Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4487 0 пікір 23 Қыркүйек, 2013 сағат 10:21

Гүлен түрткен...

Редакциямызға Жанар Тоққожақызы есімді оқырманымыздан төмендегідей хат келіп түсті.

«Құрметті «abai.kz» сайтының редакциясы!

Жуырда түріктің дін ғұламасы саналатын Фетхуллаһ Гүленнің «Ғаламдағы тылсым күштер» деп аталатын кітабын оқып шыққан едім.

Кітапта бұған дейін өзім естіген діни ақпараттарға қайшы секілді көрінген көптеген күмәнді ойларға тап болдым. Өзімді мазалаған сұрақтар бойынша Алматы Орталық мешіті мен Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітінің сайттарына (azan.kz және muslim.kz) сұрағымды жолдаған едім. Алайда, толыққанды жауап болмағасын, өздеріңізге жүгініп отырмын.

Төменде сол кітаптан үзінділер келтіріп отырмын. Осыны менің бұған дейін мешіт молдаларының айтуымен білетінімнің, не мына кітаптағы жайлардың қайсы дұрыс, қайсы дұрыс емес екенін, ақ-қарасын ажыратып, талдап айтып беретін діни сауатты адамдарға жеткізіп, бір жауабын берсеңіздер екен».

Біз хатты жариялай отырып, дінтанушылардан хатқа жауап жазып, Жанарды әрі-сәрі күйге түсірген Фетхуллаһ Гүленнің кітабындағы дүниелерге жауап беруін сұраймыз!

Abai.kz

        

Редакциямызға Жанар Тоққожақызы есімді оқырманымыздан төмендегідей хат келіп түсті.

«Құрметті «abai.kz» сайтының редакциясы!

Жуырда түріктің дін ғұламасы саналатын Фетхуллаһ Гүленнің «Ғаламдағы тылсым күштер» деп аталатын кітабын оқып шыққан едім.

Кітапта бұған дейін өзім естіген діни ақпараттарға қайшы секілді көрінген көптеген күмәнді ойларға тап болдым. Өзімді мазалаған сұрақтар бойынша Алматы Орталық мешіті мен Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітінің сайттарына (azan.kz және muslim.kz) сұрағымды жолдаған едім. Алайда, толыққанды жауап болмағасын, өздеріңізге жүгініп отырмын.

Төменде сол кітаптан үзінділер келтіріп отырмын. Осыны менің бұған дейін мешіт молдаларының айтуымен білетінімнің, не мына кітаптағы жайлардың қайсы дұрыс, қайсы дұрыс емес екенін, ақ-қарасын ажыратып, талдап айтып беретін діни сауатты адамдарға жеткізіп, бір жауабын берсеңіздер екен».

Біз хатты жариялай отырып, дінтанушылардан хатқа жауап жазып, Жанарды әрі-сәрі күйге түсірген Фетхуллаһ Гүленнің кітабындағы дүниелерге жауап беруін сұраймыз!

Abai.kz

        

Кітаптың «Рухтың бар екенін айғақтайтын нақты оқиғалар» деп аталатын бөлімінің «Өлім алдындағы рухта байқалған жайлар» тармағында былай делінеді:

«Мадам Флоранц Марриант былай баяндайды: Достарымның арасында элиталық қауымнан шыққан, көріпкелдік қабілеті өте күшті жас әйел бар еді... Эдис (көріпкел әйелдің аты) сіңілісі өлім аузында жатқанда тапжылмастан жанында болады. Сол кезде ол ғайыпты тамашалау халін бастан кешкенін, яғни рухтың тәннен баяу ғана бөлініп жатқанына куә болғанын әңгімелейді...

...Ажал сәті жақындағанда, әлгі елес қозғала бастайды. Жеңіл күйде қалықтап толқындана түседі. Эдис аңтарылып отырғанда, бөлме ішінен тағы жарқыраған екі бейне көрінеді. Эдис бұларға қарап атасы мен әжесін анық таниды. Олар да ертеректе осы үйде жан тәсілім еткен еді. Екеуі науқастың тәнінен бөлек тұрған елес денесіне жақындайды. Оны үлкен мейіріммен құшақтарына басады. Астралды дене атасының омырауына басын қойып, құшағына кіріп кетеді. Олар науқастың демі үзілгенше, осылай тұра берді. Сонан соң әлгі елес өзін науқастың денесіне байлап ұстап тұрған дәнекерлердің барлығын үзіп, келген аруақтардың құшағында, бәрі бірдей терезеден ұшып кетті». /Ғаламдағы тылсым күштер, 29-31-б./

1. Осы бір үзіндіден «адам өлген соң барзақ әлемінде яки ләззатқа, яки азапқа душар болмай, өзі қайтыс болған үйдің маңында ұшып жүріп, туысы хал үстінде жатса, соның рухын алып кетумен айналысады екен ғой» деген ой еріксіз туындайды. Бұған дейінгі оқыған азды-көпті шариғи әңгімелерде жанды өлім періштесінің келіп алатыны, оның жан тапсыратын адамның өзіне ғана көрінетіні айтылатын еді. Автор шариғатқа жалған мысал келтіріп отыр ма?

          Енді келесі үзінді.

«...Ғайыпты білуші – Аллаһ. Оның сырын ешкімге ашпайды, бірақ разы болған елшілеріне білдіреді, өйткені Аллаһ өзінің елшісінің алды-артына күзетші қояды» («Жын» сүресі, 26-25-аяттар) – делінген. Бұлайша алдын-ала болашақты білу – пайғамбардың Аллаһ атынан сөз сөйлегенінің дәлелі және пайғамбардың мұғжизасы болып саналады.

         Кейде Аллаһ тағала өзінің әулие құлдарының көкірек көзін ашып, оларға өзгелер көре алмайтын тылсымды көрсетеді. Кейбір адамдардың табиғаты осындай сезімдерге және қабілетке ашық келеді. Тіпті кейбір көріпкелдердің өзінде осындай қасиет болады. Мұндайлар табиғатын шыңдап, талмай еңбектену арқылы Хақ тағала бойына дарытқан қабілетті жарыққа шығарып, болашаққа қатысты жайларды алдын-ала сезуі мүмкін...» /Ғаламдағы тылсым күштер, 61-бет/

         2. Автор әуелі ғайыпты Алла елшілеріне ғана білдіретіні туралы аятты келтіреді де, артынан қарапайым адамдар да оны білуі мүмкін екенін айтады. Сонда бұрын мешіт имамдары айтатын «көріпкелге баруға болмайды, ол Аллаға шәк келтірген болады» деген тыйымдардың дұрыс болмағаны ма? Автор айтқандай көріпкелдерге ғайыпты Алланың өзі білдірсе, оларға неге баруға болмайды? Көріпкел, бақсы-балгерлер – жындардың сыбайластары, жын қауымының ішінде күнаһарлары оларға өздері білетін ақпаратты жеткізіп отырады деген әңгімелер туралы кеңірек айтып берсеңіздер.

           «Пихокинезия» деп аталатын 11-бөлімнің «Батыстағы адамдардың күйзеліске түсуінің себептері» деген тармағы былай басталады:

         «Жаман рухтар мен аруақтар адамдар үшін жақсылық әкелген емес. Адамның осал тұсын байқаған сәтінде шабуылға бастайды...» /Ғаламдағы тылсым күштер, 73-бет/

         Кітапта жаман рухтар, аруақтар деген сөздерге анықтама берілмеген. Аруақ – біздің ұғымда өлген адамның жаны. Мына кітапты оқыған адамда жақсы адамның аруағы адамдарға жақсылық істеп жүреді, жаман адамның аруағы жамандық жасап жүреді деген ұғым қалыптасары сөзсіз.  

         «Таза рухтар мен жаман рухтар» деген тармақта:

         «Таза рухтар адамдар арасында руханиятты қорғау міндетін атқарса, азғындаған жаман рухтар адамдарға зиянын тигізу үшін бар күшін салады. Задында, рух шақыру сеанстарына үйір келетін жандардың шақыратын рухтары да көбіне осындай жаман рухтар яки жындар болып табылады. Ал енді пәк әрі таза рухтардың мұндай сеанстарға келуі мүмкін емес».

Фахреддин Разидің осыған қатысты «Жаман рухтар шақыруларға дайын тұрады, ал таза, пәк рухтар шақырғанға келе салмайды» дегені белгілі». /Ғаламдағы тылсым күштер, 77-бет/

3. Сонда жалпы әруақтарды шақыру, оларды келтіру мүмкін болғаны ма? Бұл үзіндіде жаман рухтар мен жындар бөлек айтылған. Сонда жаман рухтар кімдер? Тағы бір туындайтын сауал. Біздер кезінде мола аралағыш ақжолшы, аққу, сұңқарлардың: «үйімізге Домалақ ана келді, Қобыланды батырдың рухы келді» деген сөздерін күлкі етуші ек. Ал мынау не?

«...Ардақты Пайғамбарымыз бен өзге де пайғамбарлардың рухтары мұндай шақыруларға ілтипат жасап келуі мүмкін емес. Имам Раббани, Абдулқадыр Гейләни, Мұхиддин ибн Араби сынды алып ғұламалардың рухтарын да мұндай тәсілдермен шақыру мүмкін емес. Ал жаман аруақтар кез-келген шақыруға жан ұшырып жетіп келеді». /Ғаламдағы тылсым күштер, 77-бет/

 4. Біріншіден, ол қандай шақыртулар? Екіншіден, алып ғұламалардың рухтары мұндай шақыртуларға келмесе, демек, басқалай шақыртуларға келуі мүмкін бе? Пайғамбарлар мен алып ғұламаларды ғана келтіре алмайды екенбіз, сонда өзіміздің аталарымыздың, таныстарымыздың рухтарына шақырту жасауға бола ма? Олар барзақ әлемінен мына дүниеге шыға ала ма?

         «Қолдың киесі» деген тармақта мынадай оқиғалар айтылады:

         «Франциядағы Арл округының Понтде-Кран елді мекенінде тұратын Мадам Мансонның қолының киесі бар еді. Бұл әйелдің адамдар мен жан-жануарлардың ауырып тұрған жеріне алақанын басып, кеселінен құлан-таза айықтырумен қоса, жануарларды, балықтарды және көкөністерді алақанының астында ұстап тұрып, мумияға айналдырып жіберетін қасиеті болатын...

Нимэс қаласынан бір кісі Мадам Мансонға келіп, сіңілісінің бірнеше сағаттан бері ессіз жатқандығын, келе алмауына байланысты суретін алып келгенін айтады. Мадам Мансон суретті қолына алып, біраз уақыт тесіле қарайды да, қайтарып беріп: «Үйіңізге барғанша сіңіліңіз ауруынан айығып ес жияды»,– дейді. Расында да, әлгі әйел үйіне барғанда, сіңілісінің сырқатынан құлан-таза айығып кеткенін көреді». /Ғаламдағы тылсым күштер, 77-бет/

5. Осындай нақтылығы белгісіз қауесеттерге сенген дұрыс па? Жоғарыдағы оқиға ислам сенімі тұрғысынан қалай бағаланады? Бұл сиқырға, жындар әлемімен байланысқа жатпай ма?

Аталмыш кітап мен ғана емес, мен секілді көптеген оқырмандардың қолына түскені және көбіне дүдәмал ой салғаны анық. Кітап «Көкжиек» баспасында қазақшаға аударылып, 7 мың дана таралыммен басылған. ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы мақұлдаған. Мешіттерде, кітап дүкендерінде сатылымда тұр. Ең маңызды сұрағым – НЕГЕ бұлай?

 

ЖанарТоққожақызы

Алматы облысы

Abai.kz

0 пікір