Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Деп жатыр 1776 2 пікір 23 Қазан, 2023 сағат 14:16

Тедрос құда: Мен Қазақстанның бір бөлшегімін!

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Астана қаласында «Алғашқы дәрігерлік-санитарлық жәрдем беру» аясындағы саясат пен тәжірибе» (АДСЖ) бойынша Астана декларацияның 5 және Алматы декларацияның 45 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр.

«Алғашқы дәрігерлік-санитарлық жәрдем беру аясындағы саясат пен тәжірибедегі: жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге талпыныс» атты конференцияға Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымынан (БДҰ) оған мүше 70 мемлекеттің өкілдері қатысты.

БДҰ бас директоры Аданом Гебрейесус өз баяндамасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барша бастамаларға қолдау білдіруіне көңілі марқаятын және қазақ халқына ыстық ілтипат білдіретін алға тарта келе:

«БДҰ өз офисінің Қазақстанда ашылғынын мақтан тұтады. Өз басым үшін Қазақстан аса маңызды. Менің келінім қазақ, әрі қос немерем де қазақтар, сол себепті өзім де осы елдің бір бөлшегі болып табыламын», - деді Тедрос Аданом Гебрейесус.

Естеріңізге сала кететін болсақ, айтыскер Жүрсін Ерманның немересі оның ұлына тұрмысқа шыққан болатын.

(Сурет Ақорда сайтынан алынды)

АҚОРДАНЫҢ АҚПАРАТЫ

Мемлекет басшысы ДДҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесусты және ұйымның Еуропадағы өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгені қабылдады.

Астанада өтіп жатқан Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция аясындағы кездесу барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы қонақтарға ілтипат білдіре отырып, еліміз ең маңызды ұйымның бірі саналатын ДДҰ-мен халықаралық деңгейде нәтижелі қарым-қатынас жасап отырғанын атап өтті.

– Еліміз әрқашан Сіздің қызметіңіздің табысты болуына септігін тигізеді. Қазіргідей күрделі жағдайда ДДҰ-ны басқару өте қиын екенін білемін. Бұл – нағыз сынақ. Сізге әлемдегі көптеген ел мен делегаттардың түрлі пікірлеріне құлақ асып, тиімді шешім табуға және мәміле жасауға тура келеді. Сізге табыс тілеймін. Біз өз тарапымыздан Сізге әрдайым көмектесеміз және қолдау көрсетеміз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан кейін аталған саланы қалыпқа келтіру, халық денсаулығын сақтау ісіндегі негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға Қазақстанның белсенді түрде кіріскеніне назар аударды.

Президент ДДҰ жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан тиісті бастамаларға толық қолдау көрсетуге еліміздің дайын екенін нақтылады.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге, соның ішінде халықты денсаулық сақтау қызметімен толық қамтуға, ана мен бала өлімінің деңгейін төмендетуге, сондай-ақ туберкулез эпидемиясын толықтай жоюға ниетті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар