Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Билік 2203 6 пікір 16 Қазан, 2023 сағат 12:11

Президент Тоқаев Қытайға не үшін бара жатыр?

17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді», - делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ президент Тоқаев жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады. Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Осыған дейін Қазақстан президенті Қытайға ресми іс-сапармен бес ай бұрын барып-қайтқан еді. Қытай төрағасы Си 2023 жылдың мамырында Сиан қаласында Орталық Азия басшыларын жинап, үлкен саммит өткізді.

Қытай аймақ елдеріне үлкен қаржылық жобаларын ұсынды. ОА-ға көңіл бұрып, бес елдің әрқайсымен жекелеген келісімшарттар түзісті. Мұнай, газ, энергетика, сауда-саттық, логистика, медицина, гуманитарлық секторларда т.б. келісімдер жасасты. «Бір жол, бір белдеу», «Жаңарған Жібек жолы» т.б. проектілер ауқымдана түсті.

Осы жолы президент Тоқаев тағы Қытай жеріне сапарлап баратыны белгілі болып отыр.

Ал «Бір белдеу, бір жол» - Қытайдың ірі халықаралық жобасы. Орталық Азия, Еуропа мен Африканың 60-қа тарта мемлекетін қамтиды. Қазіргі қолданыста бар сауда-транспорттық дәліздерді дамытып, жаңа дәліздер ашуды мақсат етеді.

Осыған дейін Қытай басшысы Си «Бір белдеу, бір жол» жобасын ЕАЭО елдері арқылы дамытуды көздейтінін айтқан.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2057
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2486
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2078
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1600