Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаһан жаңғырығы 1370 2 пікір 8 Қараша, 2023 сағат 17:30

Қытай басшысы Байденмен кездеспек

Америка президенті Байден бұдан шамалы уақыт бұрын, қараша айында Қытай басшысымен кездесетінін мәлімдеген еді.

Бүгін, сәрсенбі күні Сингапурда өткен экономикалық форумда Қытайдың орынбасар төрағасы Ханжың бұл ақпаратты растағандай болды.

Ол форумда сөйлеген сөзінде АҚШ-Қытай қос тарабының тіл табысуға мүдделі болып отырғанын жеткізген. Соңғы айларда Америка мемлекет істер хатшысының, қаржы және сауда министрлерінің Бейжіңде ресми сапарлай келгенін сөз етіп, бұл екі ел басшысының кездесуге мүдделі екенін айғақтайтын нақты сигнал деген.

Сөзінің соңында: «Жер шары үлкен. АҚШ пен Қытай екі алып елдің ортақ дамып, ортақ көркеюіне мүмкіндік бар», - деп аяқтаған.

Америка мен Қытай арасында соңғы жылдары кеден салығы, кісілік құқық, мемлекет қауіпсіздігі салаларында алауыздық туылып, тұралауға бет алған еді. Трамп бастаған сауда соғысын Байден жалғастырып, Қытайға жоғары технологияны беруге тиым салып, чип соғысын ашқан еді. Қытайдың Украина соғысында Ресейді қолдауы арадағы араздыққа май құйғандай әсер етті.

«Блумберг» ақпарат көзінің жазуынша, АҚШ пен Қытай басшылары алдағы күндері Сан-Францискода өтетін Азия-Тынықмұхит елерінің экономикалық форумында (APEK) кездеседі.

Қытай төрағасы Ақ үй басшысынан бөлек, Американың ең беделді 200 компаниясының басшыларымен салтанатты қонақасы да бас қоспақ екен.

Abai.kz

2 пікір