Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4706 0 пікір 23 Қыркүйек, 2013 сағат 12:08

Баспа үйінің қара шаңырағы

1- сурет: Ұлттар Баспасы Қазақ редакциясының жалпы ұжымы
2- сурет: Ұлттар Баспасының Бейжіңдегі қызмет ғимараты
3- сурет: Ұлттар Баспасы Қазақ редакциясының бастығы Бақытбек Тоқтасын ұлы
4- сурет: Беижіңдегі Тян-анмын қорған мінбесі

(Бейжің ұлттар баспасына 60 жыл)

     Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған  ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы ـــ  салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, ана тілін, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де  ұлы тәрбие құралы ــــ кітап. Кітапсыз тәлім-тәрбие мен ілім-білімнің орны бос қалатыны бесенеден белгілі. «Кітап ـــ білім бұлағы, білім ـــ өмір шырағы» деген дана сөз тегіннен-тегін айтылмаған болса керек. Адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар құрал ــــ алуан мазмұндағы кітаптар мен түрлі гәзет-журнал болса, сол рухани өнімдерді өндіретін орын баспа немесе баспа үйі деп аталады. Осындай баспалардың бірі ــــ Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңде, Қазақ тіл-жазуында жұмыс атқаратын Ұлттар Баспасы еді.

1- сурет: Ұлттар Баспасы Қазақ редакциясының жалпы ұжымы
2- сурет: Ұлттар Баспасының Бейжіңдегі қызмет ғимараты
3- сурет: Ұлттар Баспасы Қазақ редакциясының бастығы Бақытбек Тоқтасын ұлы
4- сурет: Беижіңдегі Тян-анмын қорған мінбесі

(Бейжің ұлттар баспасына 60 жыл)

     Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған  ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы ـــ  салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, ана тілін, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де  ұлы тәрбие құралы ــــ кітап. Кітапсыз тәлім-тәрбие мен ілім-білімнің орны бос қалатыны бесенеден белгілі. «Кітап ـــ білім бұлағы, білім ـــ өмір шырағы» деген дана сөз тегіннен-тегін айтылмаған болса керек. Адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар құрал ــــ алуан мазмұндағы кітаптар мен түрлі гәзет-журнал болса, сол рухани өнімдерді өндіретін орын баспа немесе баспа үйі деп аталады. Осындай баспалардың бірі ــــ Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңде, Қазақ тіл-жазуында жұмыс атқаратын Ұлттар Баспасы еді.

      Қытайдағы аз ұлттар үшін қызмет атқаратын мемлекет дәрежелі баспа орны ـــ Ұлттар Баспасы Бейжіңде құрылды. Қытай компартиясы мен мемлекетінің Ұлттар Баспасын құруы жаңа Қытай өкіметінің мәдениет істеріндегі тың бастама болды, бұл Қытай тарихында, қала берді, дүнйе тарихында ерекше мән алды.

     Ұлттар Баспасы 1953-жылы 1-қаңтарда Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңдегі Дұң-анмын қақпасы Быйхы-ан көшесі Изы хутұңында (шолақ көшесінде) ресми құрылды. Ұлттар Баспасының құрылуы Қытай мемлекетінің  ұлттық саясатының жемісі, сол елдегі аз ұлт тіл-жазу саясатының жанды бейнеленуі болды. Ұлттар Баспасы 20 неше ұлттан құрам тапқан, 300 ден астам қызметші-жұмысшылардан құралған, аз ұлттар тіл-жазуы мен аз ұлттар ерекшелігін арқау еткен, аз ұлттардың саяси, экономика, діни, мәдени, көркемөнер жақтарындағы жетістікерін ел іші-сыртына таныстыратын, аз ұлттар тіл-жазуындағы бірден-бір мемлекет дәрежелі универсалды баспа. Баспа құрылған тұста, оның қарамағында Моңғұл, Тибет, Ұйғұр, Қазақ, Көрей ұлттары тіліндегі редакция-аударма бөлімдері бірге құрылды. Қазақ редакция-аударма бөлімі осы аталған редакция-аударма бөлімдерімен бірге құрылып, жұмыс бастағанымен, оның алғашқы дайындық жұмыстары 1950-жылдың басынан бастау алған болатын.

    ҚХР құрылған 1949-жылдың алғашқы жылдарында, мәдениет-көркемөнер саласын жаңадан қолға алып, мәдениет құрылысы үшін шарт-жағдай әзірлеп, ел ішіндегі аз ұлттардың тіл-жазуын қалпына келтіру мақсатында 1950-жылы 15-қаңтарда ҚХР Ұлттық Істер Комитетінің ақылшылар кеңсесі құрылып, аз ұлт тіл-жазуындағы аударма жұмысын бастаған еді. Кеңсе жұмыс бастағаннан кейін, Мағауия Жәкулин мен Сағидолла Тоқтасын ұлы талап бойынша осы кеңсенің қызметкері болып бекітіледі де, аударма қызметін істейді. Бұл саладан мүлдем хабарсыз олар, тыңнан кірісіп, қызғынды істеудің нәтижесінде, алғашқы еңбектері ـــ екі бөлімді «Қытай төңкерісі оқулығы» атты кітапты аударып, 1952-жылы басып шығарады. Міне, бұл Ұлттар Баспасы ресми құрылудан ілгері, орталық қала Бейжіңнен ана тілімізде басылым көрген тұңғыш басылым еді. Кітаптің баспадан жарық көруі олардың аударма қізметіне деген талпынысын, ұлттық тіл-жазуда баспа құру сенімін тіпті де бекемдей түседі. Олар бір жақтан жоғары орынның бұйрығы бойынша мемлекеттің маңызды құжаттарын, құрылтай құжаттарын, жиын рухын аударса, енді бір жақтан ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениетінің дамуына тиімді саналған кейбір сара туындыларды аудару жұмыстарымен де шұғылданады. 1952-жылы қарашада, Ши-ан қаласындағы ҚХР батыс-терістік райондық ұлттық істер комитетінде жұмыс істейтін, аудармаға ысылған, тәжірибелі, кәсіптік қабілеті жоғары Нығымет Мыңжан ұлы Қытай мемлекеттік ұлттық істер комитетінің ақылшылар кеңсесіне алмасып келеді. Сонымен, 1953-жылы 15-қаңтарда Дұң-анмын қақпасы Быйхы-ан көшесі Изы хутыңында, Орталық Ұлттар Баспасын құру жиыны ресми шақырылады. Жиынға өзге ұлт уәкілдерінен тыс, Нығымет Мыңжан, Балқаш Бапиндар қатынасып, Нығымет Мыңжанұлы Ұлттар Баспасы Қазақ редакция-аударма бөлімінің тұңғыш меңгерушілігіне тағайындалады. Міне, осылайша, Ұлттар Баспасының Қазақ редакция бөлімі, болашақ сапарының бірінші қадамын, осы бір тарихы ұзақ, көне мәдениеттің мәйегі болған, ескі жұрттың ежелгі хутыңынан бастайды.

     Ұлттар Баспасы шаңырақ көтеріп, Қазақ редакциясы жұмыс бастағанда, редакциямыздың қызмет сипаты Қытай компартиясы мен Маркс, Енгелс, Ленин, Сталин, Мау зыдұң қатарлы төңкерісшіл, коммунизмшіл көсемдердің таңдаулы томдарын, шығармаларын, сондай-ақ Қытай компартясы мен мемлекеттің маңызды құжаттарын, заң-жарлықтарын ана тілімізге яғни, Қазақ тіліне аударып баспадан шығаруды өзінің негізгі міндеті етті. Осы қызметтердің негізгі жауапкершілік міндетін үстіне алған Нығмет Мыңжан ұлы қасындағы қызметтестері Кәжей Жәмшитов, Балқаш Бапин қатарлы санаулы кісілердің сапалы қызметі арқасында, редакция құрылғаннан кейінгі тұңғыш тапсырыстық міндеті «Қытай Коммунистік Партиясының негізгі заңы» атты еңбекті аударып, сәтімен баспадан шығарады. Осыдан бастап, 1957-жылға дейін мемлекеттің түрлі саяси заң басылымдарын, маңызды құжат рухтарын, құрылтай құжаттарын арт-артынан басып шығарып, сан мен сапаға бірдей мән беріп, өсе түседі. 1957-жылға келгенде, баспамыз өзінің өткен бірнеше жылғы тәжірибелерін қорытындылай келіп, кілең аудармадан гөрі кейбір шағын әдеби кітаптарды, сондай-ақ төл туындыларды талдап басуды жоспарға алады. Осы бір шешімнің нәтижесінде, Қытай Қазақ әдебиет айдынында қалам тербей бастаған алғашқы көшбасшыларымыздан Рахыметолла Әпше ұлының «Озғандар мен тозғандар» атты әңгімелер жинағы мен Құрманәлі Оспан ұлының «Шаттық жырлары» атты өлеңдер жинағын баспадан шығарып, әдебиет пен өнерге жол ашады да, саяси-заң кітаптарын аударудай бір сарындылықтан, әдеби төл туындыларды редакциялап, басып шығаратын универсалды өреге біртіндеп жол салады.

      1978-жылғы, ҚХР 11-кезекті орталық комитетінің үшінші жалпы мәжілісінен кейін, бүкіл мемлекет көлемінде құрылымға жаппай реформа жасап, шет елге есік ашық ұстау саясатының жетегінде, ел ішінде барлық сала өз арнасына түсе бастаған, елдегі әр ұлт халқының рухани жақтағы тың серпілісі, әдебиет-көркемөнердің қайта жандана бастауы ـــ ұлттар баспасының да дамуына түрлі жақтан тың орайлар мен тамаша шарт-жағдай ала келді. Баспамыздың дәуір талабына сай көп салалы кітап-журнал шығаратын, мемлекет дәрежелі бірден-бір универсалды баспаға айналуына негіз қаланды. Бұл тұста редакциямыз бұрынғы редакция-аударма бөлімінен, кілең редакция бөліміне өзгеріп, бұрынғы аударманы негіз етуден қосымша істеуге ойысып, бірте-бірте ысылған редакторлық қызметке мән беріп, кәсіптік функция жағында тың бастамалар жасап, кітап шығару көлемі жағынан болсын, әлде тақырып талдау жағынан болсын өрісін кеңге жайып, жан-жақтылы дамуға бет түзеиді. Әне, содан бастап Қазақ редакция бөлімі де сан алуан түрдегі кітаптарды неше мың, неше он мың тиражбен шығаратын дәрежеге жетсе, тақырып талдауда тек ел ішіндегі авторларының туындыларын басып шығарып қалмастан, шетел авторларының да таңдаулы туындыларын басып шығаруды жоспарға алып, аты мен атағы ел іші-сыртына бірдей таныла бастайды. Шетел авторларының шығармаларын, әсіресе бұрынғы Кеңес одағы жазушыларының еңбектерін, соның ішінде Қазақстан жазушыларының шығармаларын таңдап шығарумен бірге, аталмыш шығармаларды жаңаша жазумен (латын харіпімен) басып шығару жұмыстарын да істеп келді. Осы кездегі, одан бұрын да баспамыздан шыққан саяси, классик шығармалардың негізі ежелден тарихи байланысы үзілмеген Қазақстан әдебиеттері мен аудармалары негізінде басылған кітаптар мен аудармаларының ықпалы, көмегі болғанын айтуға міндеттіміз.

      Ұлттар Баспасы өзінің 60 жылдық сапары жолында, көздеген мақсатында берік тұрып, ұлтымыз үшін, ұлттық өркениетіміз бен мәдениетіміз үшін, ана тіліндегі тіл-жазу үшін ершімді еңбек етіп, Қытайдағы санаулы қауымға сапалы рухани азық беріп келгені баршаға аян. Баспа  кейіндеп, ауыл шаруашылық, жаратылыстық ғылым жақтарында да бірқыдыру тақырыптық жоспарлар жасап, қазақ ұлты қоныстанған райондардың нақтылы ахуалына сай, ауыл шаруашылығы, ғылым-техникадан білім беретін кітаптарды да шығарып, қалың оқырман қауымның қажетінен шығуға талпынды. Айталық, «Шинжяңның ауыл шаруашылық ауа райы», «Біздің денсаулығымыз», «Мал шаруашылығының негіздік білімдері», «Төрт маусым өзгерісі», «Нажағай және бұршақ», «Мал шаруашылығының ақылшысы», «Мал дәрігерлік ілімі», «Қой, сиыр етін ғылми жетілдіру», т.б. сынды ғылым жалпыластыруға қатысты аударма кітаптар мен төл туындыларды басып шығарды.

      Әдеби төл туындылар мен ұлттық мәдени мұрағаттарға қатысты шығармаларды баспадан шығару, Ұлттар Баспасының маңызды бір жоспары еді. 60 жылдан бері қарай бұл жағында қыруар қырпулы жұмыстар істегені белгілі. Әу баста қызмет сипатының талабы бойынша қытайдағы танымал жазушылардың әдеби туындыларын таңдап аударудан бастап, шетел жазушыларының классик әдеби шығармаларын да қытай тілінен ана тілімізге аударып басып, қалың оқырмандардың әдеби кітапқа деген қызғындылығы мен қажетінен шығып келді. Айталық, Чұй иуанның «Мұңмен қоштасу», Диң лиңның «Сангуан көгінен көтерілген күн», Горкидің «Балалық шақ», «Менің университетім», Толстойдың «Арылу», т.б. шығармалары... Ал, төл әдебиетіміздегі ұлт мұрасы жағында «Қазақ қисалары», «Оғыз қаған туралы аңыз», «Салиқа-сәмен», «Анар-сәуле», «Арқалық батыр», «Тяншан жыры», «Қазақ халық әндері», «Қазақ аңыз-ертегілері», «Қазақ мақал-мәтелдері», «Әсет шығармалары», «Қазақ би өнерінің негіздері», «Елжау-күнби» (1-3 том), «Құран кәрім» қатарлы кітаптар ұлтымыздың мәдениет алтын қорына қосылған сара туындылар болса, қатпары қалың тарихтан сыр шертетін, ұлт тарихына қатысты «Шинжяңдағы үш аймақ төңкеріс тарихы», «Қазақ тарихындағы әйгілі адамдар» (36 кітап), «Қытай тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» (1-3 том), т.б. атты кітаптар да ұлтымыздың рухани өміріндегі кем болса болмайтын асыл мұраларына айналды. Бұдан қала берсе, ел ішіндегі танымал қазақ әйел авторлардың «Жарты әлемнің жарық жұлдыздары» атты желілес әдеби кітаптарі, жас ақын-жазушыларға арналған «Жастық жыры» атты желілес жинақтар, «20-ғасыр әдебиет қамбасы», Омарғазы Айтан ұлы, Қазымбек Арабин, Құрманәлі Оспан ұлы, Құрманбек Зейтінғазы ұлы, Сұлтан Жанболат ұлы, Әкбар Мәжит ұлы, Балапан Рабат ұлы т.б. қатарлы авторлардың толық жинақтары мен туындылары да қалың оқырманның жүрегіне жол тартты. Сонымен бірге, ата жұрт Қазақстандағы қазақ қалемгерлерінің классик туындыларынан «Абай жолы», «Ботагөз», «Абай өлеңдері», «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Аласапыран», «Құтты білік», «Қарағанды», «Махаббат қызық, мол жылдар», «Аманат», «Жаңа қазақтар», «Қалың елім, қазағым», «Тарих толқынында», «Еуроазия жүрегіндегі Астана», «Үміт үзгім келмейді», «Күншілдік», «Қазақ өркениеті», «Соғыстың соңғы бомбасы», «Асылдарым», «Айналайындарым менің», т.б. қатарлы кітаптарды басып шығарып, қытайдағы оқырмандардың атамекен Қазақстан әдебиетінен сусындауына жол салып келді. Бұл арада ерекше бір тілге тиек ететініміз, «Абай жолы», «Абай өлеңдері», «Абай ғақылиялары», «Қалың елім, қазағым», «Тарих толқынында», «Еуроазия жүрегіндегі Астана», «Үміт үзгім келмейді», «Күншілдік», т.б. қатарлы кітаптар Қытай тіліне аударылып, өзге ұлт оқырмандарына кеңінен таныстырылды.

     Бұдан сырт, баспамыз қос тіл түріндегі қолданылмалы кітаптарды басып шығару қызметін мықты ұстап, сөздік шығару жағында тынбай құлшыныс жасап, ілгерінді-кейінді «Дүние тарихындағы әйгілі адамдар» (қазақша-қытайша), «Қытайша-қазақша сөз тіркесі мен идюм сөздігі», «Қытайша-қазақша идюмдар сөздігі», «Қытайша-қазақша диолог», «Қытайша-қазақша сауаттық сөздік», «Қытайша-қазақша тіл ғылымы сөздік қоры», «Қазақша-қытайша сөздік», «Қытайша-қазақша заң атау-терминдері», «Қытайша-қазақша салыстырмалы сөздік», «Қытайша-қазақша хайуанаттар сөздігі», «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің түсіндірме сөздігі», «Қазақша-қытайша мақал-мәтелдер шағын сөздігі», т.б. қатарлы сөздіктерді редакциялап баспадан шығарды. Бұл қолданылмалы кітаптар ұлттар ара мәдениет ауыстыру, ұлтымыздың мәдениет өресі мен қос тіл өресін жоғарылату жағында маңызды рол атқарып, қалың оқырман қауымның қызу қарсы алуына бөленді. Бұдан қалса, бұлақ көрсең көзін аш, ұлттың келешегі ұрпақта демекші, ұлт мәдениетінің жалғасуы мен дамуы ұрпақ тәрбиесінен бөле қаралынбайтындықтан, балаларға арналған «Қытай қиял-ғажайып ертегілері» (1-4 том), «Әлемдегі әйгілі балалар ертегілері» (1-8 том), «Қытай балалар энцклопедясы» (бастауышқа арналған 1-10 том, орта мектепке арналған 1-10 том), «Кел, балалар, оқылық» (1-10 том) қатарлы ертеңгі күн иелеріне арналған, жасөспірімдердің сапа тәрбиесіне арналған желілес кітаптарынан 120 түрге жақын кітап шығарып, өспірімдердің білім нәрінен ақаусыз сусындауына мүмкіндіктер жасалды.

      Сыртқа есік ашу мен реформаның жылы лебі ала келген, жалпы түзіліске бұрылыс жасау баспамыздың ел іші-сыртымен қарым-қатынас жасау аяқ алысын тіптен тездетіп жіберді. Баспамыздан басылым көрген түрлі кітап-журналдар Қазақстан, Германя, Хонкоң, Жапония, Руссия, Франсия, Малайзия, Түркия қатарлы елдерде өткен халықаралық кітап көрмесіне қатынасып, кейбір басылымдарымыз түрлі жолдармен шетелге таратылып, шетел оқырмандарының назарын аударса, кейбір кітаптарымыз, айталық «Ақсақ құлан», «Қытай тану білімдері» қатарлы кітаптар шетелде басылып, таратылды. Көптеген кітаптар ел ішы-сыртындағы халықаралық, мемлекеттік, өлке-райондық кітап сыйлықтарын жеңіп алды.

      Міне, бүгін, ұлттар баспасы алпыс қыс, алпыс жазды артқа тастап, өзінің туылған күнін, торқалы тойын төрт төңірекке ат шаптырып тойлағалы жатыр. Ұлттар Баспасының 60 жылдық ғұмырында онда қызмет еткен бірнеше ұрпақ, ұлтымыздың баспасөз мәдениетін көркейту, ұлттық руханият пен мәдениетті насихаттау жолында ел есінде, тарих беттерінде қалатындай өнімді жұмыстар жасады деп айта аламыз. Әу баста Қазақ редакциясының көшбасшысы болып, редакцияның төрт аяғынан тік басып кетуі жолында көрнекті жұмыс істеген Нығымет Мыңжан ұлынан тартып, кейінгі ат тұяғын тай басып, бұрынғыға мұрагер, кейінгіге бұйдагер болып, Қазақ бөлімінің тұтқасын ұстап, ыстығына күйіп, суығына тоңған Мұқаш Жәке, Кәрменбай, Ха хуанжаң (қабай), Абылаш Қасымбек ұлы, Нұрбек Әбікен ұлы, Қаһарман Мұқан ұлы, Қазымбек Арабин, Құрмаш Қали ұлы, Қалибек Кенже ұлы, Ақапбай Шоған ұлы, Бақыт Тәліпбәй ұлы, Амантай Сағат ұлы, Әлімжан Нұрғазы ұлы, Мұнай Әбілбай ұлы, Бақытбек Тоқтасын ұлы қатарлы аға редакторларымыз бен баспагерлеріміздің күні бүгінге дейін істеген игілікті жұмыстары ел есінде деп сенеміз.

      Ұлттар Баспасы бүгін де цифырлы дәуірдің дабылы қағылған 21-ғасырдың қақпасын айқара ашып, жаһанданудың салқар көшінен қалмай, дәуірмен бірге дамудың тың жобаларын жасап, цифырлы басылымның сындарлы сынақтарына сайыс жариялап, бәсекеге толы дамудың қайнаған ортасында өз бағын сынауда. Жаңа заман жастарының жаңа ой, тың талғамымен, миллиард Қытай елінде өз ана тілін құрметтеп, редакция ұжымына келіп қосылып, жүйрік заманның, цифырлы дәуірдің талабына сай мәдениетіміздің күннен-күнге құлпыра түсуі үшін аянбай тер төгіп, жастық ғұмырын ұлттың баспасөз мәдениетінің дамуы мен гүлденуіне арнап жатқаны, баспаның болашағынан зор үміт күттіреді.

       60 жылдан бері Ұлттар Баспасы 20 мың түрлі, 200 миллионнан астам әр ұлт тіл-жазуында кітап-журнал басып таратты. Қазыр жылына мың түрден астам әр ұлт тіл-жазуындағы кітап-журнал басып шығарады. Осының ішінде жылына басылып шығатын қазақ тіл-жазуындағы басылымдар 100 түрден асады. Цифрлы басылымның дамуына ілесе, Ұлттар Баспасында көп медиалы дыбыс-бейне баспасы және шығыс ұлттары ғаламтор сайыты (www.e56.com.cn) жұмыс істейді. Ұлт өркениеті мен мәдениеті үшін еңбек ету саналы ұрпақтардың ойындағы толғақты түйін, әрбір азаматтың бас тартпас борышы, өмірлік міндеті болса жөн. Жолымыз бір, ойымыз ортақ, санамыз ашық болса мәдениетіміз мәйекті болары даусыз. Ал, сол мәдениетіміздің жақыннан жаршысы, алыста көз-құлағы болып жүрген Ұлттар Баспасы да дүниедегі Қазақ өркениеті бағында құлпыра гүл ашып, мәуелі жемісін оқырмандарына молынан сыйлай бергей, иллаһим. 

Дайындаған: Жұмажан СҰЛТАНӘЛІҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір