Жексенбі, 28 Сәуір 2024
46 - сөз 2679 10 пікір 20 Қыркүйек, 2023 сағат 18:16

Алаяқтықтың алғы шарттары қандай?

Қазір Ринат Заитовтың әйгілі сөзінен кейін қоғамда үлкен дау-дамай болып жатыр.

Меніңше, бар мәселе Ринатта емес, мәселе "Қоғамда не себептен алаяқтық әрекеттер көбейіп кетті?" - деген сұрақта  сияқты. Осыған жауап іздеу керек.

Сонда:

"Алаяқтық" атты қылмыстық әрекеттің өмір сүру ареалы мен деңгейлерін анықтауға қол жетеді.

"Алаяқтықтың" қалай жүзеге асатынын, оған кімдер бейім екендігін, оның "классикалық үлгісі" қай тараптан бастау алып жатқанын анықтауға қол жетеді.

Осыларды зерделей келе, "алаяқ" әрекеттері тек дінде ғана емес, ол коррупциямен бірігіп алып басқару жүйесіне де, банк жүйесіне де және басқа барлық салаларға еніп алғанын көреміз.

Бірақ, өзгермейтін бір ереже бар, ол - алаяқтық жасау үшін адамды сендіре білу керек.

Оны, билік тармағы куәлігін көрсетіп те жүзеге асыруға болады.

Не, олай болмаса, дінді де қолдануға болады.

Ал діннің бір атрибуты қазір "сақал" боп тұр...

Ендеше, алаяқтарға неге "өзінен өзі өсе беретін сақалды" емін-еркін қолданбасқа?

Неге "намазды" да қолданбасқа?

Алаяқтың аты - алаяқ!

Оған бәрібір, нені болса да қолдана береді, мақсатына жетсе болды да!

Сондықтан, Ринат қоғамдағы осы мәселені көтерді деп діншілдердің тулауына еш негіз жоқ.

Олар: "Не себептен алаяқтар біздің дінді көп қолданады?"  деген сұраққа жауап іздегендері жөн...

Шындығы осы!

 

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

10 пікір