Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3781 0 пікір 2 Қыркүйек, 2013 сағат 08:24

Геройхан Қыстаубаев. Тарт қолыңды, қазақтан!

Мен мұны ҰҚК-не арнап айтып отырмын. Мұның аты Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті болғанымен, заты – Ұлтқа Кауіпті Комитет! Кезінде «Қазақ мүддесін» ту етіп көтеріп, соның арқасында, 1990-шы жылдардың ортасында, жалпыұлттық сяси күшке айнала алған «Азат» қоғамдық қозғалысын (қазіргі «Азат» партиясымен шатастырмау керек) іштен ірітіп, тоз-тозын шығарған осылар. Егер бұл қозғалыс тағы бір бес-он жыл «өмір сүргенде» қазақтың жағдайы бүгінгідей ауыр болмас еді!
Міне, содан бері ҰҚК қазаққа бас көтертпей келеді. Ол үшін бұлар әуелі ұлттың «Менмін!» деген мықты, адал, көшбасшы азаматтарын (мысалы М. Шаханов, Х. Қожа–Ахмет және т.б.) ел ішінде өсек таратып қаралайды, күйе жағады және міндетті түрде бір–біріне айдап салып, бітіспестей жау етеді. Осы уақытқа дейін қазақ ұлтшылдарының біріге алмауының басты себебтерінің бірі осы.

Мен мұны ҰҚК-не арнап айтып отырмын. Мұның аты Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті болғанымен, заты – Ұлтқа Кауіпті Комитет! Кезінде «Қазақ мүддесін» ту етіп көтеріп, соның арқасында, 1990-шы жылдардың ортасында, жалпыұлттық сяси күшке айнала алған «Азат» қоғамдық қозғалысын (қазіргі «Азат» партиясымен шатастырмау керек) іштен ірітіп, тоз-тозын шығарған осылар. Егер бұл қозғалыс тағы бір бес-он жыл «өмір сүргенде» қазақтың жағдайы бүгінгідей ауыр болмас еді!
Міне, содан бері ҰҚК қазаққа бас көтертпей келеді. Ол үшін бұлар әуелі ұлттың «Менмін!» деген мықты, адал, көшбасшы азаматтарын (мысалы М. Шаханов, Х. Қожа–Ахмет және т.б.) ел ішінде өсек таратып қаралайды, күйе жағады және міндетті түрде бір–біріне айдап салып, бітіспестей жау етеді. Осы уақытқа дейін қазақ ұлтшылдарының біріге алмауының басты себебтерінің бірі осы.
Бүгінгі билік үшін ең қауіпті нәрсе, елдегі кең етек жайып үлгірген, бірақ зардабын тек қарапайым халық қана тартып отырған, діни экстремизм, терроризм, яки есірткі, болмаса коррупция емес, қазақтың біріккені! Қазақ «ес жиып», бас қосып қай күні «Біздің ата–бабаларымыздың ұрпақтарына қалдырған аманаты – ел байлығы қайда?» десе, сол күні бұл биліктің «өлгені». Сондықтан ҰҚК–нің басты тікелей міндеті – мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету (мысалы «Арқанкерген» шекара бекетіндегі орын алған қайғылы оқиға, сатылып алынған әскери қару–жарақтың сапасы, ұшақ апаты, өзі–өзіне қол салуы, т. т.) емес, ұлттың басын қалайда қоспау!
Дегенмен, қоғамда соңғы бір–ер жылда жаңа толқын ұлтшыл көшбасшы азаматтар пайда бола бастады. Бірақ, тағы да ҰҚК, оларды орға жықпақ. Тәсілдері баяғы – қара жарнама, бір–біріне айдап салу. Түпкі мақсаты тағы да сол, қазақты – бөлшектеу, басын қоспау!
Мұның дәлелі: Жуықта шыққан Рахат Әлиевтың фейсбук парақшасындағы Мұхтар Тайжан мен Айдос Сарым туралы қаралау, күйе жағу ақпараты. Бұл ҰҚК – Ұлтқа Қауіпті Комитеттің тірлігі!
Шамасы, сол қаралау ақпаратында айтылғандай, М. Әблязовты әлеуметтік желі сигналдары арқылы қолға түсіргендіктен, Р. Әлиев өзінің фейсбук парақшасымен де жұмысы болмай, сырт өмірмен бүкіл байланысын үзіп тастаса керек. Осы жағдайды ҰҚК шебер пайдаланып отыр, сірә.
ҰҚК–ті мұндай қаралау тәсіліне неге барды? Енді осыған тоқталайық. Тайжан мен Сарым, алдымыздағы қазан айында өтетін, Ғабиден Жәкей, Мақсат Ілиясұлы және Болатбек Біләл мұрындық болып отырған «Ұлтшыл қазақтар, бірігіңдер!» атты құрылтайға қатыспайтындарын мәлімдеген еді. Ал бұл жағдай ҰҚК– не ұнамады. Себебі аталмыш «құрылтай» солардың (ҰҚК –нің) жобасы болатын.
Билік үшін, күннен–күнге қарқынын ұлғайтып келе жатқан ұлтшылдарды «бір қораға қамап», «жем–суын беріп» отыру – қауіпсіздіктің ең дұрыс кепілдігі. Мұндай жағдай біздің тәуелсіз тарихымызда болған. Жоғарыда айтылған «Азат» қозғалысын жойғаннан кейін, «далада қалған» ұлтшыл азаматтардың көбісі, сол кезде «қолдан» жасалынып жатқан көптеген саяси партиялардың мүшелігіне өтіп кеткенді. Биліктің қолынан «жем жеген» бұл партиялар халықты он–он бес жылдай босқа басын қатырып келіпті. Оны бүгін анық түсіндік.
Мен Ғабиден, Мақсат, Болатбектің ешқайсысына да ренішім, өкпем жоқ. Менің ұстанымым: Әр қазақ менің жалғызым! Бірақ бұлардың ең болмағанда біреуі ҰҚК–мен ымыраға келген деген ойдамын. Себебі, бұрындары ұлт мүддесімен айналыспаған, тіптен қара көбейту үшін болса да, ұлтшылдырдың арасында жүрмеген, көпшілікке белгісіз, бұл үштік өзара ғана сөз байласып «Қазақ құрылтайын» өткіземіз деуі – ақымақтық болар еді! Бұлар түгілі, ұлттық мүдде үшін талмай күресіп жүрген, сондықтан да елге азды–көпті белгілі болып қалған режиссер – Еркін Рақышев, қоғам қайраткері – Мұхтар Тайжан, политолог – Айдос Сарымдардың өздері осылайша «жар салуға» жүрексініп жүрген болатын. Енді міне, әні–міні деп жүргенде кешікті, ҰҚК–ті алдарын орап кетті.
Комитеттің қамқорлығындағы бұл «құрылтайдың» өтпей қалуы да ықтимал. Бұл жағдай елдегі белгілі ұлтшылдардың дені «қатысудан бас тартып», қожайындары (ҰҚК) «тиімсіз» деп тапқанда, орын алады. Онда бастамашы үштік, қолданылып болған зат сияқты, не қожайының алдында, не ел ішінде абыройсыз күйде қалады. Бұл біреуге тәуелді болудың зардабы. Мұны олар естерінде мықтап ұстаулары тиіс. Ал егер, бәрібір өтетін болса, онда ол уақытқа дейін «Құрылтайға қатыспаймын» дегендердің бәрін ҰҚК–ті Тайжан, Сарым, Сапарғали сияқты етіп, басылым беттерінде қаралап, Амантай қажыға қосақтайтын болар. Осындай «ақпараттық ағындардан» миы су болып, «Құрылтайға» түкті ұқпай, «анығына жетейікші» деп, келген адамдар, сол түкті ұқпаған күйі кері қайтары анық дүние.
Сонда «Құрылтайды» шақырудағы мақсат не? Шын мәнінде бұл өзі, о бастан–ақ, ұлт үшін ешқандай мақсатсыз, ал комитет үшін үлкен мақсатта жоспарланған құрылтай! Егер, ұлттың басын біріктіру идеясы, бастамашыл топтың өздерінің жан дүниесінен шыққан шын ниеті болғанда, онда олар, «тығылып жүріп» үшеуі ғана шешім шығармай, ең әуелі елдегі үлкенді–кішілі, осы уақытқа дейін шырылдап жүрген ұлтшылдардың басын қосып жиналыс өткізіп, сол жерде ұйымдастыру тобын құрар еді. Ондай болған жоқ. Ендеше, осы қылықтарының өзі–ақ бұл үштікке жалпыұлттық жиналыс – Құрылтайды өткізуге моральдық құқық бермейді! Ал негізінде, бұл үштік сенің моральдық құқығыңды «ұрып қойғаны» бар! Өйткені бұлардың көкесі – ҰҚК!
Құрылтайдан кейін биліктің көптеген ақпарат құралдары: «Ұлтшыл жастар – Ғабиден, Мақсат, Болатбектер қазақтың басын біріктірді! Ал қолдарынан түк келмейтіндер оларды күндеп, қосылмай қисық тартып жатыр» деген сияқты, «ертегілер» таратуы бек мүмкін. Онда шынында да ұлттың одан әрі бөлшектенуі орын алмақ. Сосын қазақ тағы да ширек ғасыр бір–бірімен дауласып жүрсе, билік үшін керемет жағдай сақталып, олар өздерінің сүйікті тірлігі – ұрлығын жалғастыра берері сөзсіз!
Бұл «Құрылтайдың» жасырын жатқан түпкі мақсаты бар. Ол – қазақты бөлшектеу, жару! Жұрт дәлелің, фактің қайда дер. ҰҚК–тінің ісіне қарсы дәлел яки факты ешқашан да болмайды! Мұны тек сезе, көре білу керек. Әр нәрсенің жөні, жүйесі болады. Ал енді жөнсіз жерде, асығыс, «табан астынан» және жүйесін бұзып, «құпия» шешім қабылдап, шақырылмақ бұл «Құрылтайға» кез келген ұлтжанды азаматтың (мен өзім де) күдікпен қарауы – заңды құбылыс. Бірақ ұйымдастырушы азаматтардың айтып жүргеніндей оларды «болмай жатып көре алмай, күндеп» жүрген ешкім жоқ. Мысалы, менің уайымым: енді–енді ес жиып келе жатқан қазақты, осындай іс–шаралардың салдарынан, тағыда ұзақ жылдарға мәңгіртіп алмауымыз.
ҰҚК–ті ойыншық емес! Сондықтан, ел тағдырына байланысты мәселелерде бұлар жақындаған жерде аса үлкен, өте мұқият сақтық керек! Мәселен мен, осы ынталы топтағы үш азаматтың сезімталдылығы, ақыл–парасаты ҰҚК–тін пайдаланып ұлттың басын біріктіреді деп емес, керісінше ҰҚК–ті бұларды өте шебер пайдаланып, ұлты бөлшектеуге қол жеткізеді деп ойлаймын. Дұрысы «Бізде қазақпыз. Сенен артық ұлтшылмыз» десе де, бұл орган өкілдерімен ешқандай ымыраға келмеген жөн. Өйткені олардың елдегі саяси тұрақтылықты сақтау үшін деп жасап жатқан іс–әрекеттері «шаш ал десе, бас алатынға» сайып, қазақты өзін–өзі қорғай алатын ұлт ретіндегі қабілетінен мүлдем айырып тастау қаупі орасан басым болып тұр! Әсіресе бизнесі бар, болмаса арманы шенеунік болу, атақ құмар адамдарды бұлардың өз «айтқанына көндіріп, айдауына жүргізуі» түкке тұрмайтын нәрсе.
Мені біреулер «лағып кетіпсін» деп сөгер. Лайым солай болғай! Бірақ мен ҰҚК–тін зерттеп жүрген адаммын. Өмір мәжбүрледі. Бұлардың айласында шек жоқ!
Мәселен, олар өз қарсыластарын бұрынғыдай қалтарыстан шыға келіп соққыға жығу, кісендеп қамау, ату, өлтіру тәсілдерін сирек қолданатын болды. Қайтсін енді, халықтың бәрін қырсын ба? Оның орнына қарсыластарын заңмен қорқытып–үркітіп, одан болмаса келісіммен, тіптен болмаса араға адам салып өздеріне одақтас етуге көшкен. Кейде қарсыласының қасына өздерінің жансыздарын енгізіп те қояды. Осы амалдардың бірімен кез келген адамды басқарып отыруға болады!
Қазір ҰҚК–нің саясатта бас сұқпаған жері жоқ! Мысалы, әлеуметтік желі – интернетте бір емес, бірнеше сайттары бар. Қоғамдық қорлар, ұйымдар, орталықтарды, Алматыда ғана емес, өзге көптеген аймақтарда да тіркеп тастаған. Телеарналарда көрсетіліп тұратын ток–шоулар мен олардың жүргізушілерінде осы ұйым қадағалайды. Мысалы, «Хабар» арнасында Айдос Сарым төрт–ақ рет эфирге шықты. Сосын тоқтатты. Себебі, Айдос комитет «сызып» берген рамкаға «сыймай» қойды.
ҰҚК–ті ұлтшылдардың ішіндегі көшбасшылыққа жарайды–ау деген барлық азаматтарды байқап көрді. Әуелі Тайжан мен Сарымды, өз сайттарында бірде мақтап, бірде даттап, «тамырларын басып көріп» одақтас болмайтындарына анық көздері жеткен соң, қаралауды бастады. «Құрылтайға» дейін, бір айдай уақыт болса, әлі талайымызды «халық жауы» ететін шығар, бұл сабаздарың.
P.S. Мен мұны бастамашыл үштікке ел, сондай–ақ өздерінің келер ұрпақтарының алдында да абыройсыз қалмасын, ал ҰҚК–не «елдегі саяси тыныштықты қамтамасыз етеміз» деген оймен, қазақты өз қолдарыңмен қорғансыз, бишара ұлт етіп алмаңдар деп жазып отырмын. Сендерде сол ұлттың бір ұлдары емессіңдер ме?!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 223
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 104
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 101
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 59