Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 3699 3 пікір 7 Желтоқсан, 2023 сағат 16:22

Ана мен шеше туралы

Әр күні таңертең әр адамның ойына әртүрлі ой келеді...

Жаңа күн сонымен басталады...

Бүгін менің ойыма Ана және Шеше деген сөздер келді...

Сірә, анамды сағынған болуым керек, барып қайтқаным жөн ау деймін - ол енді бөлек әңгіме...

Ал, бұл туралы ой келгенінің өзге себебі - жақында ғана қазақтың киелі "шеше" ұғымына сайқалдық шабуыл жасалғанының әсері ме деп ойлаймын...

Иә, жақында ғана қазақ КИЕСІНЕ агрессия болды.

Онда АНА мен ШЕШЕ ұғымдарын ажыратып, Ананы - жақсы, Шешені - жаман көрсету арқылы осы екі киелі ұғым арасына жік салу әрекеті жасалды.

Бұл - халыққа қарсы жасалған "рухани қылмыс" түрі.

Неге?

Себебі, қазақ дүниетанымы үшін бұл екі ұғым да киелі, сакральды мағынасы бар ұғымдар.

Екеуі де "Өмір өзегі" деген мағынаны білдіреді.

Айырмашылығы неде?

Бізде "АНА" ұғымы - бүкіл әлемді жарық дүниеге әкелген "Аналық бастау" атты қасиетті мағынаға ие.

АНА - ИЕ ДЕ, КИЕ ДЕ!

Ал, ШЕШЕ - "нақты ұрпақты өмірге әкелу, оны бауырына алу арқылы "аналық бастауға" қарай аяқ басқан қадірлі жан" дегенді білдіретін киелі ұғым...

Қазақтың дүниетанымдық тарихында Ана мен Шеше  осындай мағынаға ие!

Ал, енді, бүгіндегі шеше туралы жағымсыз сөз айту - ол осы тұнығымызды лайлау әрекеті.

Бұл - халық санасының ең буынсыз, біртұтас жеріне балта шабумен бірдей!

Аналарымыз аман болсын!

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1199
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1093
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 829
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 966