Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3681 0 пікір 3 Қыркүйек, 2013 сағат 09:05

Елдос Тоқтарбай. Күн түспейтін көлеңке

Армысыздар, жетісулық ағайын! Жетісудың  Арқада  оқып  жатқан  баласы  сіздерге  өтініш-хатын  жолдап  отыр.

Армысыздар, жетісулық ағайын! Жетісудың  Арқада  оқып  жатқан  баласы  сіздерге  өтініш-хатын  жолдап  отыр.

            Қазақ   жеріндегі  әр  облыстың  қазақ  тарихы  мен  әдебиетінен  алар  орны  ерекше.  Сондай  ерекше  өлкелердің  бірі – Жетісу. Жер  жәннаты  атанған  өлкеден  ежелден-ақ  көптеген  дана, би-шешендер  мен  хас  қаламгерлер    шыққан.  Әлі  де  алдыңғы  буынның  жолын  жалғастырып  келе  жатқан  жас  талаптылар  шоғыры  бар, шүкірлік! Лайым, қаламгерлер  легі үзілмесін.  Жетісу  әдебиетінің  негізін  қалаған  Ескелді  мен  Балпық  биден  басталған  алыптар  шоғырының  даңқы  жыр құлагері – Ілияспен  тағы  да  арта  түсті.  Бүгінгі  әдебиетсүйер  қауымға  аспанмен  таласқан  таулар  мен  жазиралы  кең  даладан  шабыт  алған, Ілиястың  жырымен  үндесін  тапқан  поэзия  мұзбалағы – Мұқаңды  айтсаң жетеді.  Ілиястың  ізбасарларлары  атанған  Ғали, Тұрсынзада, Қанипа, Сәкендер  туған  өлке  әдебиетінің атағын   одан  ары арттырды.  Бұл  орайда,  поэзиясы  саласымен  прозада  қарқынды  әрі  қатар  дамыды.  Бұл  саланың   белді  өкілдері  Сайын, Бердібек, Бексұлтан  бүкіл қазақ  баласы  сүйіп  оқитын  жазушы  болды.  Алматы  қаласында  қызмет  атқарғандар  оқырманға  кеңінен  танылды. Аудан  орталығында,  ауылды  жерлерде  қызмет  атқарғандарының  насихаты  аз болды.  Кітаптары  шыққанымен, тек  облыс  көлемінде  немесе  аудан  көлемінде  шектелді. Әрине,  олар  талантсыз  демейміз. Таланттары  ешкімнен  кем түспеді! Басты себеп:  әдеби-мәдени ортадан  алшақ  болуы. Уақыт  өте  келе  ойланып  қарасақ, бірсыпыра  қаламгерлеріміз  ұмытылып  барады  екен. Артында  жоқтаушылары  барларының  кітаптары  шығып, насихаты  жүріп  жатыр.  Ал, бас  көтерер  азаматы  жоқтары  шаң  басқан  мұрағат  сөрелерінде  әлі тұрғаны  баршаға  аян.  Біз  әдебиет  саласында  жүргендіктен, таңдаған  бағытымыз  әдебиет  тарихы  болғандықтан, әмбе  осы  өлкеде  туылғандықтан  Жетісу  әдебиетінің  кем-кетігін  түгендеуді  жөн  санадық. Көптеген  мекемелер  мен  мұрағат, мұражайлардың  табалдырығын  тоздырдық.  Зерттеу  жұмысымыздың  жоспары  жөнінде  бірқатар  алдыңғы  буын  ағалармен  ой бөлісіп, ақыл-кеңес  алдық.  Осындай  мақсатпен  Жетісудың  тасада  қалған  ақын-жазушыларын  түгендеп,  бір  арнаға  қалыптастыру  жұмысы  басталып  кетті.

              Көзі  қырақты  оқырман, басты  мақсатты  жоғарыда  атап өткеніміздей,  ауылдарыңыздан  шыққан таланттарды  Жетісу  әдеби  мектебінің өкілі  болуға  лайық  деп  санасаңыздар, бізге  хабарласып,  мағлұматтар  мен  тың  деректер, фотосуреттерін  қоса  беріп  жатсаңыздар  нұр үстіне  нұр болар еді! (Біздің  байланыс құралдарымызды редакциядан ала аласыздар!)  Бұл  жұмыс  жанданып  жатса, біріншіден, болашақта  Жетісу  әдебиетінің  толыққанды  жинағы  болуға, қазақ  әдебиеті  тарихының  дамуына, кеңеюіне  жол  ашады. Екіншіден, қайтыс  болған  қаламгерлердің  оқырманымен қайта қауышуы, әдеби  аренада өзінің  адал  бағасын  алуы  сөзсіз.  Үшіншіден, көзі  тірі  зейнет  жасындағы, кезінде  баспасөзге  еңбектері  жарияланған  қаламгерлер  республика  көлеміне  танылады.  Әрине, Тәңірі  сәтін салса.

                 Бұл  мақала хаттың  тақырыбының  мәнін ұғынған  боларсыз. Бұл зерттеу  нысаны  шындығында, күн түспейтін  көлеңке. Тың  тақырып. Ешкім  әлі зерттеу  нысанына  айналдырмады! Күн  түспейтін  көлеңке  деуіміз  сол- бұл  мол  қазына, тек  тарыдай  әр жерде  шашылып жатыр. Бүгінгі  күн  бізге  ыждағаттылықпен  өткен  жылдар  еншісіндегі  тарих  беттерінен  қазынаны аршып  алуға  мүмкіндік  тудырып  отыр.

                 Ендеше, сіз-біз  болып, туған  өлке  әдебиетінің  көркеюіне  ат салысайық! Не  жазсақ  та, не  айтсақ та  туған  өлке  жайлы  болсын!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2495
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2104
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608