Сенбі, 27 Сәуір 2024
Абай.tv 7676 5 пікір 13 Желтоқсан, 2023 сағат 19:14

Экс-депутат: Біздің үкімет не өлтіре алмай, не тірілте алмай отыр!

Парламенттегі депутаттарды негізінен екіге бөлуге болады. Ұлты үшін қам жегендер және атағы үшін нан жегендер. Сол нан жейтіндердің саны, қам жейтіндерден көп болып тұрғаны бізге әлі кәсіби парламент құруда қол байлау болып келе жатқан жоқ па деген сауал қиял көкжиегінде қылаң береді екен.

Жақында Мәжілістің бұрынғы депутаты Берік Сәлімжанұлы Дүйсембинов «Usbanov ARNASY» YouTube арнасының «Сәрсенбідегі сауал» подкастына сұхбат берді.

Сұхбатта спикер қазақты толғандырған сайлау, саяси күрес һәм еркін сөз, кәсіпкерлік қатысты: «Мәжілісте фракция депутаттары мен партия арасындағы байланысы жоқ партиялар бар», «3 млн қазақ сұраусыз қырылып қалған жоқ», «Қайтарылып жатқан жерлер – мал жаюға ыңғайсыз, қу дала», «Мәжілістегі депутаттық – әкемнен қалған орын емес», «Алдыңғы сайлаулар ұрлық болса, бұл жолғысы – тонау болды», «Креслолар ауысып, министрлік атаулары өзгергенімен, кадрлар сол қалпында», «Қолынан ұстап, қылмысың дәлелдегеннің өзіңде жұмыстан кетпей отырғандар бар», «Түсінгенім – депутаттың қолында нақты билік болмай, ештеңе шешілмейді» және  «Біздің үкімет не өлтіре алмай, не тірілте алмай отыр!», -  деп өзіндік түйіндеулер жасайды.

Сонымен қатар, билікке жамбастары жабысып қалғандар да спикер Берік Дүйсембиновтің назарына тыс қалмады. Біздікі тек қоғамды толғандырған талай мәселеге толымды жауап берген Берік Сәлімжанұлының сұхбатын оқырмандарымыздың назарына ұсыну. Мархабат...

Abai.kz

5 пікір