Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3554 0 пікір 25 Шілде, 2013 сағат 08:52

Ресей ешкімге үлгі бола алмайды!

Заман өзгерсе де, «Ресейден мықты ел жоқ» деп сеніп қалған қазағымыз аз емес. «Дүниенің кілті орыста» деп үгіт-насихат айтып жүрген зиялылар да баршылық. Ал шындап келсек, Ресей өзгеге үлгі бола алатын ел ме? Осы елмен одақтас болып не ұтамыз? «Біз әлемдегі нөмірі бірінші елміз» деген Ресейдің бүгінгі күйі қандай? Шынымен де бірінші орында ма? Бұл сұрақтарға Ресейдің «Esquire» журналының жарияланымы толық жауап бере алады. Аталған журнал келтірген деректерге қарағанда, Ресей төмендегі көрсеткіштер бойынша әлемде бірінші орында.

Авиапаттар бойынша бірінші орын

Дүниежүзілік әуеде ұшу қауіпсіздігі ұйымының (FSF) дерегіне сәйкес, Ресей әлемдегі әуе апаттарында қайтыс болғандар саны бойынша бірінші орынға шықты. 2011 жылы 8 ұшақ құлап, 119 адамы мерт болған. 2012 жылы да алдыңғы орыннан түспеген.

Шетелде пара беруден бірінші орын

Жемқорлыққа қарсы "Transparency International" ұйымы 2011 жылы экспорттық компаниялардың шетелдерде беретін паралары туралы рейтингісін жариялады. 28 мемлекеттің компанияларының жұмысын саралаған мамандар Ресейдің бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында тұрғанын мәлімдеді.

Олимпиада өткізуге кететін шығындар бойынша бірінші орын

2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өтетін Олимпиада тарихтағы ең қымбат спорт ойындарына айналмақ. Оны өткізуге 51 миллиард доллар қаржы жұмсалатын көрінеді. Салыстырмалы түрде алсақ, Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен олимпиада ойындарына 45 миллиард доллар, ал Лондон олимпиадасына 30 миллиард доллар қаражат шығындалған.

Әлемдегі бай мен кедей арасындағы теңсіздік бойынша бірінші орын

2012 жылы жарияланған "Global Wealth Report" есебіне сенер болсақ, 1 пайыз ресейліктердің қолында Ресейдің жекеменшік активтерінің 71 пайызы шоғырланған көрінеді. Ресейден кейінгі орындарда жайғасқан Үндістан мен Индонезияда осы елдердің 1 пайыз ең бай адамдарының қолында 49 және 46 пайыз байлық шоғырланған. Әлем бойынша осы көрсеткіштің орташа межесі 46 пайыз делінетін болса, бұл көрсеткіш Африкада – 44 пайыз, АҚШ-та – 37, Қытай мен Еуропада – 32, Жапонияда – 17 пайыз шамасында.

Мормышка деген қармақпен балық аулау бойынша бірінші орын

2013 жылы АҚШ-та өткен мормышкамен балық аулау жарысында Ресей әлем елдерінен озып, бірінші орынға ие болды.

Ядролық қару саны бойынша бірінші орын

2013 жылдың мамыр айндағындағы дерекке қарағанда, Ресей ядролық қару саны бойынша көш бастап тұр. Бұл мемлекеттің үлесіне 8500 ядролық қондырғы болса, АҚШ-та – 7700, Қытайда – 250.

Әлемдегі ең ластанған мекендер саны бойынша бірінші орын

Экологиялық "Blacksmith Institute" ұйымының дерегіне сенсек, Ресей қоршаған ортасы ең лас мемлекеттердің бірі. Әлемдегі ең ластанған 35 мекеннің 8-і Ресейде. Олардың алғашқы үштігі де осы мемлекеттің жерінде орналасқан. Осы көрсеткіш бойынша Ресейден кейінгі орындарды Үндістан, Қытай мен АҚШ иеленеді.

Кибератакалар бойынша бірінші мемлекет

"Deutsche Telekom" компаниясы таратқан деректерге сүйенсек, 2013 жылдың мамыр айында ғана Ресей жерінен 2400000 виртуалдық атака жасалып, қауіпті вирустар мен бағдарламалар таратылған.

Арақ ішу бойынша бірінші орын

"The Economis"t журналы "International Wine & Spirit Research" ұйымының зерттеуіне негізге ала отырып, мынадай дерек таратқан: Ресей азаматтарының әрқайсысы жыл сайын 13,9 литр арақ ішеді екен. Бұл әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Жастар арасындағы өлім бойынша бірінші орын

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сенсек, күн сайын Ресейде жастар арасындағы қылмыс нәтижесінде 100 мың адамға шаққанда 15,85 кісі өлім тіркеледі екен.

Темекі шегушілердің саны бойынша бірінші орын

GATS атты халықаралық зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, темекінің таралымы бойынша Ресей бірінші орында екен. Бұл елде 43,9 миллион адам темекі шегеді. Жыл сайын 400 мың адам темекіден туындайтын қатерлі аурулардан жұмады.

Ормандарды жою бойынша бірінші орын

БҰҰ-ның зерттеуі бойынша Ресейде жыл сайын 1100000 гектар орман жойылады.

Демалыс күндері бойынша бірінші орын

Ресей 2013 жылы демалыс және мейрам күндерінің саны бойынша әлемде бірінші орынды иеленді.

Танкілерді шетке сату бойынша бірінші орын

Әлемдегі қару-жарақ саудасын зерттеу орталығының дерегі қарағанда, Ресей танкілерді сату бойынша бірінші орында тұр. 2010-2013 жылдары Ресей сыртқа 859 жаңа танк сатыпты.

Героинді тұтынушылар саны бойынша бірінші орын

2012 жылдың нәтижесі көрсеткендей Ресей әлемдегі героинді ең көп тұтынушы елдердің алдына шықты. Әлемде өндірілетін героин есірткісінің 21 пайызы Ресейде тұтынылады.

Алкоголизмнен өлім бойынша бірінші орын

Бұл көрсеткіш бойынша да Ресей бірінші орында. Ресейдегі әрбір бесінші адам өлімі алкоголизммен байланысты. Бұл өте жоғары көрсеткіш.

Аборт жасау бойынша бірінші орын

2012 жылдың қорытындысы бойынша Ресей әлемдегі ең көп аборт жасалған ел атанды. Бұл елде дүниеге келген 1000 балаға шаққанда 1022 аборт жасалатын көрінеді. Ресейден кейінгі екінші орында тұрған Румынияда 1000 туған балаға 684 аборт келеді екен.

Abai.kz

0 пікір