең соңғы аппараттардың бірі Констелейшен жүйесі бар. Одан басқа миопияға лазерлік ота жасайтын жабдықтар да бар. Дүниежүзілік денгеймен салыстырар болсақ, институтымыз тең дәрежеде деп айтуға болады.

- Жаңа туған нәрестелер ішінде де суқараңғылық, басқа да ауруларға шалдығушылар көп. Неге? Болашақ баланың анасы неден сақтану керек?

- Ананың денсаулығы – баланың денсаулығы. Нәрестенің құрсақ ішінде дамуына ананың денсаулығының ықпалы зор. Анасында бар аурулар балаға беріледі. Сондай-ақ, сыртқы ортаның әсері де болады. Мәселен, ананың темекі тартуы немесе әр түрлі химиялық заттардың әсері. Осылардың барлығы да баланың көз ауруларына ұшырауына, басқа да органдарын ауруға шалдықтырады. Оның алдын алу үшін ананың денсаулығын зиянды нәрселерден қорғау, оқшаулау. Суқараңғылық – ең қатерлі көз ауруы. Өйткені дер кезінде бала ем қабылдамағанда баланы қайтымсыз соқырлыққа әкеледі. Адамның көзінде сұйықтықты шығаратын арнайы мүшесі болады. Ол алдыңғы камера бұрышы деп аталады. Балалардың даму кезінде сол жүйеде әр түрлі ақаулар пайда болады. Яғни себептеріне келетін болсақ негізгісі үшеу: экологиялық, инфекциялар және генетикалық.

- Европа елдерінде, Жапонияда басқа да елдерде білім жетілдірдіңіз. Олармен салыстырғанда отандық офтомология қаншалықты  деңгейде?

- Қазақстандағы офтальмологиялық мектеп Кеңес өкіметі кезінде құрылған  ресейлік мектеп. Европамен, Жапониямен салыстырғанда өзгешеліктер бар. Қазір офтальмологиясы дамыған елдер – АҚШ, Жапония. Мәселен, оларда барлық клиникалар университет қарамағында. Дәрігер науқасқа жету үшін, науқаспен жұмыс істеу үшін ұзақ жол жүруі керек. Олардың оқу жүйесі муляждарға негізделген. Ал бізде білім беру жүйесі басқаша. Практика жағына ұзақ уақыт бөлінеді де, дәрігерлеріміздің тәжірибелері мол болады. Ал құрал жабдықтар жағынан тең дәрежеде деп айтуға болады. Әрине, әр елдің өзінің ғылыми жетістіктері бар, сондықтан айырмашылықтары да болады. 

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Балғын Әділбаева

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1928
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2081
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1729
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1524