Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3867 0 пікір 3 Қыркүйек, 2013 сағат 08:34

Қояндының мектебі...

1-қыркүйек білім күні. Әсіресе бірінші сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше қуаныш пен шаттыққа толы болғаны шындық. Бұл күні мұғалімдердің де құшағы гүлге, жүректері нұрға толатындығы белгілі.

Біз кеше осындай қуанышты сәттің бірінің  куәсі болып қайттық.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен  жүзеге асырылып жатқан 100 мектеп 100 аурухана бағдарламасы негізінде еліміздің көпдеген жерлерінде жаңа мектептер бой көтеріп  сан мыңдаған балаға қуаныш-күлкі сыйлауда. Осы бір игі бастама негізінде Астана қаласының іргесінде орналасқан бірнеше елді мекендер мен тұрғын алаптарында жаңа мектеп салынып, білім ордалары кеше ғана, яғни 2013 жылдың 1-қыркүйек күні  пайдалануға берілді. 

1-қыркүйек білім күні. Әсіресе бірінші сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше қуаныш пен шаттыққа толы болғаны шындық. Бұл күні мұғалімдердің де құшағы гүлге, жүректері нұрға толатындығы белгілі.

Біз кеше осындай қуанышты сәттің бірінің  куәсі болып қайттық.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен  жүзеге асырылып жатқан 100 мектеп 100 аурухана бағдарламасы негізінде еліміздің көпдеген жерлерінде жаңа мектептер бой көтеріп  сан мыңдаған балаға қуаныш-күлкі сыйлауда. Осы бір игі бастама негізінде Астана қаласының іргесінде орналасқан бірнеше елді мекендер мен тұрғын алаптарында жаңа мектеп салынып, білім ордалары кеше ғана, яғни 2013 жылдың 1-қыркүйек күні  пайдалануға берілді. 

 Қоянды елді мекенінде бой көтерген жап-жаңа мектеп ғимаратының алдында болған мерекелік шараға жиналған ата-ана мен оқушылардың қарасы мол. Осыған дейін Қояндыда шешілмей келе жатқан түйткілді мәселелердің жібі түзеліп оң бағытқа өзгере бастағанына ауылдық әкім қаралар да тұрғындары да дән риза. Жаңа ашылған мектеп табалдырығын аттап судай жаңа партаға отыруға асыққан оқушылар салтанатты шара аяқтала салысымен мектептің ішіне кіруге асықты. Жүздеріне күлкі үйірілген  балғындармен ілесе бізде ішке ендік. Расымен заманауй талапқа сай салынған мектеп іші көздің жауын алады. Барлығы да балаларға арналып жасалған ыңғайлы әрі ықшам.

Ақсақалдар жағы ақ бата беріп жатса әжелер жаңа мектептің жасампаздығы үшін ырым қылып шашу шашты. Бүгінде шашу талауды ерсі көретін қала балалары секілді емес ауыл балалары улап-шулап шашуға таласқанда үлкендер жағы бір бірін құттықтап қол алысып төс қағыстырды. Кіре берісте жаңа мектептің жаңа директоры Жәди Шәкенұлын жолықтырып сөзге тарттық:

 

Жәди Шәкенұлы:

- Осыған дейін ауылымыздағы бірден бір мемлекеттік ғимарат есебінде тұрған ескі балабақшаны мектебім деп санап келген оқушыларымыздың бүгінгі қуанышында шек жоқ. Мұнда баласын жетектеп келіп жатқан әрбір ата-ана елімізге Үкіметімізге алғыстарын айтып қуанып жатыр. Себебі бұрынғы 9 жылдық мектепте бар жоғы (80) сексендей ғана оқушы болған. Ал қалғандары түгелдей Астанаға қатынап оқып келді. Енді міне мектебіміз кең әрі бәрімізге орын жетеді. Ең бір қуанарлығы бүгінгі күні оқушылар саны сексеннен (1200) бірмың екіжүзге шығып отыр. Бұл ерекше жағдай.  Менің білуімше мұндай жағдай бұрын соңды болмаған. Негізі бұл мектеп өткен оқу жылының соңғы айларында пайдалануға берілген болатын. Бірақ тек жғимаратта құрылыс жұмыстары түгелдей аяқталмағандықтан жарым-жартылай ғана ашылған болатын. Сол себепті оқушыларды да толық қабылдай алмадық. Бүгін мектебіміздің ішкі-сыртқы жұмыстары толықтай аяқталып оқушыларды түгел қабылдауға дайынбыз. Бұған аудан және облыс әкімшілігі мен білім мекемелеріне менің де ата-аналардың да ризашылығы шексіз.  Мектеп толық пайдаға берілгендіктен жаңадан мұғалімдер де қабылдап жатырмыз. Бұрын басқа жақтағы мектептерде жұмыс жасап жүрген оқытушылардың көбі бүгінде өз ауылымызда өз мектебімізде сабақ үйрететін болады. «Жас келсе іске»- демекші біздегі мұғалімдердің басым көпшілігі жастар.  Жастардан көп үміт күтуге болады. 

 

Динара Бекмағамбетова:

- Мен өте қуаныштымын! Бүгін баламыз алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Өткен жылы мектебіміз өте кішкентай болғандықтан балаларымызға дайындық сыныбын Астанадан оқытумызға тура келді. Астанаға қатынап оқу оқушылар үшін өте қиын. Қыстың күні боранда жалғыз автобусымыз кейде жүрмей қалады.  Кейде балаларымыз автобусқа сыймай қалада қалып қойған кездер де болған. Енді міне үйіміздің жанынын мектеп салынып балалармыз өз ауылымызда мектепке баратын болды. Басшылар осыдан былай бастауыш сынып оқушыларын тасымалдайтын мектеп автобусы да жүретін болады деп отырғой.  Ол үшін жөнделіп жатқан жол жұмыстары тезірек аяқталса екен. Біз қуаныштымыз.

 

Гүлнәз Таңатырқызы 1 сынып оқушысы:

- Мектебім осы классым,

Осында он жыл тұрамын.

Тарыдай болып кіремін,

Таудай болып шығамын. Я мектеп әдемі. Үлкен, жап-жарық. Парталары да әдемі. Былтыр мен дайындық сыныбын Астанадан оқыдым. Шаршадық, мамам да шаршады.  Енді мен былтырғы жылдағыдай Астанаға барып оқымайтын болдым.   Мектеп үйге жақын. Өзім келіп, өзім үйге барамын. Мамам да кішкентай сіңілім де шаршамайды. Мнектпте тек бестікке оқығым келеді.

Бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасып, жаңа мектептің тұсау кесер тойына қатысқанымызға біз де қуанып қайттық.

 

Әзірлеген Бердібек Хабай

Abai.kz

0 пікір