Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3314 0 пікір 19 Қыркүйек, 2013 сағат 07:08

Әбуәли КЕШУБАЙ. Оралда казактар үй ішінен үй тігуде

Батыстың қазағы өршіл, намысшыл келеді деуші еді. Соңғы кездері күмәніміз көбейіп жүр. Бұған Батыс Қазақстан облысындағы казактардың бассыздығына «әй дейтін әженің, қой дейтін қожаның» болмауы себеп. Оралдың казактары ойына келгенін істеп, қазақ елінің мемлекеттік нышандарын мансұқтап жүреді. Олардың шашбауын көтеруші «Уральская неделя» (ары қарай «УН») газеті арандатушы мақаларды үздіксіз жариялап, жұртшылықтың санасына шовинистк идеяларды тықпалаумен келеді. Бұлай күйіп-пісіуімізге себеп – Оралдағы казак ұйымдары қала басшылығының арнайы рұқсатын алмастан Орал қаласының 400 жылдығын атап өтіпті. Бұл дата империалистік Ресейдің қазақ даласын жаулап ала бастаған кезімен сәйкес келеді. Сондықтан Кеңес Одағы кезінде қаланың жасын тойлау алғаш рет үрдіске енгізіліп, ҚазССР Министрлер кеңесінің 1964 жылғы 30 сәуірдегі қаулысымен «Батыс Қазақстан өлкелік комитетттердің ұсынысымен Орал қаласының 350 жылдығын тойлауға шешім қабылданды».

Өтірікші тарихшылар Орал қаласының пайда болуына Орал казактары себепкер болғанын, олар іргетасын қалаған Яицкий қалашығы бүгінгі Орал екенін санаға сіңіріп баққан.

Алайда, тәуелсіздік алған соң өткенге қайта баға берілді. Бұрын да ғалымдар айтып, бірақ нақты дәлелдей алмай келген мәселені М.Сыдықов бастаған алматылық және оралдық ғалымдардың соңғы жылдары жүргізген архелогиялық қазба жұмыстары айқын дәлелдеді. Олар Орал қаласының жасы әлдеқайда үлкен екенін, кемінде 700 жыл болғанын, қаланың іргетасы Алтын Орда дәуірінде қалыптаса бастағанын ғылыми түрде дәлелдеді.

Бірақ Оралдағы казак-атаман ұйымдары оны мойындамай келеді. Жай ғана мойындамай отырған жоқ, өз қарсылықтарын көрсетіп, үй ішінен үй тігіп қаланың өтірік жасын тойлауда. 13 қыркүйек күні қаланың казактары жиналып арнайы жиын өткізіпті. Бұл туралы «УН» газеті ғана ақпарат беріп, сайттарына жариялапты. http://www.uralskweek.kz/2013/09/13/staryj-uralsk-otmetil-400-letie-goroda/ Өзге ақпарат құралдары бұл жиынның заңнан тыс екенін, оны насихаттау ел бірлігіне зиянын тигізетінін, қазақ халқының тарихина қиянат жасап, өткенді бұрмалау болып табылатынын білгенде «УН» білмей қалды ма? Білді білген соң насихаттады. Әдеттегідей пікір қалдырушылар мемлекетіміздің тұтастығына зияны тиетіндей арандатушылық пиғылдарын ашық жариялады. Сонда Батыс Қазақстан облысындағы құқық қорғау ұйымдары ай қарап отыр ма, облыс басшылығы ел бірлігіне, ұлт тұтастығына зияны тиетін мұндай жүгенсіздерге неге тиым салмайды деген ой келеді. Бұл неткен немқұрайлылық!

Айтпақшы, газет редакторы қазақта өші қалған біреу емес, қазақтың «өз ішінен шыққан шұбар жылан» - Лұқпан Ахмедьяров деген біреу. Өз ұлтын өгейсіту үшін, жаттың табанына таптатып, намысын қорлау үшін қолынан келгенін жасап жүр. Улы тілін безеп, талайдың шамына тиген бе, былтыр оны біреулер өлім ші қылып сабап кетіпті.

Дегенмен, бізге одан да маңызды өзге бір ақпарат белгілі болды. Білетіндер, яғни, Оралдың көнекөз журналистерінің айтуынша, Лұқпан Ахмедьяров бұрын дәл бүгінгідей емес екен. Бірнеше жыл бұрын әлдебір еуропа нәсілдес адаммен Лұқпан екеуі бір пәтерде оңаша 2-3 күн болады. әрине, біз де оны көгілдір емес шығар деп сенеміз. Сондықтан айтушылардың ол келген Ресейдің құқық қорғау орынының өкілі (ФСБ) болатын деген уәжіне құлақ асамыз. Әйтеуір содан бастап Лұқпан өз халқын құтырған иттей жұлмалап, «УН» газетінің бетінде ұлтын қорлаудың сан түрін жүзеге асыруда. Мына мақала да соның бір айғағы болса керек.

Іштен шыққан жау жаман деген осы болар!

shyn.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1831
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1854
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1558
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1437