Жұма, 17 Мамыр 2024
Дат 1985 10 пікір 15 Қараша, 2023 сағат 14:02

«Айта-айта Алтайды...»

Мәдениет және ақпарат министрі

А.Ғ.БАЛАЕВАҒА!

АШЫҚ ХАТ

Құрметті Аида ҒАЛЫМҚЫЗЫ, өзіңізге арнайы жолдап отырған мына хатымның басталуы көпшілігімізге таныс тақырыбының соңғы үш сөзін жаңартып: «...Ғаббас ағай қартайды» деп өзгертуді жөн көрдім. Себебі...

Бұйырған тәуелсіздігіміздің бастапқы «реформаларында» қателіктер болды. Оны білгеніңізге күмәнім жоқ. Әйтсе де, бір ғана мысал: ауыл ата-бабамыздың азық-түлік қоймасы ғана емес, алтын бесігі еді, сол бесік аударылды. Ұжымшарлар мен кеңшарлардың бүкіл дүние-мүлкі саудаға салынды. Оларды тізіп айтпағанда: 1990-жылы 34 миллионға жуық қой болды, ал ол қайда кетті? «Пәленбай сомаға сатылып, мемлекеттік бюдже өткізілді» дегендей дерек жоқ. Яғни бөліске түсті. Қалталы азшылық қарық, қалтасыз көпшілік зарық болды.

Осындай көпе-көрінеу қателіктер туралы мақала жазуға кірістім де, жаңа биліктің қарауылына іліктім. Ақырында 1997-жылдан бастап кітаптарым мемлекеттік баспадан шықпайтын болды. Қолжазбаларым: «Комиссия құптамады», «Тендерден өтпеді» дегендей тақпақ жауаппен қайтарылатын болды.

2021-жылы Мәдениет және спорт министрлігі кітаптардың Мемлекеттік кітап палатасындағы комиссияның ұйғарымы бойынша шығарылатынын хабарлады. Жаңалықты жақсылыққа жорып, «беті қайтқан» үш қолжазбамды ұсындым: «Біз емей, кім?» (әзіл-сықақ әңгімелерім, 260 бет); «Ешкім ештеңе білмейтін елде», екітомдық. Әзиз Несиннен аудармаларым (480 бет); «Көңілімнің көгінде», екітомдық, естеліктерім (556 бет). Қабылданар, жылара шығар деп ойладым.

Сөйтіп, ол қолжазбаларым... хабар-ошарсыз кетті. Сол жылы және былтыр Министрлікке жазған хаттарым ескерусіз қалды.

Сөз ыңғайына қарай айта отырайын: бүгінде көбікауыздар жамандап жүрген Кеңес кезінде кімнен болсын келген хатқа бір аптадан кешіктірмей жауап беретін тәртіп болды. Бүгінгі билікшілдер ел тәуелсіздігін әркімнің бір-бірінен  тәуелсіздігі деп түсінген сияқты. Жоғарғы жақтағы кімге болсын ұсыныс, өтініш хат жазған таныстарым жауап ала алмағандарын айтады. Менше.

Құрметті Аида Ғалымқызы, жағдайымды түсіндіңіз деп білем және кітаптарымның шығуына жол ашатыныңызға сенгім келеді. Не айтасыз?

Ғаббас Қабышұлы,

журналшы- жазушы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2099
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2197
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1620