Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
46 - сөз 3232 7 пікір 10 Қараша, 2023 сағат 15:06

Үш өңірдің жылуының шешімі табылды

Дана «халқымыз алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» дейді ғой, дәл осы Жылу электр станцияларын (ЖЭС) Ресей салатынын құп көрдім. Шошитын ештеңесі жоқ.

Біріншіден, Ресей әлемнің ең солтүстік аймағында өмір сүріп жатқан, анау Сахадан бастып Камчаткаға дейін 40-50С суық температурада үйді ұядай етіп жылу беретін ЖЭС-терді көздерін жұмып тұрып салатын мамандар елі.

Екіншіден, ЖЭС-ті біздің үш өңірде Көкшетау, Семей, Өскеменде салмақ, ал ол жақтағы ЖЭС-тер көмір отынымен жағылып электр тоғын шығаратын технологияда тұр. Бұл жағынан, тек ресейлік компанияларының көмірмен жағатын ЖЭС-терді салуға тәжірибесі мол. Мұнда бір қызығы, біздегі 66 пайызға тозығы жеткен ЖЭС-терді былтырдан бері жөндеу мен қайта салуға жариялаған конкурстарға бірде-бір шетелдік компания түсугі құлықсыз болған. Өйткені, бұл технологияны тек ресейліктер ғана бұрынғы кеңестік ЖЭС-тердің үлгісінде, бірақ заманауи стандартпен салады екен. Міне, гәп осында.

Жақсы ЖЭС-тер салынды делік, оның энергия шығару қуаты қандай болмақ? Ресми ақпарат көздерінен, Көкшетауда 1,1 ГВт-тық, Семейде 240 МВт-тық, Өскеменде 560 МВт-қ энергияны көмір жағу өнімінен шығаратын болады. Әрине, бұл сол өңірді жылумен хәм энергиямен қамтамасыз етуге толық жетеді.

Күні кеше Ресей президенті В.Путинмен осы жайында Меморандумға қол қойылды. Қазір ресейліктер Қырғызстанда, Моңголияда, Ауғаныстанда ЖЭС-терді салып жатыр.

Қазақпыз ғой, енді бұл ЖЭС-тер кімнің есебінен салынады деген қисық сұрақтардың болуы заңды. Үкімет тарабы, бұл жобаларға инвесторлар мен халықаралық қаржы ұйымдарын тартуға ниетті. Айтпақшы, егер Ресей компаниялары инвестициялауға тартылса, нұр-үстіне нұр.

Негізі ЖЭС-ті салу мәселесі қашаннан бері өзекті. Былтырдың өзінде, ел билігі аталған ЖЭС-тердің тозығы шығып, апатты оқиғаларға тап болғалы (естеріңізде болса Екібастұздағы ЖЭС-тің істен шығуы) күндіз уайымнан, түнде ұйқыдан қалды. Алдымызда қақаған қыс қылышын сүйреп келе жатыр, аймақ тұрғындарының әлеуметтік күйзелісі мен комфортты өмір сүру деңгейі осы ЖЭС-тердің қалыпты жұмысына байланысты. Сондықтан, екі жақты келісімнің қазақстандық ЖЭС-тердің салынуымен ортақ шешімнің қабылдануы, ең әуелі халықтың әл-ауқатының басты приоритеті екенін көрсетті.

Жалпы ресейліктер елімізде ЖЭС-терді қолжетімді көмір отынынан энергия шығаруға атсалысса, француздар желдің күшімен 1ГВт-қ энергия қуатын шығаруға кірісетін болды ғой. Бұл сөзсіз, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қалыптастыруға, жасыл энергия көздерінің технологияларын меңгеруге бір табан жақындатады. Еліміздің сыртқы саясатының кешегі бір жеңісі деп қабылдайық…

Мақсат Жақау

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1471
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1330
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1126