Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 2844 1 пікір 7 Желтоқсан, 2023 сағат 16:19

Теңгені теңселтетін факторлар күшейіп келеді

Атамыз билік құрған жылдары Қазақстанның бағыты мен теңгесіне әсер етіп, ықпалын жүргізетін дүниелер көбейіп кеткенін бәріміз білеміз (экономика еңсесін көтере алмай жер бауырлап жатқан соң, солай болады ғой).

Айдалада қымбатшылық болса, оның салқыны арадағы бірнеше елді көктей өтіп бізге келіп тиетіне етіміздің үйренгені қашан?..

Ауылда бір әлжуаз ағамыз бар еді... Күн суытса, алдымен сол ағамыздың мұрны бітіп, көзі жасаурап тұмауратуып қалатын-ды.

Қазақстанның қазіргі экономикасы маған иммунитеті төмен, ілініп-салынып, дәріні өкілге жалғап күн кешкен сол ағамызды еске салады.

Қуатты өндіріс болмаған соң, көрген күнің осы ғой. Құрыққа сырық жалғап күн кешесің.

Білгіштер алдағы уақытта мұнай бағасы қымбаттап, әрең тұрған теңгеміз теңселіп, экономикамыз шатқаяқтауы мүмкін екенін айтып, дабыл қағуда.

Бірақ біз одан қорқықпаймыз. Талай зұлмат пен қайғы-қасіретті бастан кешкен қазаққа мұнайдың бағасы көтеріліп, теңгенің теңселуі жаңалық болып па?

Жылда, күнде көріп жүрген құқай емес пе? Несін айтасыз, атамыздың арқасында дағдарыс болмаса дағдарып қалатын күйге жеттік. Сыртта дағдарыс болмаса оны ел ішінде Үкімет өзі тудырып алады емес пе?

Ал сұлу теңгемізді Батыстан, Шығыстан соққан желдің жиі шайқайтыны және бар.

Дағдарыстың өмірмізбен біте қайнасып кеткені сонша, әлемде мұнай арзандаса, Қазақстанда бензин қымбаттайтын безгелдек ауыру бізде ғана бар шығар?

Білікті мамандар эконмикасы заңдылыққа сай жұмыс істейтін елдерде дизель отынының бағасы бензиннен басып озбайтынын жиі айтады.

Ал мұнайға бай Қазақ елінде дизельдің бензиннің алдына түсіп кеткеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Біздің шенділер аман болса, Энштейннің тартылыс заңын талқанын шығаруы да бек мүмкін.

Таяуда регуляторымыз – Ұлттық банк әлемде мұнайдың бағасы көтерілуіне байланысты төл теңгеміз әлсірей бастауы мүмкін екенін алға тартты.

Бас банктың пайымынша, мұнайдың қымбаттауы мен елде жанармай бағасының сан құбылуы теңгені теңселтетін басты фактор екенін айтты.

Алдағы жылы Путиннің сайлауы сәтімен (солай болады деп болжасақ) өтсе, доллар тағы да жалын күжірейтіп шыға келетіні анық. Өйткені сайлаудан кейін рубльдің позициясы әлсіреп, доллар күшейе түсетіні белгілі.

Ал мұның салқыны теңгеге бірден тиетінін ішіңіз сезіп отырған шығар? Сондықтан алдағы жылы теңгенің басын бұлт үйіріліп, алай-түлей күндерді бастан кешері анық. Соған қазірден дайын болайық ағайын.

Нұрлан Жұмақанов

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1152
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1054
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 787
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 912