Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2386 0 пікір 19 Қыркүйек, 2013 сағат 06:56

Колеровқа қарсы шыққан қазақ қамалады

Модест Колеров.  Біртұтас еуразиялық кеңістік яғни, Ресейдің құрамына қайта қосылып, Ресей империясы болуды уағыздап жүрген адам. Осы Колеров бүгін КИМЭП университетiнде Ресейге қосылу жайлы лекциясын өткізіп жатыр. Лекцияға Колеровтың саяси уағызына қарсылық танытып бір топ студентте барған. Олар қолдарына «Колеров кет!», «Одақбастар», «Еуразия құлдардың одағы» деп жазылған бірнеше қағаз ұстап тұрған. Басқа ешқандай бөтен қылық жасамаған жас қазақтарды полиция ұстап алып, Медеу аудандық ІІБ-на алып кеткен.

Студенттер Мұхтар Тайжанға хабарласыпты. Мұхтар Тайжан мен Қасым Аманжолұлы студенттерге араша түсу үшін дереу сол жаққа барып, қазір Колеровқа қарсы шыққан студенттермен бірге тергеліп жатқан көрінеді.

Мұхтар Тайжан фейсбук әлеуметтік желісі арқылы Модест Колеровты әңгімелесуге шақырған еді. Бірақ, Колеровтан жауап болмаған.

Колеровқа қарсы шыққан қазақтардың жағдайы туралы алда тағы қосымша хабарлайтын боламыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1840
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1868
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1570
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1446