Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 20595 0 пікір 5 Қазан, 2013 сағат 07:27

Бұқар жырау Қалқаманұлы. Қазақтың ханы Абылай

Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында хан Абылайдың 300 жылдық тойы өтіп жатыр. Хан тойы 2011 жылы өтуі тиіс еді. Билік ол жылы үнсіз қалған. Енді, міне, екі жылдан кейін (302 жылдығын деседе болады) атап өтуде.

Біздің ойымызша, тойдың биыл өтуі мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің ұлттық тарихқа тегеруінді қозғау салып, қолға алғанымен байланысты секілді. Қалай болғанда да ханның 300 жылдығы атаусыз қалмай, тойланып жатқаны құптарлық іс.

Төменде Бұқар Қалқаманұлының хан Абылай туралы екі жырын ұсынып отырмыз. Бір қызығы, қазақтың хандық мемлекеттік дәуірінде қазақ хандары Бұқар сияқты халықтың сөзін ұстаған жыраулардың айтқан сынын тыңдап, содан нәтиже шығарып, тіпті қысылғанда жыраулардың кеңесіне құлақ асып іс қылғанына ескі тарих куә. Хан Абылай да Бұқар жыраудың өткір сындарына әр кез құлақ асып, оны ел ісінде ескерген.

Міне, бұрынғы билікпен оның тағылымы.

Abai.kz

Ай, Абылай сен он бір жасыңда  

Тұрымтайдай ұл едің.

Он бес жасқа келгенде,

Арқада Әбілмәмбет төренің

Түйесін баққан құл едің .

Абылай атың жоқ еді,

Сабалақ атпен жүр едің.

Оны да көрген жерім бар,

Жаныс Қарабайдың қолында

Түнде туған ұл едің.

Жиырма беске келгенде,

Бақыт берді басыңа,

Тақты берді астыңа.

Отыз жасқа келгенде,

Дүниеге кең едің.

Отыз беске келгенде,

Қара судың бетінде

Шайқалып аққан сең едің.

Қырық жасқа келгенде,

Алтын тонның жеңі едің.

Қырық беске келгенде,

Жақсы-жаман демедің.

Елу жасқа келгенде,

Үш жүздің баласының

Атының басын бір кезеңге тіредің.

Елу бес жасқа келгенде,

Жақсы болсаң толарсың,

Жаман болсаң маужырап барып соларсың.

Алпыс бес жасқа келгенде,

Әрбір атқа қонарсың.

Жұмсасаң бала тіл алмай,

Қатының қарсы шауып ұялмай,

Әрнешек күнің сол болар,

Еңкейтіп орақ орарға

Тоңқайып масақ терерге.

Жетпіс жасқа келгенде,

Жетпіс деген жел екен,

Шала ауырып пір екен.

Жетпіс бес жасқа келгенде,

Жылуы болмай қойныңның,

Қаруы болмай сойылыңның,

Өлмесең де жойылдың,

Әр атаққа қойылдың.

Сексен деген сор екен,

Шындап ұрған пері екен;

Сексен бес жасқа келгенде,

Екі қара көзді алар,

Ауыздағы сөзді алар,

Бойыңдағы әлді алар,

Бетіңдегі нұрды алар,

Бойыңдағы шырды алар,

Ауызыңдағы тісті алар,

Қолыңдағы істі алар,

Өлмегенде не қалар?

Тоқсан бес деген тор екен,

Дәйім жаның қор екен,

Қарғиын десең екі жағы ор екен;

Найза бойы жар екен,

Түсіп кетсең түбіне,

Түбі терең көл екен,

Ел қонбайтын шөл екен,

Келмейтұғын неме екен.

Қазақтың ханы Абылай

Қазақтың ханы Абылай,

Абылай ханым, бұл қалай?

Ақиықты аспанға

Ұшпастай ғып торлады.

Құлағанға ұқсайды

Қазақтың қамал қорғаны.

Қайғырмаңыз, ханзадам,

Айтпасыма болмады,

Батырың өтті Бөгенбай.

Қиядан қиқу төгілсе,

Аттың басын тартпаған,

Қисапсыз қол көрінсе,

Қорқып жаудан қайтпаған,

Қазақ деген халқынан

Батыр шыққан даңқынан,

Қарсыласқан асылдар

Қорғасындай балқыған,

Батырың өтті Бөгенбай.

Бұтақты мүйіз бұғысы

Саласындай жайылған,

Мылтық айтқан мергені

Киігін қойдай қайырған,

Құланы құлындай тулаған,

Түлкісі иттей шулаған,

Қыс қыстайтын жеріңді

Сол сықылды тау қылған,

Батырың өтті Бөгенбай.

Асу салған, тас бұзып,

Тарбағатай белінен,

Қол қондырған қос тігіп,

Борлы деген көліңнен,

Қалмақты шапқан шулатып

Ақшәуілің өрінен,

Қоныс қылған найманға

Бәрін қуып жерінен,

Батырың өтті Бөгембай.

Қара керей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Қаз дауысты Қазыбек.

Шашақ  ұлы Жәнібек,

Ормандай көп Орта жүз.

Содан шыққан төрт терек,

Тұғыр болған сол еді,

Сіздей төре сұңқарға.

Бәйгелі жерден бақ болған,

Сегіздей жүйрік тұлпарға.

Қайғырмаңыз, ханзадам,

Келмей тұр аузым айтарға,

Батырың өтті Бөгенбай.

Өкпе қылған ел үшін,

Жауда кеткен кек үшін,

Қазақтың абырой-арына

Сарп қылған бар күшін,

Қайыры болсын халқыңа,

Сабыр қыл, ойла келмесін,

Қарияң келіп жырлап тұр

Еңбегі сіңген ер үшін

Батырың өтті Бөгенбай.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2029
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2464
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1590