Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3597 0 пікір 3 Қыркүйек, 2013 сағат 12:14

Жарылғап Қалыбайды не үшін қамауға алды?

«Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылғап Қалыбай мырзаны үш күнге абақтыға жапқаны туралы ақпарат шықты. Істің мән-жайын білмекке хабарласқанымызды телефонды Жарылғап Қалыбайдың ұлы Бекзат Қалыбай көтерді.

 Бекзат Қалыбаев:

«Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылғап Қалыбай мырзаны үш күнге абақтыға жапқаны туралы ақпарат шықты. Істің мән-жайын білмекке хабарласқанымызды телефонды Жарылғап Қалыбайдың ұлы Бекзат Қалыбай көтерді.

 Бекзат Қалыбаев:

- Әкем, 1 және 3 жасар екі баласы, әйелі және 77 жастағы әжеміз бәрі Түркияға барып демалып жатқан. 1 жастағы інім Махамбет ауырып болмаған соң, «Скат» әуекомпаниясының ұшағымен қайтып келе жатады. Жолда Махамбет мазасызданып, әкем оны жұбатпақ болып, көтеріп алып әрі-бері жүреді. Оның бұл жүрісі жолсерік жігітке ұнамапты. Баласын уатып жүрген әкемді әлгі жігіт бір емес, екі рет қағып өтеді. Екінші рет қағып өткенде әкемнің қолындағы шырын сусыны төгіліп, киімін былғайды. Әкем  жігітке: «Мұның не, бір емес, екі емес мені неге қағып өтесің?» десе, әлгі жігіт: «Маған орысша сөйлеңіз!» деп талап қойыпты. Әкем болса: «Қазақстанда тұратын әрбір адам қазақша білуге және сөйлеуге міндетті» деп, сонымен әңгіме біраз жерге барған. Сөйтіп, әкемді ұшақтың ас үйіне шақырып, сол жерде әлгі жігіт кешірім сұрап, үстін тазалап берген. Сол кезде  жігіт: «Мен қазақша білмеймін, білгім де келмейді» деген. Ақыры, әкем келіп өз орнына жайғасады. Бір кезде жолсеріктер жолаушылардан «Жарылғап Қалыбай жол бойы мазамызды алды» деген мәтіндегі хатқа қол жината бастайды. Олардың бұл әрекетін әкем телефонына түсіре бастаған. Сөйтсе, Айжан деген жолсерік әкемнің телефонына жармасып, телефонды тартып алмақшы болыпты. Жолаушылардың көбі орыстілді қазақтар болғандықтан, әкемнің қазақ тілін білу туралы сөздері олардың да «намысына» тигенге ұқсайды.

Ұшақ Алматыға келіп қонған жерде әкемді полиция алып кеткен.

Жарылғап мырзаға ара түскен «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шахановпен де сөйлестік.

Мұхтар Шаханов:

Ұшақтар да, әуежайлар да сол сияқты мекемелердің бәрінде әлі күнге дейін қызмет көрсету тек қана орыс тілінде жүргізіліп келеді. Бұл бір ғана Жарылғап Қалыбайдың басында болған жағдай емес, қаншама қазақ баласы осындай тілдік кемсітушілікті бастан кешіріп жатыр. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы ретінде айтарым, біз бұл істі бұлай қалдырмаймыз. Арнайы мәлімдеме жасаймыз. Үкіметке ескертеміз. Қарап тұрсаң, бүтін ұлт тілдік тұрғыдан кемсітушілікке ұшырап жатыр.

«Скат» әуекомпаниясының Шымкент қаласындағы бас кеңсесіне хабарласқанымызды телефон тұтқасын көтерген қыз біздің қазақ тіліндегі сауалымызды түсінбегенін айтып, мемлекеттік тілді меңгерген қызметкерке қосты. Аты-жөнін айтудан бас тартқан әуекомпаниясының қызметкері мән-жайды сұрап біліп, 15 минуттан кейін хабарласуға уәде берді. 15 минут өтті. Жауап жоқ.

Журналист Болат Мүрсәлім Фейсбук әлеуметтік желісіне Жарылғап Қалыбайды үш күнге қамауға алуға шығарылған үкімді жариялады (суретте). Үкімде Жарылғап Қалыбай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 330 бабының 1-нші тармағы (330-1-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау) бойынша айыпты деп табылғаны жазылған.

«Скат» әуекомпаниясы тарапынан қандай да бір жауап болса, қосымша жариялайтын боламыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2081
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600