Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3209 1 пікір 3 Қыркүйек, 2013 сағат 08:28

Шығыстағы білім күні

Тағы бір оқу жылының басталғанын әйгілеп, аймағымыздың барлық мектептерінде алғашқы қоңыраудың сыңғыры естілді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» ұстанымын ұран еткен білім күнінің мерекесі облыс орталығының барлық мектептерінде өз деңгейінде тойланды. Ал Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп үшін бұл оқу жылы қос қуанышқа дөп келіп отыр. Қос қуаныштың бірі – білім ошағының 20 жылдық мерейтойы болса, екіншісі – қазақтың көрнекті қаламгері Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы. Жаңа оқу жылын осындай жаңалықпен қарсы алған мектепке аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ арнайы бас сұғып, мерекемен құттықтады.

Инемен құдық қазғандай қиын да қызғылықты іске бел шеше кіріскен ұстаздар мен оқушыларға, олардың ата-аналарына табыс тілеген облыс басшысы Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тікелей назарда ұстауының арқасында білім саласының мол жетістіктерге жетіп, дұрыс арнаға түскенін атады.

Мерекелік шараның мазмұны бұл салтанатты шараға келген құрметті қонақтардың да көңілінен шықты. Балалардың бал тілімен әдемі әзілге құрылған тақпақтар айтылып, әуезді әндер шырқалды. Буынсыз бүлдіршіндердің билері де шараның сәнін келтірді. Әйгілі қаламгердің атын алған білім ұясында 1200 шәкіртті 80 мұғалім баулуда. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шынар Мажинованың айтуынша, осы 20 жылдың ішінде қалыптасқан игі дәстүрлердің арқасында ұрпақтар сабақтастығы орнаған.

Бір емес, екі мерейтойға дайындалып жатқан мектептің сыртқы келбеті мен заманауи жарақталуына назар аударған облыс басшысы білім ошағының аумағын түгел аралап шықты. Мектеп жанындағы жасанды жабынмен қапталған үлкен футбол алаңына көңілі толған ол волейбол алаңының құрылысын ширата түсу керектігін ескертті.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар