Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 2432 2 пікір 20 Қазан, 2023 сағат 14:32

Ресейдің ойбайы: Министрлік өз сөзін өзі терістеді

Ресейді бұл жолы ойбаға бастырған еліміздің санкцияға байланысты әскери қимылдарға пайдаланылуға кәдеге жарап кететін 106 тауар түрін Ресейге сатуға тыйым салғаны болды деп жазады БАҚ.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев бұл турасында: «Біз соғысқа қатысты шектеу қойылған тауарлардан басқасының бәрін экспорттаймыз, ал, ондай 106 тауар атауына толықтай тыйым салдық», - деп мәлімдеді.

Тыйым салынған тауарлар қатарына электр чиптері мен түрлі электронды құралдар жатады. Төребаев бұл тыйым тек экспортқа ғана қатысты, импортқа бәріне рұқсат берілген деп атап көрсетті.

«OCCRP» (Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу Орталығы) мен «Der Spiegel» биылғы мамыр айында: «Украинадағы соғысқа байланысты санкция салынғаннан кейін, Ресей чиптер мен дрондарды қазақ компанияларынан сатып алуда» деп, өз жүргізген зерттеулерін жария еткен еді.

Енді Батыстың кәріне ілікпес үшін қазақ жағы қосар пайдаланымдағы тауарлардың тізімін жасап, Ресейге жәрдемдесудесіңдер деушілердің аузына құм құйды.

Бұл Ресейге жақпай, орыс БАҚ-тары: «Қазақтар тағы артымыздан қанжар салды», - деп ойбайға басуда.

Тақырыпқа тұздық:

Бүгін ҚР Сауда және интеграция министрі қайта мәлімдеме жасап, өз орынбасарының ақпаратын терістеп сөйледі.

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Ресейге соғыста қолдануға болатын 106 тауар түрін экспорттауға шектеу қойғаны жөнінде бұған дейін бірқатар БАҚ таратқан ақпарат жаңсақ екенін хабарлады.

Министрлік Қазақстан мен Ресейдің сауда қатынасын реттеу Еуразия экономика одағы туралы шарт ережесіне сәйкес жүргізілетінін айтты.

«Ресейге қарсы санкцияларға қатысты ол елге кез келген тауарды экспорттауға тыйым салынбаған. Бұл ретте экспорттық бақылауға жататын «қос мақсаттағы» тауарлар саудасы Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан заңына сәйкес, мұндай тауарларға қатысты экспорт, импорт және транзит кезінде тиісті лицензия алу қажет», - деп жазған министрлік.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2495
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2104
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608