Сенбі, 27 Сәуір 2024
Аласапыран 1937 3 пікір 20 Қыркүйек, 2023 сағат 17:21

Қаржы министрлігінің тізімі: Ашықтық осылай жасала ма?

Биыл, наурыз айында, Қаржы министрлігі шетелден қаржы алатын ұйымдар мен азаматтардың, заңды тұлғалардың тізімін жариялау туралы заңға қол қойған.

Осы негізде сондай ұйымдар мен азаматтардың жеке деректері мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында ашық жарияланды, бүгін.

Министрлік аталған жайтты мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдарға деген халықтың сенімін арттырады дегенімен, сарапшылар мұны азаматтық қоғамға жасалған қысым деп бағалаған.

Күні кеше Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитеті шетелден қаржы немесе қандай да бір мүлік алатын азаматтар мен ұйымдардың тізімін жариялады. Ұзын-сонар тізімде түрлі салада жұмыс істейтін 240 ұйым мен азаматтардың аты-жөні және БСН/ЖСН деректері көрсетілген.

Мәселен, бұл тізімде «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымы, «Ар. Рух. Хақ» қоғамдық қоры, CAPS Unlock (бұрынғы – Сорос-Қазақстан қоры), Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро секілді ұйымдар да, Динара Егеубаева, Айнұр Коскина секілді журналистер де бар.

Ал «Masa.media» редакциясы бұл тізімге не үшін енгендерін түсіндіруді сұрап комитетке хат жолдағанын жазды.

Аталмыш тізімнің мәні – Жаңа Қазақстанның жаңа «жапон тыңшысын» іздеу әрекеті ме, әлде шын мәніндегі ашықтық осылай болуға тиіс пе – кесімін көзі қарақты мәртебелі оқырманның өзіне қалдырдық.

Abai.kz

3 пікір